туғанына 100 жыл (1917-1974) Кенжалы Айманов 1917 жылы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Жәнібек деген ауылында дүниеге келген. Әкесі бай адам болғанымен, қуғын-сүргінге ұшырап, Кенжалы төрт жасында жетім қалып, әкесінің інісінің қолында өсіпті. Кейіннен әкесінің інісі Алматыға көшіп келгенде Кенжалы да бірге келеді, темір жолда жұмыс істеп жүріп оқиды, ер жетеді. Мектепті бітіргеннен кейін 1933 жылы сол кездегі ҚазПИ-дің физика-математика факультетіне түсіп, 1937 жылы үздік бітіріп шығады. Институт бітіргеннен кейін Қазалыға жұмыс істеуге кетеді. Екі жылдан кейін, 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, одан ары соғысқа алынып, Брест қамалынан бір-ақ шығады…
Сталинград шайқасында жарақат алып, Волга өзенінде ағып бара жатқан жерінде ағаш бұтағынан ұстап қалып, жағаға шығып есінен танып құлайды. Содан кейін де әскерде жеті жыл жүреді. Оның үш жылында әскер сапындағы сарбаз болса, төрт жылын тікелей майдан даласында өткізеді. Соғыста зеңбірекшілер жасағында старшина болған екен. Өзі жоғары қолбасшының қолынан алған «Сталинградты қорғағаны үшін» медалімен ерекше мақтанатын көрінеді. Өз заманының жанкешті ұланының соғыстағы ғұмыры осымен аяқталады. Сөйтіп 1945 жылы Алматыға келеді…
Соғыстан кейінгі өмірін Кенжалы Айманов ұстаздыққа арнапты. Партияның қалалық комитетінің тапсырмасымен Алматы қалалық комсомол комитетін басқарған кезі де болыпты. Бірақ, табиғатынан табанды Кенжалының бір бүйрегі мұғалімдікке бұрады да тұрады. Сондықтан басшылықтан өзін физика пәнінің мұғалімі етіп жіберуді сұрайды. 1947 жылдан 1952 жылға дейін Алматыдағы №18 мектепте физика пәнінің мұғалімі әрі мектеп директоры болып қызмет істейді.
Сол жылдары Аймановтың тынысы ашылып сала береді. Педагогикалық таланты оянып, мұғалім мамандығының қыр-сырын меңгереді. Білім саласына мүлдем басқаша леп әкеледі. Осындай қасиеттері ескеріліп, 1952 жылы ҚазПИ-дің физика-математика факультетіне сабақ беруге шақыртылады. Ұстаздық өмірдің бұл да бір биік белесі екенінде сөз жоқ.
Айманов ұстаздығымен бірге, ғалым ретінде де белгілі болған адам. Өзі физик-методист, физикадан сабақ беру методикасы, педагогика тарихы тақырыптарына жасаған зерттеу жұмыстарының авторы. 1950-60 жылдары мектептердегі білімді техникалық салаға бұру талабы қойылады. Соны бірінші болып іске асырған Кенжалы Айманов бұл салаға көп өзгеріс енгізеді. Институтта жүріп «Өндіріс негіздері және физикадан сабақ беру методикасы» кафедрасының негізін салып, өзі сол кафедраға жетекшілік жасайды. Еңбегі бағаланып, кафедра меңгерушісі болып жүрген жерінен 1963 жылы бірден Қазақ КСР Оқу министрі болып шыға келеді.
Кенжалы Айманов министр болып тұрған тұста О.Жәутіков атындағы физика-математика мектеп-интернатының негізін салып, Пионерлер сарайының жанындағы оқушылардың кіші ғылым академиясын ашып беріпті. Оқушылар мен студенттер арасындағы республикалық пәндер бойынша олимпиаданы да алғаш осы Кенжалы Айманов ұйымдастырыпты. 1969 жылы Алматыда тұңғыш рет физикадан бүкілодақтық олимпиада өткізіп, өзі қазылар алқасына төрағалық етіпті. Ғылыми-практикалық конференциялар мен симпозиумдардың, семинарлардың талайы Аймановтың бастамасымен өтіп жатыпты сол кезде. Осындай тынымсыз еңбегінің арқасында 1971 жылы КСРО Педагогика Ғылымдары Академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланыпты.
«1960 жылдардағы оқу жүйесіне енген өзгерістерге Кенжалының тікелей қатысы болды. Ол кезде реформаны жекелеген адамдар жасамайтын. Партияның атынан іске асыратын. Сондықтан жұмыс тиянақты атқарылатын. Бұның жасаған реформасы сол кездің талабына сәйкес болды. 1967 жылы КСРО Педагогикалық ғылымдар академиясы дейтін академия құрылды.
Кенжалы Айманов министрліктегі жұмыстарды былай қойғанда, қоғамдық жұмыстарға да көп араласқан. Бірнеше мәрте сол кездегі Абай атындағы ҚазПИ-дің партия комитетінің хатшысы болып сайланған, сосын партияның аудандық комитетінде бюро мүшесі, одан кейін қалалық және аудандық кеңестің депутаты, Жоғарғы кеңестің 7-8 шақырылымдарындағы депутаты болған. Делегацияны бастап Алжирге, Вьетнамға, Жапонияға, Моңғолияға барып қайтқан.
Кенжалы Айманов Ленин орденімен, екі рет Еңбек Қызыл ту орденімен, тағы да басқа медальдармен марапатталған.
Әдебиеттер: Айманов Кенжәлі: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы:
энциклопедия.-Алматы, 2010.-105 б. Ғұсманов Қ. Бөрліден шыққан министр // Орал өңірі.-2001.-17 қазан.
Мұратқызы Б. Білім министрі Кенжалы Аймановты неге тез ұмыттық? // Ақ желкен.-2015.-№8.-15-19 б.
14 қаңтарӘЗЕРБАЕВЕСЕТ
туғанына 75 жыл (1942) Ғалым-маман, экономика ғылымының докторы, ҚР Жаратылыстану ҒА-ның корреспондент мүшесі Есет Роватұлы Әзербаев 1942 жылдың 14 қаңтарында Башқортостанның Федоров ауданы, Раевка ауылында дүниеге келген.
1964 жылы Уфа мұнай институтын бітірген соң «Бұқара-Орал» газ құбыры тас жолындағы Домбаров компрессор станциясында (1965–1968) жұмыс істеген. 1968-1974 жылдары «Орта Азия-Орталық» магистральды газ құбыры Мақат ауданы басқармасында жауапты қызметтер атқарды.
1974-1981 жылы салынып жатқан «Орынбор–Батыс шекара» газ құбыры Орал дирекциясында Закаспийсктрансгаз» өндірістік бірлестігінде, 1981–1987 жылы «Саратовтрансгаз» өндірістік бірлестігінің бас директоры, 1987-1989 жылы арнайы іссапармен Ливияда жұмыс істеді. 1987 жылы КСРО Газ өнеркәсібі министрлігінің үздігі атанды.
1989-1997 жылы «Югтрансгаз» (Саратов) бірлестігі бас директорының орынбасары, Орал облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары, «Батыстрансгаз» АҚ-ның президенті болды. 1997 жылдан «Батысгаз» АҚ-ның президенті.
1974 жылы Еңбек Қызыл Ту, 1986 жылы Халықтар достығы ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Әдебиеттер: Аманқосқызы Г. Көгілдір отынның королі // Айна.-2010.-14 қаңтар.-7 б.
Дүйсен Қ. Өнегелі тұлға: ғалым Есет Рауатұлы Әзірбаев
// Дарабоз. - 2010. - №2. - 21-30 б. Кереев Ә. Текті тұлға // Орал өңірі.-2012.-7 қаңтар.-7 б.
Шүйіншәлиева М. Еңбегі елге еленген Есет // Жайық үні.-2012.-12 қаңтар.-6 б.
Шүйіншәлиева М. «Көгілдір отынды көксеген елім үшін
мұнайшы болдым» // Жайық үні.-2009.-16 желтоқсан.-3 б. 17 қаңтар ҒАББАСОВ ЭНГЕЛЬС
туғанына 80 жыл (1937-2014)
Жазушы Энгельс Ғаббасов 1937 жылы 17 қаңтарда Жалпақтал ауылында дүниеге келген. А.С. Пушкин атындағы Орал педагогика институтын, Алматы Жоғары партия мектебінің журналистика бөлімшесін, Мәскеу қаласындағы аспирантураны бітірген.
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Энгельс Ғаббасовтың бүкіл өмірі мен қоғамдық қызметі өзінің туған өлкесі - Орал өңірімен тьныз байланысты. Ол Жалпақтал ауданының мектептерінде ұстаздық етті, облыстық партия комитетінің идеология бөлімінде қызмет істеді, облыстық жазушылар ұйымына жетекшілік етті, халық депутаттары облыстық Кеңесінде бөлімді басқара жүріп, педагогика институтында сабақ берді.
1995 жылы ол Қазақстан халықтары Ассамблеясының атқарушы хатшысы болып тағайындалды және Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі болып сайланды.
Энгельс Ғаббасов - 10-нан астам повестер мен әңгімелер жинақтарының авторы. Қазақстан Жазушылар одағының және халықаралық «Пен-клуб» жазушылар ұйымының мүшесі.
Туған ел табиғатын қорғау – Энгельс Ғаббасовтың жан-жақты қоғамдық қызметінің бір бөлігі ғана. Өз шығармаларында ол қоршаған ортаны қорғау, адамның өмір-тіршілігін қамтамасыз ету идеясын жақтайды, жер қойнауы байлығын ұқыпты, парасатпен пайдалануға шақырады.
Жазушы және эколог ретінде облыста және республикада кең танымал бола отырып, ол ауа райын болжауда өзін әйгілі етті. Ол Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты болып екі рет сайланды.
Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының сынақ полигондары жөніндегі бірлескен комиссиясының төрағасы, Сенат депутаты болды.
Энгельс Ғаббасов - «Құрмет Белгісі» орденінің және бірнеше медальдың иегері.