II-тоқсандық бақылау жұмысы. ІІІ тарау. Сақталу заңдары. ІV тарау. Тербелістер. Жалпы тарауға шолу. Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі күш импульсі деп аталады. Күш импульсі: ; өлшем бірлігі Н·с
Дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын физикалық шаманы дене импульсі деп аталады. Дене импульсі: ; өлшем бірлігі кг·м/с
Дене импульсінің өзгерісі күш импульсіне тең. Тұйық жүйе деп сыртқы күштер әрекет етпеген жағдайда жүйеге енетін денелер бір-бірімен ішкі күштер арқылы ғана әрекеттесетін жүйені айтады.