Джоуль-Ленц заңы:
Өткізгіш бойымен ток жүрген кезде, өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток
күшінің квадартына, өткізгіш кедергісіне және токтың жүру уақытына тура
пропорционал болады:
Тақырыбы:Жылу құбылыстары. Электр құбылыстары.
Тұрақты токтың жұмысы мен қуаты.Джоуль-Ленц заңы.
Мақсаты:
Оқушылардың жылу құбылыстары мен электр құбылыстары туралы алған білімі мен дағды деңгейлерін анықтау.
Күтілетін нәтиже:
А.Оқушылар денені қыздырғанда, балқытқанда, сұйықты буландырғанда бөлінетін жылу мөлшері формуласын біледі;
В.Электр тогының жұмысы, қуаты формулаларын, тізбектің бөлігі үшін Ом заңы формулаларын есептершығаруда қолданады;
С. Кестеден заттың меншікті жылу сыйымдылығы, заттың балқу жылуы, булану жылуы, өткізгіштің меншікті кедергілерін тауып, салыстырады.
I- нұсқа
А. Егер темірдің бастапқы температурасы 39 ºС-қа тең болса , онда массасы 4т темір сынықтарын балқыту үшін қанша энергия қажет?
В.Электр құралы 45 минут ішінде 5 А токпен 162 кДж жұмыс жасайды. Құралдың кедергісі қандай?
С. Көтергіш кран 6 т жүкті 2 мин ішінде 12 м биіктікке көтереді. Егер жүкті көтерген кезде кранның электр қозғалтқышының ток күші 51 А, кернеуі 380 В болса, онда кранның ПӘК-і қандай болады?
II- нұсқа
А.Массасы 0,75 кг суды 20 ºС-тан 100 ºС-қа дейін ысытуға және 250 г будың пайда болуына қанша энергия жұмсалған?
В.Электр қозғалтқыштың қуаты 3 кВт. Егер трактор 1000 В кернеуде жұмыс істесе, онда оның электр қозғалтқышының тұтынатын ток күшін анықтаңдар.
С. Қуаты 600 Вт, ПӘК-і 80 % электр шәйнегіндегі бастапқы температурасы 20ºС болатын 1,5 л су қанша уақытта қайнайды?
Достарыңызбен бөлісу: |