Батыс Қазақстан облыстық соттарының 2014 жылдың 12 айында жұмысты ұйымдастыру және сот төрелігін жүзеге асыру туралы ақпараты



бет2/5
Дата10.04.2017
өлшемі0,69 Mb.
#13630
1   2   3   4   5

Апелляциялық сатыда

2014 жылдың 12 айында апелляциялық сот алқасына 327 қылмыстық іс қылмыстық іс түскен және 2 қылмыстық іс өткен кезеңнен қалдық ретінде өткен (барлығы 329 қылмыстық іс). Осы істердің 18-і прокурорлардың наразылығымен, 25-і бір мезгілде наразылықпен де, шағымдармен де, 284-і шағымдармен түскен. 1 наразылық пен 1 шағым қайтарылып алынған, 2 іс қаралмастан қайтарылған. Осы кезеңде 322 қылмыстық іс қаралған, 3 іс келесі кезеңге қалдық ретінде өткен.

Қаралған істер бойынша 7 жеке қаулы (барлық жеке қаулылар бойынша қолданылған шаралар жөнінде жауаптар келген), судьялардың атына 21 ескерту-хат шығарылған (Ә.Д.Бекталиева – 3, Н.К. Ибрашов – 3, У.С.Мухангалиева – 3, С.К.Кусайынов, Д.К. Байменов, И.Қ. Ниязгалиев, А.Сидорова, Т.Ш. Ибрашев, Н.К. Самарханова, Р.С. Хайрбеков, А.Х. Гапуов, Г.М.Кулмуханов, Г.Ш. Гимадутдинова, А.С.Бижанов, А.Айтуғановтардың атына бір-бірден).

316 қылмыстық іс дыбыс-бейне жазу құралдарын қолдану арқылы, 6 қылмыстық іс дыбыс жазу құралдарын қолдану арқылы қаралған.

Бұдан басқа, есепті кезеңде апелляциялық сот алқасына жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босату, жаза түрін ауыстыру, т.б. 173 материал түсіп, оның 167-і қаралған, 1 материал қаралмастан қайтарылған, 4 материал бойынша шағым қайтарылып алынған, 1 материал келесі кезеңге қалдық ретінде өткен. 160 материал дыбыс бейне жазу, 7 материал дыбыс жазу құралдарын қолдану арқылы қаралған.

Сонымен қатар, есепті кезеңде апелляциялық сот алқасына бұлтартпау шаралын санкциялау туралы 76 материал түсіп, оның 74-і қаралған және 1 материал бойынша шағым қайтарылып алынған. Қаралған материалдардың 68-і дыбыс-бейне жазу, 6-ы дыбыс жазу құралдарын қолдану арқылы қаралған.

2013 жылдың 12 айында апелляциялық сот алқасына 328 қылмыстық іс түскен, 4 іс өткен 2012 жылдан қалдық ретінде өткен (барлығы 332 іс). Осы істердің 31-і наразылық бойынша, 23-і бір мезгілде наразылықпен де, шағымдармен де, 271-і шағымдармен түскен. 1 шағым және 5 наразылық қайтарылып алынған, 1 іс бойынша шағым да, наразылықта қайтарылып алынған, 2 іс қаралмастан қайтарылған, 2 іс бойынша апелляциялық тәртіпте қараудан бас тартылған. 319 қылмыстық іс қаралған, 2 іс қалдық ретінде келесі есепті кезеңге өткен.

Өткен жылдың есепті кезеңінде апелляциялық сот алқасына ҚР ҚІЖК-нің 109. 110 баптарына байланысты, жаза түрлерін ауыстыру, жазасын өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату, т.б. 252 материал түсіп, 248 материал қаралған, 1 материал бойынша шағым қайтарылып алынған, 1 материал қаралмастан қайтарылған.

Салыстырудан көрінгендей есепті кезеңде өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, апелляциялық тәртіппен қаралған қылмыстық істер саны 3-ке (322 қарсы 319) көбейген, ал материалдар саны 7-ге (241 қарсы 248) азайған.

Жоғарыда көрсетілгендей, 2014 жылдың 12 айында 411 тұлғаға қатысты 322 қылмыстық іс қаралған. Оның ішінде 340 тұлғаға қатысты сот үкімдері өзгеріссіз қалдырылған, 4 тұлғаға қатысты 4 сот үкімі бұзылған (0,2 %). 36 тұлғаға қатысты (1,9 %) 31 сот үкімі өзгертілген. Бұдан басқа, 3 тұлғаға қатысты 3 сот үкімінің азаматтық талап арызды қарау бөлігі өзгертілген. Сонымен қатар 28 тұлғаға қатысты қылмыстық істер бойынша сот қаулылары апелляциялық тәртіпте қаралған.

Өткен жылдың осы кезеңінде апелляциялық сот алқасында 319 қылмыстық іс қаралған. Оның ішінде 297 тұлғаға қатысты сот үкімдері өзгеріссіз қалдырылған, 13 тұлғаға қатысты (0,8 %) сот үкімдері бұзылған, 53 тұлғаға қатысты (3,1 %) сот үкімдері өзгертілген. Бұдан басқа, 4 тұлғаға қатысты сот үкімдері азаматтық талап арыз бөлігінде өзгертілген.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда апелляциялық тәртіпте қаралған істер бойынша бұзылған үкімдердің саны тұлғаларға шаққанда 9-ға (4 және 13), ал өзгертілген үкімдердің саны тұлғаларға шаққанда 17-ге (36 және 53) азайған. Бұл салыстырудан облыс соттарының қылмыстық істер қарау сапасы біршама жақсарғаны көрінеді.



Апелляциялық сатыда




Барлық қаралған

Дыбыс жазу

Бейне жазу

%

Қылмыстық істер

322

316

6

100

ҚІЖК 110 бабы материалдары

74

68

6

100

Басқалар материалдары

167

160

7

100

Итого:

563

544

19

100

563


Бірінші сатыда




Соттар

Барлық қаралған

Дыбыс жазу

Бейне жазу

Барлық дыбыс-бейне жазу

%

1

Ақжайық

аудандық соты

54

44

4

48

88.8

2

Бөкей орда

аудандық соты

22

22

0

22

100

3

Бөрлі

аудандық соты

139

12

129

141

100

4

Жанғала

аудандық соты

38

38

0

38

100

5

Жәнібек

аудандық соты

45

45

0

45

100

6

Зеленов

аудандық соты

52

52

0

52

100

7

Казталов

аудандық соты

37

37

0

37

100

8

Каратөбе

аудандық соты

43

39

3

42

98

9

ЖКТМАС

136

28

106

134

98

10

ҚІЖМАС

84

19

65

84

100

11

2 Ақжайық

аудандық соты

31

29

0

29

93

12

2 Зеленов

аудандық соты

81

79

0

79

97

13

2 Казталов

аудандық соты

20

20

0

20

100

14

2 Теректі

аудандық соты

8

8

0

8

100

15

Сырым

аудандық соты

26

26

0

26

100

16

Тасқала

аудандық соты

69

69

0

69

100

17

Теректі

аудандық соты

17

14

0

14

82

18

Орал қалалық соты

781

680

101

781

100

19

Шыңғырлау

аудандық соты

46

40

2

42

91

БАРЛЫҚ:

1729

1301

410

1711

99

1711



Азаматтық істерді қарау барысы бойынша

қалалық және аудандық соттардың азаматтық істері қарауы
Есептік кезең түскен және қаралған істердің көбеюімен сипатталады.

2014 жылы облыс соттарына 31 564 арыздар және 389 іс түсті. Өткен 2013 жылға қарағанда 4 167 арыздар мен іске артық, немесе 15% көбейгенін көрсетті (республикалық көрсеткіш 743 760 арыз бен 17 773 іс түсіп, былтырға қарағанда 15,4% артқан).

Қаралып біткен істердің саны да 4 122-ге немесе 17,5%-ке көбейді. Ағымдағы жылы 28 036 іс қаралса, 2013 жылы 23 914 іс қаралған болатын. (республикалық көрсеткіш 668 722 іс қаралып, былтырмен салыстырғанда 19,6% артқан) Соның ішінде есепті кезеңде шешім шығарумен 16 830, барлық аяқталған істерге шаққанда 66,5% құрайды, ал 2013 жылы - 15 454 іс. Шығарылған шешімдердің саны 1 376-ға немесе 9% артты. (республикалық көрсеткіш: накты шығарылған шешім саны – 449 221, өткен жылы – 367 658, яғни 22,1% артқан).

2014 жылы сот бұйрығын шығарумен қаралған істер саны да 2 338 іске немесе 102% көбейді (2014 жылы – 4 632 іс, ал 2013 жылы – 2 294 іс). Әсіресе, сот бұйрығы тәртібімен қаралған істер санының артуы, зерттеу көрсеткендей, негізінен салық комитетінің жеке тұлғалардан автокөлік құралдары үшін салық төлемдерін өндіру туралы арыздары бойынша екенін көрсетті.

Сырттай шығарылған шешімдер саны өткен кезеңмен салыстырғанда азайған. Егер 2013 жылы – 52,4% болса, (15 454 шешімнің 8 112-і сырттай), 2014 жылы – 25,8% (16 830 шешімнің 4 344 сырттай) болып, 27%, төмендеді.

Облыс соттарымен жауапкерлердің арыздары негізінде 71 сырттай шешім бұзылған немесе жалпы шығарылған сырттай шешімдердің санына шаққанда 1,6% құрады.

Бұл мәселе туралы талдау жургізіліп, жиі кездесетін кемшіліктер көрсетіліп, АіЖК-нің 260-бабының талаптарын сақтау туралы соттарға хабарлама жіберілген.

Облыс соттарына түскен істердің көбеюі сот жүктемелерінде де көрінеді.

Азаматтық істерді қарауда негізгі жүктеме бұрынғыдай Орал қаласының №2 сотында, яғни 17 066 іс немесе облыс бойынша барлық қаралып біткен істер санына шаққанда 61%. МАЭС – 4 513 іс немесе 17%. Сондықтан аталған 2 сотқа облыс бойынша барлық қараған істер санының 78% келіп отыр.

Істерді қарау кезінде сот мәжілісін кейінге қалдыру бойынша да талдау жүргізілді. Статистикалық мәліметтерге сай кейінге қалдырылған істердің саны – 12 256, яғни барлық қаралып біткен іске шаққанда 52,4%-ға тең. Соның ішінде ең көп кейінге қалдырып қараған соттар: Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі соты - 98,04%, №2 Теректі ауданы - 92%, №2 Орал қалалық соты - 60,56%, №2 Зеленов ауданы - 60,39%, Бөрлі ауданы - 56,69% және Казталов аудандық соты – 52,94% тең болған. Ал істі тез оперативті түрде қараған соттар: Бөкейорда ауданы – 17,27%, Зеленов ауданы – 27,45%, Жәнібек ауданы – 28,49%, Тасқала аудандық соттары – 29,5% құрап, жаксы көрсеткіштерге ие болған.

Облыс бойынша арыздарды қайтару саны 44-ке (10,4%) кеміген 2014 жылы – 2 987 арыз қайтарылған болса, 2013 жылы – 3 031 арыз қайтарылған болатын. Арыздарды қайтару санын көбейтуге жол берген соттар: Орал қалалық №2 соты (1 635-тен 1 664-ке), Орал қалалық әкімшілік соты (25-тен 64-ке), Тасқала ауданы (39-дан 60-қа), Сырым ауданы (27-ден 45-ке), №2 Теректі ауданы (30-дан 65-ке), №2 Зеленов ауданы (34-тен 44-ке), Жәнібек ауданы (63-дан 52-ке), Бокейорда ауданы (23-тен 29-ға) және №2 Ақжайық ауданы (15-тен 38-ге), Зеленов ауданы (42-ден 52-ке), Казталов ауданы (41-ден 54-ке).

Керісінше арыздарды қайтару санын азайтып, жақсы көрсеткіштерге ие болған соттар: Ақжайық ауданы (56-дан 8-ге), Бөрлі ауданы (282-ден 181-ге), Қаратөбе ауданы (22-ден 9-ға), Теректі ауданы (58-ден 39-ға), БҚО экономикалық соты (565-тен 492-ге).

Ағымдағы жылы қараусыз қалдырылған талаптар саны қаралып біткен істер санына шаққанда 9,5%, ал өткен жылы 11,6% құрайды, яғни 2,1% кеміген (2014 жылы – 2 671, 2013 жылы – 2 792, айырмашылығы 121 іс).

Есепті кезеңде қаралмаған қалдық істер саны өткен кезеңмен салыстырғанда облыс бойынша едәуір айырмашылық жоқ. Егер 2013 жылы аталған көрсеткіш 1 348 іс болса, 2014 жылы 1 332 іс болды, яғни 16 іске (1,2%) ғана кем. Кейбір қалалық және аудандық соттар қалдық істер санын көбейткен. БҚО экономикалық соты 253-тен 307, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 4-тен 10, Бөрлі аудандық 64-тен 104, Зеленов аудандық 12-ден 15, Шыңғырлау аудандық 13-тен 19 іске көбейген.

Қаратөбе аудандық сотында есепті кезең соңында қалдық істер жоқ. Жәнібек аудандық сотында 1-ақ іс қалдықта қалған.
2. Апелляциялық тәртіппен істерді қарау

Статистиқалық мәліметтерге сай 2014 жылдың 12 айында апелляциялық сатыда қарау үшін 1 726 іс және материал түсіп, ал салыстырмалы былтырғы жылдың 12 айында 1 584 іс және материал түскен.

Есепті кезеңде апелляциялық сатыда 1 696 іс қаралып біткен, салыстырмалы өткен кезеңде 1 476 іс. Келтірілген мәліметтер апелляциялық сатыда қаралып біткен істердің саны 220-ға, немесе 15%-ға көбейгенін көрсетеді.

Апелляциялық сатыда қаралып біткен 1 245 істің, 1 102 заңды және негізді болып танылды, яғни, шағымдалған шешімдердің 88,5 пайызы өзгерессіз қалдырылды.

Есепті кезеңде апелляциялық сатыда 1 690 азаматтық іс қаралып, барлығы бұзылған және өзгертілген шешімдер саны 143 (61 шешім бұзылған, 82 шешім өзгертілген), бұл барлық шығарылған шешімдердің санына шаққанда 0,85 пайызды құрайды.

61 шешімнің күші жойылды, яғни 4,8 пайызды құрап отыр, былтырғы жылы 92 шешімнің күші жойылған, 8,5 пайыз құраған, өткен жылмен салыстырғанда 3,7 пайызға кеміген, 2013 жылдың қортындысына қарағанда 2014 жылы судьялар мен істерді қарау сапасы жақсарған.

Процессуалдық кодекске енгізілген өзгерістерге сай бірде бір іс апелляциялық сатыдан 1-ші сатыға жаңадан қарауға жолданған жоқ.

Өзгертілген шешімдердің саны 82 әлде 6,5 пайыз, ал салыстырмалы кезеңде 122 әлде 11,4 пайыз болған.

Жүргізілген зерттеу бойынша шешімдер күшінің жойылуының басты себептері мән-жайды дұрыс анықтамауы және айқындамауы, соттын қорытындысы істін мән-жайына сәйкес келмеуі, жәнеде материалдық әлде процессуалдық құқықтын нормаларын бұзуы екендігін көрсетті.

Істі қарау мерзімі

Істі тез қарау, істі апелляциялық сатыға қарауға жолдау, сараптау мекемелеріне жолданған істер облыстық соттың қатаң бақылауында тұр.

Статистикалық мәліметтерге сай есептік уақыт кезінде қарау мезімдері бұзылған істер жоқ.

Атап кету керек, апелляциялық сатыда істерді қарау кезінде

Материалдық және процессуалдық заңдар бойынша кемшіліктерді жіберілген фактілер орын алып жатады, соның ішінде апелляциялық алқасымен сот өндірісінде болған 25 іс бойынша ескерту хаттар шығарылды.
Жеке ұйғарымдар

Тұлғалардың сотқа жүгінуге жол берген мемлекеттік және басқа да мекемелердің атына, кемшіліктерді болдырмау мақсатында сотпен жеке ұйғарымдар шығарылады.

2014 жылдың 12 айында облыстық аудандық және оған теңестірілген соттармен 119 жеке ұйғарым шығарылған болса, өткен жылда 219 жеке ұйғарым шығарылған. Аталған көрсеткіш 100 жеке ұйғарымға (84,03%) азайып, профилактикалық жұмыстың төмендегенін көрсетеді.

Атап айтқанда 2014 жылдың 12 айында жеке ұйғарым шығару бойынша төмен көрсеткішті көрсеткен соттар: БҚО экономикалық – 37 жеке ұйғарым, өткен жылы 112, яғни, 75-ке азайған, №2 Орал қалалық соты 79 (2013 жылы -58), Теректі аудандық сот – 3 (2013 жылы-5), №2 Зеленов аудандық соты-1 (2013 жылы-2) және Казталов аудандық сот -1 (2013 жылы-3).

Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы ағымдағы жылда 20 жеке ұйғарым шығарды. 2013 жылы 22 жеке ұйғарым шығарылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет