Батыс Қазақстан облысы бойынша 2017 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі



бет5/9
Дата11.12.2016
өлшемі3,08 Mb.
#3670
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Әдебиеттер:

  1. Бисенғалиев С. Астана Сарыарқаның сәукелесі // Орал өңірі. - 2015. - 27 тамыз. – 10 б.

  2. Бисенғалиев С. Жадырап жеткен жаз.-Орал, 2010.-160 б.

  3. Бисенғалиев С. Жоғалтып алды Жайық бір Данасын..: өлең // Орал өңірі. - 2015. - 2 шілде. – 15 б.

  4. Бисенғалиев Сағынтай: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2010.-192 б.

  5. Бисенғалиев Сағынтай: өмірдерек // Айтыстың аясында ару Жайық: облыстық ақындар айтысына 40 жыл.-Орал, 1998.-30 б.

  6. Ергенұлы Б. Ақындық тағдыр иесі: ақын Сағынтай Бисенғалиев туралы // Қазақ әдебиеті. -2011.-28 қаңтар.

  7. Ілияс З. Ақын автоарғымақ мінген күн: Ақжайық ауданының орталығы Чапаев ауылында ақын Сағынтай

  8. Бисенғалиевтың 55 жасқа толуына орай шығармашылық кеш өтті // Орал өңірі. - 2012. - 19 мамыр. – 5 б.

  9. Халиолла Б. Күрең күзде келген "Жаз" немесе Сағынтай шайырдың жырнамасы хақында аз сөз: ақын Сағынтай

10.Бисенғалиевтың "Жадырап жеткен жаз" кітабы // Айна. – 2010. –

7 қазан. - Б.5.
15 мамыр ДОСПАНОВА ХИУАЗ

туғанына 95 жыл (1922-2008)



Әскери ұшқыш, «Халық қаһарманы» - Хиуаз Доспанова Атырау облысының Теңіз ауданында 1922 жылы 15 мамырда дүниеге келген. 1940 жылы Орал қаласындағы №1 орта мектепті «Алтын» медальмен бітірген ол, аттестатқа қоса жергілікті аэроклубтың запастағы ұшқышы куәлігін алды. Мәскеудің медициналық институтының 2-ші курсынан өз еркімен майданға аттанды. Жасынан ұшқыш болуды армандаған қазақ қызы Хиуаз Доспанова Мәскеуден Қиыр Шығысқа қонбай ұшқан Марина Расковаға еліктеп, ұшқыш болуға біржола бел байлайды. Атақты М. Раскованың ұсынысымен Саратов әскери-әуе училищесіне оқуға түсіп, әскери штурман мамандығы бойынша бітірген. 1942 жылдың көктемінде авиациялық түнгі шабуылшы әйелдер полкінің құрамында майданға аттанады. Аталмыш полктың қыздары Солтүстік Кавказ, Қырым, Украина, Польша, Германия аспандарында жаумен шайқасты. Ержүрек ұшқыш қыз 300 мәрте әуе соғыстарына қатысып, жаудың көптеген техникасы мен адам күштерін жойды.

Майдандас достарының арасында «Мересьев» атанған Хиуаз өз полкімен бірге Қырымды, Беларуссияны, Варшаваны азат етіп, Берлинге дейін барып майдандағы ерлігі үшін, ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені мен Қызыл Жұлдыз ордені және «Кавказды азат еткені үшін» медалімен наградталған еді. Гвардия аға лейтенанты әскери атағы берілді.

Қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш ұшқыш Хиуаз Доспанованың соғыстан соңғы өмір жолы да еліміздің тарихи дамуымен тығыз байланысты болды. Майданнан оралған соң 1945-1946 жылдары Хиуаз Батыс Қазақстан облыстық партия комитетінің нұсқаушысы болып еңбек етеді.

Хиуаз Доспанова 1948 жылы Қазақстан Орталық Комитетінің жанындағы партия мектебін бітіреді. Қазақстан Комсомолының ІV сьезі Хиуаз Доспанованы Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитенің хатшылығына сайлайды. Содан кейін Қазақстан Жоғары Кеңесі Президиумының хатшысы, Алматы қалалық партия комитетінің ІІ хатшысы, қызметтерін атқарады.

Соғыс салған зардаптарының әсерінен Хиуаз Доспанова 37 жасында 1959 жылы зейнет демалысына шығуға мәжбүр болады. Майдангер ананың «Халқым үшін», «Под командованием Расковой» атты кітаптары жарық көреді. 2008 жылдың 20 мамырында қайтыс болды.
Әдебиеттер:

  1. Ахметова Ғ. Отан үшін от кешкен – ару қыздар //Мектептегі мерекелер.-2014.-№5.-5-7 б.

  2. Бақтығали А. Отты жылдар шежіресі//Самал.-2015.-13қаңтар.-8 б.

  3. Батырханов А. Жәнібектен қанаттанған қыран қыз: Қанатты қыз атанған Х. Доспанова туралы //Шұғыла.–2014.-4 сәуір.-5 б.

  4. Батырханов А. Жәнібектен ұшқан жеңімпаз // Орал өңірі.-2014.-6 мамыр.-10 б.

  5. Боранғалиева А. Халқының қаһарман қызы – Хиуаз Доспанова // Қазақстан тарихы.-2014.-№5.-13-18 б.

  6. Жолды Н. Соғыс салған жара // Самал.-2015.-13 қаңтар.-8 б.

  7. Құсайынов А. Жеңісті жақындатқандар: Ұлы Отан Соғыс кезіндегі жерлес майдангерлер және ержүрек батырлар Х. Доспанова, М. Маметованың есімдері мәңгілік// Шұғыла.-2014.-9 мамыр.-5 б.

  8. Халық қаһарманы Х. Доспанова туралы тың дерек табылды // Сақшы.-2014.-6 наурыз.-2 б.

1 маусым БІРІМЖАРОВ БАҚТЫҒҰЛ

туғанына 70 жыл (1947-2009)
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі Бірімжаров Бақтығұл Қабдырұлы 1947 жылдың 1 маусымында Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Мәншүк Мәметова атындағы Сайқын орта мектебін тәмамдағаннан кейін еңбек жолын сол мектепте бір жылдай мұғалім болып бастаған. 1967-1972 жылдар аралығында Алматы қаласындағы С. Киров атындағы ҚазМУ-дың тарих факультетінде оқып, үздік дипломмен бітірген.

1972 жылдан бастап А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының жалпы тарих кафедрасына оқытушылық қызметке орналасқан Бақтығұл Қабдырұлы өзінің терең білімділігі мен ұйымдастырушылық шеберлігінің арқасында аға оқытушы, доцент, профессор атақтарын иемденіп, тарих факультетінің деканы, КСРО, Қазақстан Республикасы тарихы кафедраларының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

1992-1993 жылдары Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан мәдениет және өнер институтының деканы, 2001-2002 жылдары Орал еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасының меңгерушісі, ғылыми істер жөніндегі проректоры болды.

Бақтығұл Қабдырұлы ғылым жолында да үлкен жетістіктерге жетті. 1976-1979 жылдары Қазақстан Ғылым академиясы Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының аспирантурасында оқып, профессор К. Нұрпейісовтің ғылыми жетекшілігімен кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. 1997 жылы өндірістен қол үзбей докторлық диссертациясын қорғады. Өзі де шәкірттер тәрбиелеп, ғылым кандидаттарының шығуына жол ашты.

2007-2008 жылдары М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жанындағы Отан тарихы (ҚР тарихы) мамандығы бойынша біріккен докторлық диссертациялық кеңестің төрағасы қызметін атқарды.

2009 жылдың 13 маусымында дүниеден озды.

Әдебиеттер:

  1. Байболсынова А. Ғалымның хаты өлмейді... // Орал өңірі.-2013.-14 наурыз.-16 б.

  2. Бақтығұл Қабдырұлы Бірімжаров: қазанама // Орал өңірі.-2009.-16 маусым.-6 б.

  3. Бірімжаров Б. Нарында туған нар тұлға // Орал өңірі.- 2000.-19 ақпан.

  4. Бірімжаров Б. «Хан Жәңгірдің екпіні...» // Алтын Орда.-2005.-8 шілде.

  5. Исағалиев Қ. «Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы

1946-2000 жылдарда»: ғалым, тарихшы Б.Бірімжаровтың жаңа кітабы жарық көрді // Орал өңірі.-2005.-28 мамыр.

  1. Тайрова Л. Танымал тарихшы-мақтанышымыз // Орал

өңірі.-2007.-2 тамыз.

  1. Ықсанғали С. Парасат иесі // Орал өңірі.-2006.-5 қазан.


19 маусым ҚҰСАЙЫН ТЕМІР

туғанына 60 жыл (1957)




Журналист, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі Темір Құсайын 1957 жылдың 19 маусымында Қазталов ауданының Қараоба ауылында дүниеге келген.

1983 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Одан кейін Қазталов, Камен аудандық газеттерінде облыстық телевизия және радио комитетінде қызмет жасады.

1987-1993 жылдары Темір Құсайын «Орал өңірі» газетінде тілші, қоғамдық-саяси бөлімінің бөлім меңгерушісі болып қызмет істеді.

1993 жылдың 1 қыркүйегінен республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің облыстағы меншікті тілшісі. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері. Темір Құсайын 2005 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2012 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.
Әдебиеттер:

  1. Ашықбаев Е. Елу жас // Қазақ әдебиеті.-2008.-18 сәуір.

  2. Әріптеске – награда: Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі Темір Құсайын «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталады // Орал өңірі.-2005.-22 желтоқсан.-1 б.

  3. Бас басылым өкілін қабылдады //Орал өңірі.-2008.-15 сәуір.

  4. Қыстаубаев Е. Темірден темкеңе дейін // Орал өңірі.- 2007.-

26 маусым.

  1. Тәж-Мұрат М. Жалғыз-ақ балуан өнері // Егемен Қазақстан.-2007.-26 маусым.

  2. Ықсанғали С. Журналистиканың өз өкілі // Орал өңірі.-2012.-21 маусым.-8-9 б.


23 шілде СИСЕНҒАЛИЕВ ЗӘКӘРИЯ

туғанына 60 жыл (1957)
Ақын, журналист Сисенғалиев Зәкәрия Жүсіпқалиұлы 1957 жылы 23 шілдеде Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Мұқыр ауылында дүниеге келген. 1974 жылы Мәстексай ауылындағы С.Меңдешов атындағы орта мектепті бітірген. А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын, Алматы саясаттану және басқару институтын бітірген. 1975-1977 жылдары әскери міндетін өтеген.

1977-1989 жылдары аудандық «Жаңарған өңір» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарды. 1989-1991 жылдары Алматы саясаттану және басқару институтының тыңдаушысы. 1991-1992 жылдары Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газетінің Жаңақала, Жәнібек, Қазталов, Орда аудандары бойьшша меншікті тілшісі, 1993 жылға дейін аудандық «Жаңарған өңір» газетінің редакторы болды.

1993-2001 жылдары Жаңақала ауданы әкімі аппараты ішкі саясат және әлеуметтік сала,ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімдерінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2001 жылдан аудан әкімінің орынбасары болды.

Зәкәрия Сисенғалидың «Көктем» атты тұңғыш өлеңі 1972 жылы аудандық «Жаңарған өңір» газетінде жарияланды. Осыдан бастап өлеңдері мен рецензиялары, очерктері республикалық «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан мұғалімі», «Лениншіл жас» (Жас алаш) газеттері мен «Жұлдыз», «Жалын», «Ақ желкен», «Мәдениет және тұрмыс» журналдарында, облыстық, аудандық басылымдарда жиі жарияланып келеді.

Зәкәрия Сисенғалидың 2001 жылы «Жазушы» баспасынан «Әнім сенсің, Жаңақала», 2003 жылы «Дастан» баспасынан «Ақ Жайық - ару мекенім» атты өлеңдер жинағы шықты. Жиырмаға жуық әр түрлі жинақтарға шығармалары енген. Ол отыздан астам ән мәтіндерінің авторы. Көрнекті композиторлар Ә.Бейсеуов, Б.Жұманиязов, С.Лұқпанов, Т. Шәмелов, Д.Қажымов тағы басқа ақынның өлеңдеріне ән жазған. Әсіресе, Қазақстанның халық артистері Ә.Бейсеуов пен Т.Шәмеловтің әндеріне жазылған «Жаңақала - гүл қала», «Әнім сенсің, Жаңақала», Д.Қажымов әнге айналдырған «Ақ Жайық - ару мекенім» өлеңдері туған өлкесінің әнұранына айналды.

Зәкәрия Сисенғали Қазақстан журналистер одағының мүшесі. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы мерекелік медалімен, көптеген грамоталармен марапатталған.
Әдебиеттер:

  1. Әйпішев Е. Жетістіктері көз алдымда // Ақ Жайық ақиқаты.-2012.-16 қараша.-4 б.

  2. Әйпішев Е.Өлеңмен өрілген өмір//Орал өңірі.-2012.-21шілде.-9 б.

  3. Бектұрсынова М. Жан әлемін ақтарды ақын // Жаңарған өңір.-2012.-28 шілде.-1 б.

  4. Қыстаубаев Е. Закарияның қос кітабы // Орал өңірі.- 2015.-17 қазан.-16 б.

  5. Шахин А. Өлеңін саз тербеген // Ақ Жайық ақиқаты.-2012.-16 қараша.-4 б.

  6. Шүйіншәлиева М. Жер жәннаты Жаңақаладан жеткен жыр // Жайық үні.-2012.-16 тамыз.-12 б.


19 тамыз ЕРЖАНОВ МАХАМБЕТ

туғанына 70 жыл (1947)




Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ержанов Махамбет Ержанұлы 1947 жылы Казталов ауданының Бостандық ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Орал музыка училищесін, кейін Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. Өзінің еңбек жолын Жымпиты музыка мектебінде оқытушы болып бастап, кейін оның директоры болды. Әкімшілік, шығармашылық, педагогикалық қызметті шебер ұштастырып, іскерлігімен кеңінен танылған жас маман жаңадан ашылған Орал мәдени-ағарту училищесінің директоры болып тағайындалды. Бұл қызметте алты жыл істеді. Содан соң облыстық филармонияға басшылық етуге жіберілді. Бұл жылдарда одақтық және республикалық концерт ұжымдарымен тығыз шығармашылық байланыс орнатуға қол жетті.

1988 жылы мәдени-ағарту училищесіне директор болып қайтып оралған соң, Орал өңірінде өнер мен мәдениет мамандарын даярлайтын жоғары оқу орнын ашу жөніндегі арманын іске асыруға бар күш-жігерін сала кірісті. Махамбет Ержанұлының осы еңбегіне орай, 1991 жылы мәдени-ағарту училищесінің базасында Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтының филиалы ашылып, Махамбет Ержанұлы осы филиалдың директоры болып тағайындалды. Көп кешікпей, бұл филиалға дербес оқу орны статусы беріліп, Махамбет Ержанұлы Дәулеткерей атындағы аймақтық мәдениет институтының ректоры болып тағайындалды. Ол педагогикалық қызметтен қол үзбей жүріп, Мәскеу мемлекеттік мәдениет институтының аспирантурасын сырттай бітіреді. Кандидаттық диссертация қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты атағын алады.

1993 жылы республикалық жоғары аттестациялық комиссия Махамбет Ержанұлына доцент ғылыми атағын береді.

20-ға жуық ғылыми еңбектің авторы. Оның монографиясы, жоғары оқу орындарының студенттері үшін оқулығы және оқу-әдістемелік құралдары жарық көрді.

Махамбет Ержанұлы 2000 жылдың 20 шілдесінен Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы музыкалық колледжінің директоры болып тағайындалды.

2001 жылы еңбегі үшін Махамбет Ержанұлы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

Әдебиеттер:

  1. Ғабдушева Т. Шәкірттері – саз орданың мақтанышы // Жайық үні.-2010.-28 қазан.-6 б.

  2. Ержанов М. Саз ордасы // Жайық үні.-2005.-21 наурыз.

  3. Ержанов М. Тереңнен тартқан тамырын // Орал өңірі.-2005.-26 наурыз.

  4. Маемиров А. Өнер – білімді тең ұстаған // Орал өңірі.-2007.-20 қыркүйек.

16 қыркүйек ЖҰМАҒАЛИЕВ ҚАЙРАТ

туғанына 80 жыл (1937-2013)
Ақын Қайрат Жұмағалиев 1937 жылы 16 қыркүйекте Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылдық округіне қарасты Жиекқұм елді мекенінің Бесқұдық деген жерінде дүниеге келген.

Қаршадайынан қиындық көріп, ажалдың аузынан аман қалған Қайрат Жұмағалиев 1952 жылы Орда ауданы таратылып, жері полигонға берілген кезде анасы Жаңылғаным Өкенқызымен, басқа да ауыл тұрғындарымен бірге Оңтүстік Қазақстан облысына көшірілді. Жол азабын көріп, күннің аптап ыстығынан талай адамынан айырылған, сөздің тура мағынасындағы, босқындарға бұрын-соңды өздеріне беймәлім жақта өмір сүру оңай болған жоқ. Бірақ ақын анасының арқасында қиындықтан қаймықпады, ел қатарлы білім алды.

1959 жылы ҚазМУ-дың филология факультетін бітіргеннен кейін Алматы қаласындағы «Жазушы» баспасында еңбек етіп, бас редактордың орынбасарына дейін көтерілді. 1985-1992 жылдары Қазақ республикалық теледидарында аға редактор, бас редактор, 1993-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының аударма-редакциялық бөлімінде сектор меңгерушісі, кеңесші болды, «Сарыарқа» журналында да еңбек етті.

Оның қаламынан «Тұңғыш», «Жанар», «Айнамкөз», «Сақара», «Шапағат», «Сәске», «Құбажон» сынды жыр жинақтары қалың оқырманға жол тартты. Ақын сондай-ақ балаларға арналған өлеңдер жазып, әлем жауһарларын қазақ тіліне аудару ісімен де етене айналысты. Өзінің көптеген шығармалары шетел тілдерінде жарияланды.

Белорусь Республикасының Құрмет грамотасымен, КСРО-ның медальдарымен, КСРО және Қазақстан жазушылар Одағының грамоталарымен марапатталған.

2012 жылы ақынның «Жарық дүние» атты өлеңдер жинағы жарық көрді.

Қайрат Жұмағалиев 2013 жылы желтоқсан айында дүниеден озды.
Әдебиеттер:

  1. Дәукенова Г. Халқы ардақ тұтқан ақын // Орал өңірі. –2015. - 26 қыркүйек. – 6 б.

  2. Әлімбаев М. Қайраттың қалам қайраты // Қазақ әдебиеті.-2009.-

6 ақпан.-8 б.

  1. Мамыров А. Балалар әдебиетінің бағбаны еді // Жайық үні. - 2014. - 25 желтоқсан. – 8 б.

  2. Нұрғали Р. Қазақтың Қайрат ақыны.//Астана.-2008.-№5.-6-37 б.

  3. Оразай Т. Кешегі шауып жүрген далағайлап, жетпістен асып кетті бала Қайрат // Қазақ әдебиеті.-2008.-3 қазан.-12 б.

  4. Оспан С. Қайрат ақын // Әдебиет айдыны.-2008.-10 қаңтар.-7 б.

  5. Сүйінбай Т. Қазақ өлеңінің Қайраты: тағзым // Егемен Қазақстан. - 2015. - 19 қыркүйек. – 10 б.

  6. Шүйіншәлиева М. "Мәңгілік жыр" иесі – жұртының жадында... // Жайық үні. - 2014. - 11 желтоқсан. - 6-7 б.


21 қыркүйек ЖҮНІСОВ МӘЖИТ

туғанына 100 жыл (1917-1945)




Кеңес Одағының Батыры Мәжит Жүнісов 1917 жылғы қыркүйектің 21-інде Жаңақала ауданының Жаңақазан ауы­лында шопан отбасында дүниеге келген. Жасынан мал баққан ол Кеңес Армиясы қата­­рына 1938 жылы шақы­ры­лып, Ұлы Отан соғы­сына 1942 жыл­дан бастап араласты. Кешік­­пей алғаш­қы "Жауынгерлік еңбегі үшін" медалін кеудесіне тақты.

1943 жылдың қыркүйек айындағы түндердің бірінде Мәжит Жүні­сов бастаған сарбаздар жау тылына жасырын еніп, неміс полкінің штабына граната тастап, 25-тен аса фашистің көзін жойды. Азық-түлік артқан ке­руені мен күзетшілерін тұтқынға ал­ды. Тапсырманы ойдағыдай орын­даған Мәжит Жүнісов ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен наградталды.

Топчино селосы үшін болған ұрыста Мәжит Жүнісов бөлімшесінің жа­уын­герлері жаудың пулемет ұясын, 30 солдаты мен офицерін жойып жіберді, әскери жүк және радиостансалар тиелген 15 шанасын қолға түсірді. Осы операциядан кейін Мәжит Жүнісовке «Ерлігі үшін» медалі тап­сырылды.

Мәжиттің жауынгер­лік шеберлігі күн сайын шыңдала түсті. 1943 жыл­дың қара күзінде 845-ат­қыштар полкі (303-атқыштар диви­­зиясы, 57-армия, Далалық май­дан) автоматшылар ротасының стар­ши­насы Мәжит Жүнісов бастаған топ Червонное селосының маңында (Днепропетровск облысы) Днепрден сал арқылы түн жамылып, арғы бетке өтті. Жау тылына жасырын еніп, тұтқиылдан тиіскен топ аз-кем атыстан соң жаудың екі взводының көзін құртып, ротаның арғы бетке аман-есен өтуіне жол ашты. Жауынгерлік тапсырманы орындауда көрсеткен жанқиярлық ерлігі үшін Мәжит Жүнісовке 1943 жылғы желтоқсанның 20-сында Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Қазақтың қаһарман сарбазы Чехослова­кия астанасы - Праганы азат ету үшін болған шайқастардың бірінде ерлік­пен қаза тапты. Ольшанскідегі кеңес жауынгерлерінің бауырлас­тар бейітіне жерленді. Батысқазақстандық батырдың есімі мәрмәр тасқа ойып жазылды. Ал туған жері Жаңақазан ауылында мүсіні орнатылып, мектепке аты берілсе, Орал қаласындағы бір көше де Мәжит Жүнісов есімімен аталады.

Алыстағы Жаңақазанда өмір есігін ашып, Прагада жер қойнына Батыр болып енген Мәжит Жүнісовтің есімі ұмытылмақ емес.
Әдебиеттер:

  1. Ақбасов Ө. Құмның қайсар қазағы: Кеңес Одағының Батыры Мәжит Жүнісов // Орал өңірі.-2010.-27 мамыр.-5 б.

  2. Алдоңғарова И. Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұлағат!: Кеңес Одағының Батыры Мәжит Жүнісовтің туғанына 95 жыл // Жастар жанары.-2012.-26 қыркүйек.-8 б.

  3. Әміреев М. Бір ескерткіштің тарихы: Мәжит Жүнісов туралы дерек // Жаңарған өңір.-2010.-22 наурыз.-2 б.

  4. Бақтығұлова Г. Батырды ұлықтады: М. Жүнісовтың туғанына 95 жыл толуына орай //Жаңарған өңір.-2012 жыл.-22 қыркүйек.-2 б.

  5. Рысқалиев Т. Намыс пен қайраттан жаралған жан // Ора өңірі.-2015.-25 маусым.-14 б.


2 қазан МӘМЕТОВА МӘНШҮК

туғанына 95 жыл (1922-1943)



Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова 1922 жылы Орал облысы Орда ауданы Жасқұс ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап алған. Үлкен қара көзі, пысықтығы, ширақтығы үшін олар баланы еркелетіп «Моншағым» деп атады. Өзінен атын сұрағанда, бала «Мәншүк» деп жауап берген. Солай аты Мәншүк боп қала берді. 1937 жылдың қуғын-сүргініне Мәметовтер әулеті де ұшырады.  Ғылыми – зерттеу институтының директоры Ахмет Мәметов  қамауға алынды. Ол кісінің әйеліне айтқан соңғы сөзі: «Менің Мәншүгімді ренжітпе, аман сақта». Кейіннен Ахмет Мәметовті ақтады, бірақ олардың отбасы қудаланып, «халық жауы» аталды. Есейген Мәншүк әкесінен бас тартпады, оны сатпады. Ол әкесінің қамалуын қате деп санады. Мектепті бітіргеннен соң Мәншүк медицина институтына оқуға түсті.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады. Өтінішінде: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», - деп жазған. 1939 жылдан бері комсомолмын. 1941 жылдың 7-ші тамызы».

Бір жыл бойы Мәншүк әскери комиссариаттан өзін әскерге жіберу туралы өтінді. 1942 жылдың 13-ші тамызында Алматыдан 100-ші атқыштар бригадасы майданға аттанды. Оның құрамында 4890 жауыңгер, оның ішінде 2 қазақ қызы – дәрігер Мәриям Сарлыбаева және Мәншүк Мәметова болған екен. Бригаданы ұлы дана ақын Жамбыл өлеңімен шығарып салыпты.

Әскердің қиындығын Мәншүк ерлермен қатар көрді - жер жорғалап, судан жүзіп, қалың ну ормандардан өтті, пулемет атып үйренді. 21-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының ең жақсы пулемет атқышы атағына ие болды. Ол ержүректің үлгісі болды, оны дивизия жауыңгерлері мақтан тұтты. 1943 жылдың 15-ші қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде өте қатал соғыс болды. Мәншүк өзінің әскери бөлімінің шабуылын пулемет отымен қолдады. Мәншүктің басына оқ тиді. Соңғы күшін жинап, Мәншүк пулеметін ашық жерге алып шығып, жолдастарына жолды тазалап, фашистердің тікелей бетіне атқан. Өлі Мәншүк пулеметтің саптарын қолына тастай қатты қысып алған. Сол қан майданда Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты.

Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 1-ші наурызында неміс басқыншыларымен соғысу майданындағы қолбасшының әскери тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны, көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк Мәметоваға  Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Әдебиеттер:

  1. Құрмашева А. Мәншүк ерлігі – ел жадында // Жайық үні.-

2013.-3 қазан.

  1. Наушекенов Д. Өшпес ерлік // Орал өңірі.-2013.-12 қазан.-6 б.

  2. Сембіұлы Қ. Қазақтың қайсар қызы // Әділет.-2013.-№9.-3 б.

  3. Мәншүк батырдың бауыры Мұрат аға шерткен сыр //Орда жұлдызы.-2014.-26 шілде.-2-3 б.

  4. Орнатқан дұшпанына заманақыр: М. Мәметованың туғанына 90 жыл // Орда жұлдызы.-2014.-19 қазан.-2 б.

  5. Сәдірқызы, Г. Мәншүк Мәметова// Егемен Қазақстан.-2014.- №70.-5 б.


6 қазан ГРИНЬКО ИВАН

туғанына 95 жыл (1922-1989)



Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, ұшқыш, полк командирі, Иван Устинович Гринько 1922 жылы 6 қазанда Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданының Кузнецовское ауылында дүниеге келген.

1942 жылы Орынбор әскери әуе училищесін бітірген. 1942 жылдың қарашасынан 2 – Прибалтика майданының 15 – әуе армиясы, 214-штурмдық авиация дивизиясы, 190-штурмдық авиаполктің құрамында болған, Ұлы Отан соғысына қатысты. 1944 жылдың тамызына қарай капитан Иван Гринько 129 рет әуе сапарына шығып, жаудың әскери техникасы мен әскерін жойған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Иван Гринькоға 1944 жылдың 26 қазанында Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

1946 жылы запасқа шықты. Кеңес әскері қатарына 1952 жылы қайта шақырылған. 1960 жылы запасқа шығып, Орал қаласында тұрды.

Иван Гринько - Ленин, 3 Қызыл Ту, 3-дәрежелі Кутузов, Александр Невский, 2 рет l-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталған.

1989 жылы 14 қыркүйекте қайтыс болып, Орал қаласында жерленді.
Әдебиеттер:

  1. Гринько Иван: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы: Арыс, 2010.-218 б.

  2. Гринько Иван: өмірдерек // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары.-Алматы: Өнер, 2010.-68-69 б.

  3. Гринько Иван: өмірдерек // Жеңімпаздар-Победители.- Орал, 2010.-15 б.

25 қазан ТАЙМАНОВ АСАН

туғанына 100 жыл (1917-1990)
  Ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Тайманов Асан Дабысұлы 1917 жылдың 25 қазанда Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (қазіргі Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті), В. Ленин атындағы Мәскеу педагогикалық институтының аспирантурасын бітірген.

1936-1938 жылдары - Орал педагогикалық институты кафедрасының ассистенті. 1938-1941, 1945-1947 жылдары - Мәскеу педагогикалық институтының аспиранты. 1947-1954 жылдары - Қызылорда педагогикалық институтының оқытушысы, кафедра меңгерушісі. 1954-1956 жылдары Шуя институтының доценті. 1956-1960 - жылдары Иваново тоқыма институтының доценті. 1960-1968 жылдары - КСРО Ғылым академиясының Сібір бөлімшесі Математика институтының аға ғылыми қызметкері, Новосібір мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі. 1968-1970 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясы физика-математика бөлімшесінің академик хатшысы. 1970-1971 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясы Математика және механика институтының директоры. 1971-1990 жылдары КСРО Ғылым академиясының Математика институтының аға ғылыми қызметкері қызметтерін атқарған.

Ғалымның негізгі еңбектері теориялық жиынтық топологиясына, үздіксіз бейнелеудің таралуына, борель жиынтығына, модельдер теориясына, эвклид кеңістігі элементтер теориясын зерттеуге, математикалық логикаға арналған.

Тайманов Асан Дабысұлы Қазақстанда математикалық логика ғылымының дамуына сүбелі үлес қосқан. Ол оқытушылар мен студентерге арнап математикадан ғылыми семинарлар ұйымдастырып, математикалық конкурстар мен кештерді өткізуді енгізген. 1951 жылы тұңғыш рет республикада ғалымның ұсынысымен  оқушылардың қалалық және облыстық математикалық олимпиадалары ұйымдастырылған.

КСРО Оқу ағарту министрлігі жанындағы Ғылыми-әдістемелік кеңесі Президиумының мүшесі және көптеген ғылыми кеңестердің мүшесі болып сайланып, математикалық логикадан Бүкілодақтық конференцияның ұйымдастыру комитетінің мүшесі болған.

Асан Дабысұлы Тайманов Кеңес Одағы мен Қазақстан атынан Ниццада математика, Ганновердегі логика, әдістемелік және философия ғылымдары бойынша өткен Халықаралық конгресске, модельдер теориясы жөніндегі көптеген Халықаралық конференцияларға қатысқан. 1973-1984 жылдары үш дүркін шетел университеттеріне барып, математикадан дәрістер оқыған. Ғалымның 50-ден астам ғылыми еңбегі жарық көрген.

Асан Дабысұлы І дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, көптеген медальдармен және КСРО Оқу ағарту министрлігінің «КСРО оқу ағарту ісінің үздігі» құрметті белгісімен марапатталған.

Батыс Қазақстан облысында Асан Тайманов атындағы облыстық техникалық олимпиада өткізіліп келеді. Орал қаласындағы бір көшеге академиктің есімі берілген.
Әдебиеттер:

  1. Академикті еске алды // Орал өңірі.-2007.-24 сәуір.

  2. Академиктің атындағы дәрісхана // Орал өңірі.-2005.-25 маусым.

  3. Техникалық олимпиада өтті: Оралда академик Асан Тайманов атындағы облыстық техникалық олимпиада өтті // Орал өңірі. - 2007. - 12 мамыр. – 1 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет