Батыс Қазақстан облыстық соттарының 2014 жылдың 12 айында жұмысты ұйымдастыру және сот төрелігін жүзеге асыру туралы ақпараты


Соттарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнінде



бет5/5
Дата10.04.2017
өлшемі0,69 Mb.
#13630
1   2   3   4   5

Соттарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнінде

2014 жылдың қорытындысы бойынша бөлінген қаржының игерілуі 100% құрады.

2014 жылға мемлекеттік сатып алу жоспары барлығы 215 629,8 мың.теңгеге бекітілді. Соның ішінде:

БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына, Қаратөбе, Тасқала, Бөкей-Орда және Бөрлі ауданының мамандандырылған әкімшілік соттарына жаңа ғимарат салу үшін жобалық-сметалық құжаттаманы жер теліміне орналастыру қызметтеріне 22000,0 мың теңгеге келісім-шарт жасалып, міндеттемелер толық орындалды.

Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен 2015 жылы Орал қаласында 10-құрамды сотқа және Казталовка, Бөкей-Орда аудан орталықтарында 3-құрамды соттарға арналған ғимараттар салу жоспарлануда.

Келесі аудандық соттардың ғимараттарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді:



  1. Батыс Қазақстан облыстық сотының ғимаратының аймағына брусчатка төсеу жұмыстары;

  2. БҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты ғимаратының төбесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары өткізілді;

  3. Ақжайық аудандық соты, Ақжайык ауданының №2 соты, Зеленов, Казталов, Сырым және Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сот ғимараттарына қоршау жасалды;

  4. Шыңғырлау аудандық сотының ғимаратының терезелері мен есіктерін ауыстыруға, және кіре беріс бөлігіне ағымдағы жөндеу жұмыстары өткізіліп, ғимаратқа қоршау жасалды;

  5. Жәнібек аудандық сотының ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары және ғимараттың сыртқы келбеті (фасад) жөнделді;

  6. Орал қаласының №2 соты ғимаратының төбесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын өткізілді және қоршау жасалды;

  7. Зеленов ауданының №2 соты ғимаратының кіре беріс бөлігіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын өткізілді, және ғимараттың сыртқы келбеті (фасад) жөнделді;

  8. Теректі аудандық сотының ғимаратының сыртқы келбеті (фасад) жөнделді.

  9. Батыс Қазақстан облыстық соты ғимараты мен Ақжайық ауданының №2 сотының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын өткізу үшін жобалық-саметалық құжаттама жасалды.

Сонымен қатар, 004 «Судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша бөлінген қаржыға тұрғын үйге мұқтаж 5 судьяға қызметтік пәтерлер сатып алынды.

Жәнібек ауданының коммуналдық меншігінен Жәнібек аудандық сотының төрағасына және Қаратөбе аудандық сотының төрайымына бір –бірден қызметтік тұрғын үй теңгерімге берілді. Сонымен қатар, Қазталовка аудандық сотының төрағасы мен судьясына жергілікті атқарушы органдардан 2 қызметтік тұрғын үй теңгерімге беру үшін келісімдері алынып, қазіргі уақытта қабылдау-табыстау рәсімделуде.

3 пәтер судьялардың жекешелендіруі үшін коммуналдық меншігіне берілді.

Қазіргі уақытта жалпы облыс бойынша 42 қызметтік тұрғын үй/ пәтерлер бар.

ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінен 4 бірлік қызметтік автокөліктер берілді. Бөрлі ауданының коммуналдық меншігінен Бөрлі ауданының мамандандырылған әкімшілік сотына 1 автокөлік, және Сырым ауданы жер қатынастар бөлімінен Сырым аудандық сотына 1 автокөлік теңгерімге берілді. Сонымен қатар, тозығы жеткен, қолдануға жарамсыз 16 бірлік автокөліктер аукцион арқылы сатылып, бюджетке 4209,5 мың теңге түсірілді. Тағы 9 автокөлікті ауқцион арқылы сатуға Департаменттен келісім алынып саттықа шығарылды.

Жергілікті соттарды автокөліктермен қамтамасыз ету мақсатында, облыс әкімінің келісімімен 15 автокөлік тегін берілді, соның ішінде Kia Cadenza маркалы 1 автокөлік, Kia Optima маркалы 2 автокөлік және Нива Шевролет маркалы 12 автокөлік. Қазіргі уақытта теңгерімде 43 автокөлік бар.

Батыс Қазақстан облыстық сотының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеттік өтінімі жасақталып, Департаментке уақытылы ұсынылды.

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаментіне теңгерімде тұрған барлық негізгі құралдар жөнінде есептілік (отчет ЕССО) тапсырылды.

«1С-Бухгалтерия» бағдарламасына судьялар мен сот қызметкерлерінің кадрлық және жеке деректері толық енгізілді. Сонымен қатар, теңгерімдегі ғимараттар, тұрғын үйлер, автокөліктер және басқа да құндылықтар бойынша нақты ақпараттар енгізіліп отыр.

ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментіне теңгерімдегі тозығы жеткен жалпы сомасы 19 457,0 мың теңгені құрайтын 426 бірлік компьютерлер, ұйымдық және тұрмыстық техника есептен шығарылды.

ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінен бірқатар негізгі құралдар келіп түсті, оның ішінде 1 франкирлеу машинасы, 1 сервер, 186 сканер, 73 МФУ, 57 принтер, 145 компьютер, аудандық сот төрағаларына, жаңадан тағайындалған судьялар мен сот қызметкерлеріне барлығы 31офистық жиһаздар, 12 жұмсақ жиһаз, 20 кресло, 156 орындықтар қабылданып, соттарға таратылды.
Жаңа технологияларды пайдалану барысы туралы

Қазіргі таңда сот жүйесінің алдына қойып отырған басты мақсаттарының бірі соттың ашықтығы мен қол жетілімділігі болып табылады. Сол себепті жаңа технологиялар дамыған заманда сот жүйесінде де жаңа талаптарды қолдану барысында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр.

2014 жылдың маусым айынан бастап БҚО соттары сотқа қолма-қол тапсырылған арыз шағымдар мен өтініштер бойынша талон беруді қолданып, сотқа қатысушы тараптарды СМС –хабарлама арқылы арыз-шағымдарының қабылданғаны, ол бойынша істердің тағайындалғаны және шешім шығарылғаны туралы хабарлама жолданады, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (wwww.sud.gov. kz) ресми сайтында «Сот кабинеті» және «Сот құжаттарымен танысу» қызметтерін кедергісіз пайдалана алады.

Осы орайда БҚО сотымен 11275 талап арыз бойынша, сот бұйрығын шығару туралы 1181 арыз бойынша, 258 шағым және 791 апелляциялық және кассациялық шағымдар бойынша талондар берілді, барлығы 13505 талон беріліп 100 пайызды құрап отыр.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (wwww.sud.gov. kz) ресми сайтында «Сот кабинеті» және «Сот құжаттарымен танысу» қызметері болып табылса, міне жақын арада «Сотқа электронды шақыру қағазы» деп аталатын қызмет ашылды. Қазіргі таңда осы қызметтерді жұртшылық кеңінен пайдалануда, күні бүгін «Сот кабинеті»- 106351 «Сот құжаттарымен танысу» қызметтерін 166136 адам пайдаланған болса, ашылған жаңа қызметті 10994 адам пайдаланып отыр. Бұл көрсеткіш одан әрі көбейетініне сенімдіміз. Жалпы сот жүйесінде енгізіліп отырған барлық жаңа сервистік қызметтер халықтың қол жетілімділігін арттыруға, сотқа деген сенімділігін одан әрі нығайтуға арналып отыр.

Кез келген адам үйде отырып талап арыздарын «Сот кабинеті» арқылы сотқа жолдай алады, сот істеріне қатысушы тараптар сотқа келмей үйлерінен отырып Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (wwww.sud.gov. kz) ресми сайтында «Сот құжаттарымен танысу» қызметтері арқылы сот істерімен таныса алады, керек сот құжаттарының электронды көшірмелерін шығарып ала алады. Сонмен қатар сот шешімдеріне риза болмаған жағдайларда апелляциялық және кассациялық шағымдарын «Сот кабинеті» арқылы сотқа жолдай алады. Өздеріне қатысты істердің сотқа балданған күнненен бастап барлық қозғалысын үйлерінде отырып бақылай алады.

БҚО сотымен бұл бағытта да жұмыстар атқарылуда, сот кабинеті түсіндірме жұмыстары бойынша Республикалық, облыстық, қалалық және аудандық басылым беттерінде судьялар мен сот қызметкерлерінің 40-тан астам мақалалары жарияланды

Облыстық радионың және аудандық жерлердегі радио толқынындарынан сот жүйесіне енгізілген «Сот кабинеті» тақырыбында тікелей эфирде де, дәріс түрінде де сөз сөйлеулер ұйымдастырылды.

Сонымен бірге, «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды сотқа беру туралы» барлық аудандық сотты қосқанда 60-тан астам дөңгелек үстелдер мен семинарлар ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда сот кабинеті арқылы барлығы 3660 талап арыз түсіп, оның 3508 талап арыз сотпен тіркелінді, сонымен қатар сот кабинеті арқылы апелляциялық, кассациялық шағымдар да түсуде, алдағы уақыттада осы жұмыс жалғасын табады.



Сонымен қатар ағымдағы жылдың 16 маусымнан бастап сот актілерін бірыңғайландырылған пошталық штрихты (БПШ) пайдаланып пошта арқылы жөнелтілімді жолдау қолға алынып 10529 пошталық жөнелтілім жолданды, жаңа технологиялардың бұл түрі қаржы үнемдеуге өз септігін тигізді. 2014 жылдың желтоқсан айының 15 бастап «Гибридті электрондық почтаны» (бұдан әрі - ГЭП) енгізу бойынша пилоттық жоба жүргізіліп жатыр. Тапсырыстық гибридтік жөнелту технологиясын қолдануда жергілікті соттардан жіберуге арналған ақпарат (соттың шақыру қағазы) ҚР СО БААТЖ интеграциялық модулі арқылы электронды түрде почталық байланыс бөлімшесіне жіберіледі, басып шығару, почталық конвертке салу және соңғы адресатқа дейін жеткізу «Қазпочта» АҚ тарапынан орындалады. Жеткізілген немесе жеткізулердің мүмкін еместігі туралы статустар электронды түрде ҚР СО БААТЖ-ға жіберіледі.

Тапсырыстық гибридтік жөнелтуді қолдану жергілікті соттарды жіберуге арналған материалдарды дербес басып шығару және жөнелту қажеттілігінен құтқарады, почталық жөнелтілімдерді жеткізудің бақылау мерзімдерін қысқартады, процессті оңтайландырады және автоматтандырады. Алдағы уақытта ақпараттық жүйелердің дайын болуына қарай ГЭП арқылы басқа да сот құжаттарын (хабарлау, сот актілері және т.б.) жіберуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет