Ньютонның бірінші заңы: егер денеге басқа денелер әсер етпесе, онда бұл дене түзусызықты және бірқалыпты қозғалады; оның жылдамдығы модулі бойынша да, бағыты бойынша да өзгермейді. Инерция заңы орындалатын санақ жүйелері бар.Мұндай жүйелерді инерциялық санақ жүйелері деп аталады.
Күш деп дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатынын сипаттайтын және осы әрекеттің өлшемі болып табылатын физикалық шаманы айтады.
Ньютонның екінші заңы: Денеге туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал оның массасына кері пропорционал: a=F/m. . –динамиканың негізгі теңдеуі.
Достарыңызбен бөлісу: |