IY-тоқсандық бақылау жұмысы. Жалпы қорытындылау.
Тақырыбы: Кинематика негіздері. Динамика негіздері. Атомдық құбылыстар
Мақсаты: Оқушылардың алған білімі мен дағды деңгейлерін анықтау.
Күтілетін нәтиже:
А.Оқушылар айнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық, дене импульсі, толқын жиілігі периоды формулаларын біледі;
В. Квант энергиясы формуласын, фотоэффектінің негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолданады;
С. Радиоактивті ыдырау заңын өмірмен байланыстырады.
I- нұсқа
А. Дененің импульсі 8 кг м/с, ал кинетикалық энергиясы 16 Дж. Дененің массасы мен жылдамдығын табыңдар.
В. Ұзындығы 80 см маятник 1 мин ішінде 34 тербеліс жасаса, оқушы еркін түсу үдеуінің қандай мәнін шығарып алды?
С. а)Фотондардың энергиясы 4140 эВ, 2,07 эВ-қа тең. Олардың толқын ұзындықтары қандай?
б) Катоды цезийден жасалған вакуумді фотоэлементке 2 В жапқыш кернеуі түсірілген. Жарық катодына түсетін толқын ұзындығы қандай болған кезде фототок пайда болады? (Аш=2,9*10-19 Дж)
II- нұсқа
А. Массасы 1000 т поезд түзу сызықты қозғалып, жылдамдығын 36 км/сағ-тан 72 км/сағ-қа дейін арттырды. Импульс өзгерісін тап.
В. Рояльдің жиілік диапазоны 90 Гц пен 9000 Гц аралығында. Ауадағы дыбыс толқындары ұзындықтарының диапазондарын табыңдар.
С. а) Спектрдің көрінетін бөлігіндегі ең ұзын λ=760нм және ең қысқы λ=380 нм
толқындарға әйкес фотондардың энергиясын анықта.
б) Егер фототок жапқыш кернеуі 0,8 В болған кезде тоқтаса, онда фотоэлектрондардың ең үлкен жылдамдығы қанша? (m=9,1*10-31)
Достарыңызбен бөлісу: |