Жазушы, журналист Корсунов Николай Федорович 1927 жылы 20 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы, Приурал ауданының Красноармейск қыстағында дүниеге келген. Балалық шағы мен жасөспірімдік шағы соғысқа дейін және соғыс кезінде аштықпен, қайғымен өтті. Бала кезінде Чеснаков ауылында тұрған. Соғыс кезі кішіні де үлкенді де аямайтын өте қатыгез кез. Николай Федорович 13 жасынан бастап пішен шабатын машинада, 14 жасында лобогрейкада жұмыс істеді, ал 15 жасынан бастап Январцев ауылында тракторшы болды. Бір жылдан соң бригадирдің көмекшісі болып тағайындалды. 1944 жылы әскер қатарына шақырылғанда соғыс әлі болып жатты. Бузулукта мергендер мектебінде оқып жүргенде соғыс аяқталды.
Содан соң Балтикалық флотта азаматтық борышын өтеп жүргенде «Юнга Лисицын изучил вторую специальность» атты кітабы шықты. 1952 жылы Батыс Қазақстан бойынша «Ленинская смена» атты журналда (Қазіргі атауы «Простор») «Никита» атты әңгімесі жарық көрді. 1961 жылы Алматы қаласында «Родник рождает реку» атты повесть шықты. 1963 жылы СССР Жазушылар Одағының мүшесі болып қабылданды. 1965 жылы «Где вязель сплелась» атты романы жарық көрді. Ауылдың өмірі, ауылдың адамдары, олардың өмірлері, туған жердің табиғаты, комсомолдықтар, колхоз төрағасы осылардың бәрін біз Николай Корсуновтың кітаптарынан көреміз.
1980 жылы жазушы «Высшая мера» атты романымен жұмыстанды, бұл кітап шолоховтық дәстүрлерімен ықпалы жасау астында жасалды. 1984 жылы «Без сведетелей» атты кітап шықты. Николай Корсунов көп жылдары Орал облысындағы Қазақстан Жазушылары Одағының бөлімін басқарған. Әдебиеттер: Корсунов Николай: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы:
энциклопедия.-Алматы, 2010.-320 б. Корсунов Николай: өмірдерек // Қазақстан жазушылары:
анықтамалық.-Алматы, 2009.-207 б. Корсунов Н. Шекарадағы төтенше оқиға // Орал өңірі.-1981.-15 сәуір.
Ұзақ сапар: Н. Корсунов 50 жаста // Орал өңірі.-1977.-20 желтоқсан.
Фокин Н. Қарымы кең қаламгер // Орал өңірі.-1987.-19 желтоқсан.
22 желтоқсанЖҰМАҒАЛИЕВБИСЕН
туғанына 95 жыл (1922-2015) Еңбек және соғыс ардагері Жұмағалиев Бисен 1922 жылы қазіргі Ақжайық ауданы Сайқұдық аауылында дүниеге келген.
1940 жылы педагогикалық училищені, 1951 жылы Орал педагогика институтын, 1960 жылы СОКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебін, 1964 жылы Алматы ауыл шаруашылық институтының аспирантурасын бітірген. Ауыл мектебінде мұғалім ретінде еңбек жолын бастаған ол 1942 жылы қаңтарда майданға аттанып, 13 дивизия құрамында соғысқа қатысады. Кейін Ленинград әскери-саяси училищесінде оқып, қазақ тілінде шығатын «Отанды қорғауға» атты майдандық газетте қызмет істейді.
Майданнан оралған соң Батыс Қазақстан облыстық «Екпінді құрылыс» газетінің редакторы, (1945-55) Фурманов аудандық партия комитетінің 1-хатшысы (1955-58) болды. 1960-85 жылдары Орал және Көкшетау облыстық партия комитеттерінің хатшысы. 1985 жылы зейнет демалысына шыққан соң Көкшетау қаласындағы Куйбышев атындағы мемориалдық музейдің директоры. Ұлы Отан соғысындағы қазақ, жауынгерлерінің ерліктері, Ленинград қорғаушылары туралы «Степные зари Приуралья», «Обновленная степь», «10 летие М. Шолоховым» атты кітаптар жазған.
Отан соғысы, 3 мәрте Енбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған.