Басты экономикалық көрсеткіш ЖҰӨ



бет2/3
Дата13.11.2019
өлшемі248 Kb.
#51677
1   2   3
Байланысты:
5 тап макроэканом Мереке Жусипова
тапсырма 1 ответы, СӨЖ-2, 1СӨЖ, тест, камшат 8 опер, камшат 8 опер

Жиынтық жоспарланған шығындар (АЕ) – бұл ашық экономикада үй шаруашылықтарының, фирмалардың, үкіметтің жəне сыртқы əлем субъектілерінің тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жоспарлаған жалпы шығындары. Жоспарланған шығындар функциясы:

E = C + I + G + Xn

Нақты шығындар – бұл фирмаларға сату деңгейінде тосыннан болған өзгерістер болған жағдайда ТМҚ-ға жоспарланбаған инвестициялар салуға мəжбүрлейтін қосымша шығындар.

Жоспарланған шығындар функциясын I + G + Xn шамасына жоғары жылжыған C = a + b (Y-T) түріндегі тұтыну функциясы ретінде график арқылы сипаттауға болады. Бұл жерде талдауды жеңілдету үшін таза экспорттың көлемі Y жиынтық табыстан автономды деп алынады. Соған байланысты таза экспорт толығымен автономды шығындардың құрамына қосылады: а + I + G + Xn .



Таза экспорт функциясы:

Xn = g – m׳ Y,

мұнда, Xn – таза экспорт; g – автономды таза экспорт; m׳ – импорттауға деген шекті бейімділік; Y – табыс.



Импорттауға деген шекті бейімділік – табыстың кез келген өзгерісінде импорттық тауарларға жұмсалатын шығындар өсімінің пайыздық үлесі:

m׳ = ΔM / ΔY,

мұнда, ΔM – импорт шығындарының өзгеруі; ΔY – табыстың өзгеруі.

Жиынтық табыс өскенде импорт та артады, өйткені тұтынушылар мен инвесторлар өздерінің шығындарын отандық тауарлармен қатар, импорттық тауарларға да арттыра бастайды. Ал сол елдің экспорт шамасы жиынтық табысқа тəуелді емес, керісінше, сол елге тауарлар мен қызметтерді импорттайтын ше телдік жиынтық табыстың қарқынына байланысты өзгереді. Сондықтан, сол елдің жиынтық табысының шамасы мен таза экспорт көлемінің арасында кері тəуелділік орнайды жəне таза экспорт функциясында «минус» таңбасы қойылады.

Сонымен, экономикада барлық жиынтық жоспарланған жиынтық шығындар өндірілген өнімнің жалпы көлеміне теңес кенде макрокономикалық тепе-теңдік орнайды. Классикалық теорияға қарағанда, тепе-теңдікті зерттеудің Кейнстік үлгісі тұрақты бағалар жағдайында қарастырылады.

Бұл үлгінің қарапайым формасы кейнстік қағидаға сəйкес құрылады: жиынтық сұраныс экономикада ұлттық табыстың шамасын анықтайды:

YD = C + I + G + Xn

Жоспарланған шығындар қисығын табу үшін оның құрамындағы барлық компоненттерді қосамыз (4.6-сурет).



А нүктесінде жиынтық шығындар ұлттық табысқа тең болады. Бірінші жағдайда, егер Y1 ұлттық табыс деңгейі тепе-теңдік Y0 - ден жоғары болса, онда жиынтық шығындар өндіріс көлемінен аз болады E1 < Y1 , бұл жағдайда ТМҚ көлемі артады. Сатып алушылар тауарларды фирмалардың өндіргеніне қарағанда аз тұтынады, яғни AD < AS құбылысы орын алады. Фирмалар осыны болдырмас үшін өндіріс көлемін Y0 -ге дейін қысқартуға мəжбүр болады.

Екінші жағдайда, егер Y2 ұлттық табыс деңгейі тепе-теңдік Y0 -ден төмен болса, онда жиынтық шығындар өндіріс көлемінен көп болады E2 > Y2 , бұл жағдайда ТМҚ көлемі кемиді. Сатып алушылар тауарларды сатып алушылардың тұтынғанына қарағанда кем өндіреді, яғни AD > AS құбылысы орын алады. Сəйкесінше, фирмалар жұмысбастылық пен өндіріс көлемін Y0 -ге дейін арттыруға мүмкіндік алады.

Сонымен, «Кейнс кресі» үлгісі – бұл бағалардың икемсіздігі мен экономиканың жұмыспен толық қамтылмағандығы жағдайында игіліктер нарығында инвестициялар мен жинақтар дың, жоспарланған шығындар мен ұлттық табыстың жəне сəй кесінше, жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігін қалыптастыру арқылы тиімді сұранысқа қол жеткізуді қарастыратын кейнстік қысқа мерзімді макроэкономикалық тепетеңдік.

Кейнстік макроэкономикалық талдауда мультипликатор теориясы аса маңызды орын алады. Мультипликатор ұғымы дəлмедəл аударғанда «көбейткіш» деген мағынаны білдіреді. Мультипликатор əсерінің мəні: жиынтық сұраныстың құрамындағы кез келген автономды құрауыштың (C, I, G, Xn ) бір мəрте өсуіне байланысты экономикадағы ұлттық табыстың бірнеше есе артуы. Немесе, ойымызды басқаша өрбітетін болсақ, суға тасталған тас өзінің айналасында толқындарды туғызатындай, экономикаға «тас талған» автономды шығындар табыс пен жұмысбастылықтың өсуі түріндегі тізбекті реакция əсерін туғызады.

Мысалы, жиынтық шығындардың бір құрауышы ретінде автономды тұтынудың ұлттық табысқа əсері арқылы автономды шығындар мультипликаторын зерттеуге болады.



Автономды шығындар мультипликаторы – ұлттық табыс немесе тепе-теңдікті ЖІӨ өзгерісінің жиынтық сұраныстағы автономды шығындардың кез келген құрауышының өзгерісіне қатынасын сипаттайтын сандық коэффициент. Олай болса, бұл қатынас былай жазылады:

m = ΔY / ΔА,

мұнда, m – автономды шығындар мультипликаторы; ΔY – ұлттық табыстың өзгерісі; ΔА – ұлттық табыстың қарқынына тəуелсіз автономды шығындардың өзгерісі.

Жоғарыдағы мысалымызды жалғастырсақ, егер автономды тұтыну белгілі бір ΔСa шамасына өссе, онда бұл жиынтық шығындар мен Y ұлттық табысты сол шамаға арттырады, ал өз кезегінде, тұтынуды екінші мəрте арттырады (табыстың өсуінен), бірақ МРС • ΔСa шамасына өседі. Ары қарай жиынтық шығындар мен табыс МРС • ΔСa шамасына артады жəне тағы да солай «табыстар-шығындар» айналымының жүйесі бойынша өсе береді. Осыған орай мультипликатор əсерін мына тізбек бойынша көрсетуге болады:

ΔСa ↑ → AD ↑ → Y ↑ → C ↑ → AD ↑ → Y ↑ → C ↑ → AD ↑ → Y ↑ жəне т.с.с.

Мультипликатор көрсеткіші тұтынуға шекті бейімділікке тура тəуелділікте жəне жинақтауға шекті бейімділікке кері тəуелділікте болады:



m = 1 / 1 – MPC = 1 / MPS

Осы тəуелділік арқылы да мультипликаторлық əсерді сипаттауға болады. Айталық, өндіріске қосымша 1000 доллар инвестиция салудың нəтижесінде табыс (жалақы, рента, пайыз, рента, пайда) өсті. Табыс иелері өз қаржыларын негізгі психологиялық заңға сүйеніп жұмсайды, мəселен, табыс өсімінің 80%-ы немесе 800 доллар (1000•0,8) тұтынуға жұмсалды делік, яғни МРС 0,8-ге жəне MPS 0,2-ге тең. Нəтижесінде тауар өндіретін салаларда табыс өседі. Енді осы салалардағы табыс иелері, өз кезегінде, МРС шамасына қарай тұтынуға 80%-н немесе 640 долларын (800•0,8) жұмсайды. Бұл сома тауар сатушылардың табысына айналады, олар да тағы табысының 80%-н басқа бір нарықта жұмсайды жəне т.с.с. Нəтижесінде бұл процесс басқа да жаңа нарықтар мен экономикалық агенттерге тарай береді. Сонда бұл кезде өндіріске тартылған бастапқы инвестициядан туындаған ұлттық табыстың өсімі қанша болады? Ол үшін əр нарықтан алынған сомаларды қосу керек: 1000+800+640+...+долл. Сонда ұлттық табыстың бірнеше реттік өсімі 5000 долларға тең, яғни:

m = 1 / 1 – MPC = 1 / 1 – 0,8 = 5. Табыс өсімі мынаған тең: ΔY = ΔI • m = 1000 • 5 = 5000 доллар. Демек өндіріске салынған инвестиция ұлттық табыстың 5 есе артуына септігін тигізді, бұл жағдайда мультипликатор коэффициенті 5-ке тең.

Тұтынуға деген шекті бейімділік неғұрлым жоғары жəне сəйкесінше, жинақтауға шекті бейімділік неғұрлым төмен болған сайын, соғұрлым m коэффициентінің мəні жоғары болады.

Мультипликатор əсерін график арқылы да сипаттауға болады.

Графикке сəйкес, ұлттық табыстың бастапқы тепе-теңдік деңгейі Y0 -ге тең. Егер инвестициялық дүмпудің нəтижесінде Ia сызығы жоғары (0Ia кесіндісіне тең аралыққа дейін) көтерілсе, онда S пен Ia қисықтарының қиылысуын E1 нүктесінен көре аламыз, ал тепе-теңдік табыс көлемі Y1 -ге тең болады. Y0 Y1 кесіндісінің аралығы 0Ia кесіндісінің аралығынан артық. Бұл инвестицияның өсуімен салыстырғанда табыстың артығырақ ұлғайғанын білдіреді. Мəселен, экономикаға салынған 10 млрд. долларды құрайтын автономды инвестициялар ұлттық табысты 10 млрд.-қа емес, 50 млрд. долларға арттырды делік. Бұл жерде m=5, яғни ΔY = Δ Ia • m: 50=10•5. Мультипликатор 5-ке тең, себебі алдыңғы мысалда келтіргендей, MPS 0,2-ге тең, яғни m = 1 / MPS = 1 / 0,2 = 5. MPS-тің шамасы неғұрлым жоғарылаған сайын, S сызығы тіктеу жəне мультипликатордың мəні соғұрлым кіші болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет