I-тоқсандық бақылау жұмысы.
Тақырыптар: Қозғалыс және денелердің өзара әсерлесуі.
Мақсаты: Оқушылардың тарау бойынша алған білім, білік дағдысын тексеру.
Күтілетін нәтиже:
А.Оқушылар механикалық қозғалыс салыстырмалылығы, жол және орын ауыстыру, жылдамдық, күш, период, жиілігі сияқты ұғымдардың физикалық мағынасын түсінеді;
В. бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс кезіндегі дененің жүрген жолы мен жылдамдығын есептеуге арналған формулаларды қолданып, есептер шығарады;
С. Ньютон заңдарының әсерін өмірмен байланыстырады.
I- нұсқа
А.72 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан автомобиль, авариялық тежелу кезінде, 5с ішінде тоқтады. Тежелу жолын анықтаңдар.
В.Массасы 5 кг дененің 15 м/с үдеумен вертикаль құлауы үшін оған қандай күш әсер етуі керек?
С.Жеңіл автомобильдің массасы 2 т, ал жүк автомобилінікі 8 т. Жүк автомобилінің тарту күші жеңіл автомобильдікінен 2 есе артық, олардың үдеулерін салыстырыңдар.
II- нұсқа
А. Массасы 0,5 кг допты ұрғанда 0,02с-тан кейін 10 м/с жылдамдыққа ие болды. Соққының орташа күшін табыңдар.
В. Массасы 1 кг денеге Жер қандай күшпен әсер ететіні есептеңдер.
С. Ілмегіндегі тарту күші 15 кН болатын трактор тіркемеге 0,5 м/с үдеу береді, Тарту күшін 60 кН-ға жеткізетін трактор сол тіркемеге қандай үдеу береді?
Достарыңызбен бөлісу: |