Тақырыбы: Сақталу заңдары. Тербелістер. Математикалық және серіппелі маятниктің тербелістері.
Мақсаты: Оқушылардың алған білімі мен дағды деңгейлерін анықтау.
Күтілетін нәтиже:
А.Оқушылар импульс, серіппелі және математикалық маятник тербеліс периоды формулаларын біледі;
В. Кинетикалық энергия мен импульстің формуласын, потенциалдық энергия мен серпімділік күшін байланыстыратын формулаларды есептер шығаруда қолданады;
С. Импульстің сақталу заңын өмірмен байланыстырып, мәлеметтер жинайды.
I- нұсқа
А . Дененің импульсі 10 кг·м/с, ал кинетикалық энергиясы 20 Дж. Дененің
жылдамдығын тап.
В. Бірінші дененің массасы екіншісінікінен 3 есе көп, ал жылдамдығы 3 есе аз.
Олардың кинетикалық энергиясын салыстыр.
С. Серіппелі маятниктің тербеліс периоды 0,2 с, ал серіппенің қатаңдығы 200 Н/м болса, серіппедегі жүктің массасын тап.
II- нұсқа
А.1,5 м/с жылдамдықпен қозғалып бара жатқан массасы 20 т вагон жолында
тұрған массасы 10 т платформаға соғылысып тіркелдіі. Ары қарай, олар қандай жылдамдықпен қозғалады?
В.Серіппені 3 см-ге жиыру үшін 20 Н күш жұмсалған. Сығылған серіппенің
потенциалдық эергиясын тап.
С. Бірдей уақыт ішінде маятниктердің біреуі 30, ал екіншісі 36 тербеліс жасайтын болса, олардың периодтарын салыстыр.
Достарыңызбен бөлісу: |