III-тоқсандық бақылау жұмысы.
V тарау.Толқындар. VІ тарау. Атомның құрылысы.Атомдық құбылыстар.
Жалпы тарауға шолу.
Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады.Толқын тербелістегі бөлшектерді тасымалдамайды, тек энергияны ғана тасымалдайды.
Бөлшектерінің тербелісі толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқынды көлденең толқын деп атайды.
Бөлшектерінің тербелісі толқынның таралуы бойында жүзеге асатын толқынды бойлық толқын деп аталады.
Толқын ұзындығы –Т периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын ара қашықтық.
Үлкен ауқымдағы қатты денелердегі толқындық қозғалыстың мысалына жер сілкінісі кезіндегі тербелістердің таралуы жатады. Бұл толқындар сейсмикалық деп аталады.
16 Гц-20000 Гц -дыбыс толқындар, акустикалық дыбыстар. Жиілігі 20000 Гц-тен жоғары дыбыстар ультрадыбыстар, 16 Гц-тен төмен –инфрадыбыстар деп аталады.Ауада тарайтын дыбыс толқындары серпімді бойлық толқындар болып табылады.Дыбыстың қаттылығы неге байлынысты болатынын анықтау үшін камертонды қолданады. Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады.Дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады. Белгілі бір жиіліктегі дыбыс толқынын тон деп атайды. Тембр –адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.
Шу - әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы болып табылады.
Жиілігі 20000 Гц-тен жоғары дыбыстарды ультрадыбыстар деп атайды. Шағылған ультрадыбысты пайдаланып, нысананың орнын анықтау тәсілі эхолокация деп аталады. Айнымалы электромагниттік өрістің кеңістікте таралуы электромагниттік толқын деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |