Батыс Қазақстан облыстық соттарының 2014 жылдың 12 айында жұмысты ұйымдастыру және сот төрелігін жүзеге асыру туралы ақпараты


Персоналды бөлімінің атқарылған жұмысы бойынша



бет4/5
Дата10.04.2017
өлшемі0,69 Mb.
#13630
1   2   3   4   5

Персоналды бөлімінің атқарылған жұмысы бойынша

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасының 14.10.2014 жылғы №209 өкімімен бекітілген судьялардың штаттық саны:



2014 жылдың IV-тоқсанының есебі бойынша Облыс судьяларының штаттық саны - 112, нақты нақты саны - 100 адам немесе штат тығыздығы бойынша 89% пайыз, 2013 жылдың есебі бойынша Облыс судьяларының штаттық саны - 98, нақты нақты саны - 93 адам немесе штат тығыздығы бойынша 95% пайыз құрады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 23.10.2014 жылғы №494 өкіммен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны 282 адам, соның ішінде С-О категориясы бойынша - 48 адам, С-R категориясы бойынша 234, нақты саны 258 /С-О категориясы бойынша - 45 адам, С-R категориясы бойынша 213/ адам немесе штат тығыздығы бойынша 91,5 пайыз құраса, 2013 жылдың есебі бойынша Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің штаттық саны 263 адам, соның ішінде С-О категориясы бойынша - 47 адам, С-R категориясы бойынша 216, нақты саны 247 /С-О категориясы бойынша - 45 адам, С-R категориясы бойынша 202/ адам немесе штат тығыздығы бойынша 94 пайыз құрады.



2014 жылы ҚР №453 санды 23.07.1999 жылғы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 15-1 бабына сай конкурссыз ауысу ретінде облыстық соты кеңсесінің ішінде бос лауазымдарға 76 мемлекеттік қызметші тағайындалса, 2013 жылы конкурссыз ауысу тәртібімен облыстық соты кеңсесінің ішінде бос лауазымдарға барлығы 37 мемлекеттік қызметші тағайындалды.

Ағымдағы жылдың есеп беру кезеңінде барлығы 52 адам қызметке қабылданды, соның ішінде 35 үміткер конкурстық комиссияның қорытындысы бойынша, 17 үміткер ҚР мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің БҚО бойынша басқармасының 17 сұранысына берілген жауабы бойынша кадр резервінен мемлекеттік қызметке қабылданып, 51 қызметшіге қатысты БҚО бойынша ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы тексеруі, 65 сот қызметшілеріне қатысты БҚО бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет басқармасының тексерулері жүргізілді. 1 қызметшіге қатысты БҚО бойынша ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы тексеруі жүргізілуде.

2013 жылдың есеп беру кезеңінде барлығы 35 адам қызметке қабылданды, соның ішінде 4 мемлекеттік қызметші басқа мемлекеттік органнан конкурссыз ауысу тәртібімен, 19 адам конкурс нәтижесі бойынша, 12 үміткер ҚР мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің БҚО бойынша басқармасының 21 сұранысқа берілген жауабы бойынша кадр резервінен мемлекеттік қызметке қабылданып, 29 қызметшіге қатысты БҚО бойынша ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы тексеруі, 91 судьяға, 354 сот мамандарына және 100 келісім шартпен қызмет жасайтын қызметкерлерге қатысты БҚО бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет басқармасының тексерулері жүргізілді.

2014 жылдың басынан бастап судьялар мен сот жүйесіндегі қызметшілердің біліктілігін арттыру бойынша бекітілген жоспар-кестеге сәйкес ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Сот төрелігі институтында барлығы 24 судья мен 6 сот кеңсесінің мамандары мен сот приставтары біліктіліктерін арттырды, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында тағылымдамадан 3 судья мен 3 сот мамандары, 22 судья облыстық сотта тағылымдамадан өтсе, 2013 жылдың басынан бастап судьялар мен сот жүйесіндегі қызметшілердің біліктілігін арттыру бойынша бекітілген жоспар-кестеге сәйкес ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Сот төрелігі институтында барлығы 27 судья мен 4 сот кеңсесінің мамандары біліктіліктерін арттырды, 3 судья ҚР Жоғарғы Сотында тағылымдамадан өтті, 1 сот маманы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесімен сот жүйесінің мамандары үшін ұйымдастырылған біліктілікті арттыру курсына, 1 сот маманы «Медиа Стандарттар Институты» қоғамдық қорының қатысуымен сот органдарындағы баспасөз қызметін тиімді үйлестіру бағытына арналған семинар-тренингке, 1 сот маманы мемлекеттік құпияларды қорғау жөнінде сот органдарында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді әртүрлі сатыда қарау кезінде құпиялық режимінің сақталуы тақырыбына арналған семинарға қатысып, 52 сот мамандары «ЮлАнИл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі оқу орталығында біліктіліктерін арттырды.

2014 жылы судья лауазымына үміткерлердің 19 тізімі бойынша 29 үміткерге қатысты БҚО бойынша ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы тексерулері жүргізілді, ал 4 үміткердің құжаттары арнайы тексеріс жүргізілуде болса, 2013 жылы судья лауазымына үміткерлердің тоғыз тізімі бойынша 11 үміткерге қатысты БҚО бойынша ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы тексерулері жүргізілді.

Жоғары Сот кеңесінің мәжілісінде республиканың жергілікті және басқа соттарының судьялары қызметіне тағайындауға ұсынылған тұлғалар бойынша 25 үміткерге қатысты хат жолданды, соның ішінде 16 үміткерге БҚО бойынша ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы тексерулері жүргізілді, ал 9 үміткердің құжаттары арнайы тексеріс жүргізілуде.

Қазіргі уақытта персоналды басқару бөлімінің ең жауапты бөлімі ретінде «Е-кадры» ақпараттық жүйесінде судьялар мен сот қызметкерлерінің жеке карточкаларын, «Судьялардың және сот жүйесі қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу қағидасы мен «Қазақстан Республикасының соттары мен судьялары» кадрлар есебінің ақпараттық жүйесі сапалы және уақытында толтыру, судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу үнемі бақылауда, бұл бағытта деректер түсу бойынша жүйеге енгізіліп отырады.

2014 жылы орнынан/отставка/ 3 судья түсті, зейнеткерлікке кеткен судьялар болған жоқ.

2013 жылы орнынан/отставка/ 2 судья түсті, зейнеткерлікке кеткен судьялар болған жоқ.

2014 жылдың есеп беру кезеңінде 13 судья мен 50 сот мамандарына жаңадан қызметтік куәлік, 10 судья және 76 сот мамандарының қызметтік куәліктері ауыстырылып, 3 судья мен 30 мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәліктері атқарып отырған лауазымдарынан босатылуына байланысты қайтарылса, 2013 жылдың басынан бастап 6 судьяға және 21 сот мамандарына жаңа қызметтік куәліктер берілді, 26 судьяның және 109 сот мамандарының қызметтік куәліктері ауыстырылды, 26 қызметтік куәлік атқарып отырған лауазымдарынан босатылуына байланысты қайтарылды.

Мемлекеттік әкімшілік қызметке қабылданған қызметшілер үшін үш айлық сынақ мерзімі беріліп, тәлімгерлер ретінде әр соттың кеңсе меңгеурішлері тағайындалды. Құрылымдық бөлімшелердің басшы лауазымдарына үміткерлер Департаменттің келісімін алу арқылы тағайындалуда.

Жергілікті соттар бірнеше жылдан бері Облыс халқын қызметпен қамту бөлімімен өзара жұмыс жүргізілу барысында 2014 жылы «Тәжірибелі жастар» бағдарламасы бойынша барлығы 36 адам, «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасы бойынша 196 адам қызметқе қабылданса, 2013 жылы барлығы 43 адам «Тәжірибелі жастар», 141 адам «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламалары бойынша жұмысқа қабылданды.
Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы

Батыс Қазақстан облыстық сотқа 2014 жылы барлығы 33896 құжаттар БААТЖ арқылы тіркелген оның ішінде: 4582 –азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істер және материалдар тіркелді, 1008 – Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотынан түскен құжаттар тіркелді, қалалық және аудандық соттарынан 23032 санды құжаттар тіркелді, басқа кіріс құжаттардың саны 4332; Қазақ тілінде 29510 кұжат тіркелген. Барлығы 726 ішкі құжат тіркелген-557 қазақ тілінде.

Облыстық сотының №1-ОЛ формасы бойынша өткен жылдан 1 өтініш қалдықта болған , 107 өтініш түскен, оның ішінде: жеке тұлғалардың өтініштері барлығы 95, заңды тұлғалардан 12: оның ішінде 40 шағым, 67 арыздар Барлығы 108 өтініш қаралып аяқталған, 4-өтініш қысқартылған, 1-өтініш сотқа жолданған.103 өтінішке түсініктеме берілген.

Облыстық сотының №1-ОЛ формасы бойынша өткен жылдан 1 өтініш қалдықта болған , 144 өтініш түскен, оның ішінде: жеке тұлғалардың өтініштері барлығы 132, заңды тұлғалардан 12: оның ішінде 107 шағым, 37 арыздар Барлығы 144 өтініш қаралып аяқталған, 2-өтініш соттарға жолданған, 132 өтінішке түсініктеме берілген, 2-өтініш қанағаттандырылған,1-өтініш бас тартты, 7-өтініш тоқтатылған, 1-өтініш қалдыққа қалды.

Батыс-Қазақстан облыстық сотының құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы, апелляциялық сот алқасының қылмыстық істер жөніндегі кеңсесінің 2014 жылы 12 айда жоспарланған жоспары бойынша жасалынған жұмыс жөніндегі есебі.

Аталған уақыт ішінде қылмыстық кеңсеге 329 қылмыстық іс, 173 материал, 76 санкциялық қамауға алу туралы және мерзімін ұзарту туралы материалдары түсіп, олар уақытында есеп-тіркеу карточкаларының БААТЖ бағдарламасына дұрыс толтырылып отырды. Сонымен қатар, аталған қылмыстық істер мен материалдар бойынша тиісті сот актілері уақытында енгізілді. Тоқсан сайын №6а, №6б, Д-1 кестесі және Т1-қосымша формалары бойынша статистикалық есеп дайындалынып және олар бойынша есеп беріліп отырылды.

2014 жылы 12 айда 7 қылмыстық іс бойынша 7 жеке қаулылыр шығарылып, олар аталған мекен-жайларға уақытында жолданып, тиісінше, жеке қаулыға сәйкес орындалған немесе жасалған жұмыстар жөнінде жауап алынып, тиісті қылмыстық істің есеп карточкаларына енгізіліп отырылды.

2014 жылы 12 айдың ішінде (қылмыстық іс, материалдар, санкциялық қамауға алу туралы материалдар) бойынша 544 дыбыс-бейне және 19 дыбыс жазба қолданған, бұл мәселе бойынша тұрақты түрде есебі жүргізіліп, жұмыс атқарылуда.

Әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқа кеңсесіне 441 әкімшілік материалдары апелляциялық шағым және наразылықтар арқылы түсіп, оның 430 әкімшілік материалдары апелляциялық тұрғыда қаралып, оларды уақытында есеп-тіркеу карточкаларының БААТЖ бағдарламасына толтырылды. Әкімшілік материалдар бойынша БААТЖ бағдарламасының карточкаларына 650 сот актілері енгізілді, 429 дыбыс және 1 бейне жазба жүргізілді. Материалдар бойынша 4 жеке қаулылар шығарылды.

Азаматтық сот алқа кеңсесіне 2014 жылда 1726 азаматтық істер түсіп, /соның ішінде 86 азаматтық іс өткен жылдан қалған/, 1696 іс қаралды, оларды уақытында есеп-тіркеу карточкаларының БААТЖ бағдарламасына толтырылып отырды. Сонымен қатар, апелляциялық алқаға түскен істер бойынша карточкаларының БААТЖ бағдарламасына 3773 сот актілері енгізіліп, 1690 дыбыс-бейне жазба жүргізілді. Тоқсан сайын Ф7, А,Б,В, кестесі және қосымша формалары бойынша статистикалық есеп дайындалынып және олар бойынша есеп беріліп отырылды. Азаматтық істер бойынша 21 жеке қаулылар шығарылды.

Батыс-Қазақстан облыстық сотының құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы, қылмыстық істер жөніндегі қассациялық сот алқасы кеңсесінің 2014 жылына жоспарланған жоспар бойынша жасалынған жұмыс жөніндегі есебі.

Аталған уақыт ішінде қассациялық сот алқасына 324 қылмыстық іс, 30 материал түсіп, олар уақытында есеп-тіркеу карточкаларының БААТЖ бағдарламасына дұрыс толтырылып отырды. Сонымен қатар, аталған қылмыстық істер бойынша тиісті сот актілері уақытында енгізіліп, 276 қылмыстық іс бойынша кассациялық сот алқасының қаулылары ҚР Жоғарғы сотының сайтына орналастырылды. Тоқсан сайын №6к, таблица А,Б,В,Г статистикалық есеп дайындалынып және олар бойынша есеп беріліп отырылды. Дыбыс-бейне-283, дыбыс жазба-65.

Азаматтық істер бойынша 596 кассациялық шағым түсіп тіркеуге алынған, оның 46 шағымдар қалдықта қалған. Қаралған ітер бойынша тиісті сот актілері уақытында енгізіліп оның 501 азаматтық іс бойынша қассациялық сот алқасының қаулылары ҚР Жоғарғы сотының сайтына орналастырылды. Тоқсан сайын № 7к таблица А,Б статистиқалықесеп дайындалып және олар бойынша есеп беріліп отылылды. Дыбыс-бейне-380, дыбыс-79.

Батыс Қазақстан облыстық соты мұрағаты бойынша 2014 жылы

2012-2013 жылдарғы тұрақты сақталатын 134 наряд қабылданды; 2011 жылғы тұрақты сақталатын істер тізімдемесі, 1969-2006 жылдары тұрақты сақталатын істер тізімдемесі, жеке құрам бойынша істер тізімдемелері, 2015 жылғы істер номенклатурасы құрастырылып облыстық мемлекеттік мұрағатпен келісілді; Сақтауға жатпайтын құжаттарды бөлу туралы № 1, № 2 актілері құрастырылып БҚО мемлекеттік мұрағатымен келісілді. Жойылған істердің сот актілерінің тұпнұсқалары нарядтарға қалыптастырылуда.

Батыс –Қазақстан облыстық соты кеңсесінің 2014 жылдың 12 айы есебі бойынша франкировальдық машинка арқылы 3 731 340 теңге жалпы соммаға, барлығы 24 174 дана почта жөнелтімілер /тапсырысты, жай хат, бандероль/ жіберілген.


Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және «Іс қағаздарды жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру туралы» Жоғарғы Сот Төрағасының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 36 өкімін орындау мақсатында Батыс Қазақстан облыстық сотының кеңсесі өз қызметінде мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды қамтамасыз етті.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Мемлекеттік тілді дамыту және көпшілікпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыс бөлімінің тапсырмалары мен нұсқауларын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік тілді дамыту жұмыстары мақсатты түрде жүзеге асырылу үстінде.

Облыс соттары іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді қолданыстағы «Тіл туралы» заң талаптарына, тіл бағдарламалары мен тиісті тапсырмаларға сай жүзеге асырып отыр.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2009 жылғы 27 ақпандағы «Іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру туралы» № 36 өкімінің талаптарын орындау мемлекеттік тіл бойынша атқарылатын жұмыстардың өзегіне айналды. Соттар осы өкім талаптарының орындалу барысы туралы жылына екі рет есеп беруді жолға қойды.

Соттардағы іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу тиісті бағамдар бойынша қадағаланып отыр. Соның ішінде кіріс – шығыс, ішкі және жалпы құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің жағдайы, соттарда қазақ тілінде қаралып жатқан істердің үлес салмағы, судьялардың және сот қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлері арнайы кесте бойынша қадағаланып отыр.

2013 жылдан бастап мемлекеттік тілде іс жүргізудің барысын облыстық соттың «Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс – қимыл жасау және мемлекеттік тілді дамыту секторы» бақылап, үйлестіріп отыр.

1. Батыс Қазақстан облысының сот жүйесінің жалпы құжат айналымында 2014 жылы 364 717 құжат болып, 300 118 құжат, немесе 82 пайызы қазақ тілінде жасақталынды. Соның ішінде кіріс 185 995 құжаттың 125 697 -сі, немесе 68 пайызы, шығыс 174 124 құжаттың 172 524 -і, немесе 99 пайызы қазақ тілінде болды. Ішкі құжат айналымындағы 3 764 құжаттың 3 512-сі қазақ тілінде болып, 93 пайыз құрады.

2. Есепті мерзім ішінде соттарда қаралған 51 503 істің, 9 347-сі қазақ тілінде, немесе 18 пайыз болды.

3. Штат бойынша соттарда 112, нақты 100 судья бар. Оның ішінде өзге ұлт өкілдері 9 адам. 92 судья сот ісін мемлекттік тілде қарайды. 98 судья мемлекеттік тілде оқиды, түсінеді. 2 судья мемлекеттік тілді білмейді.

Штатта 282 қызметкер, нақты 253 қызметкер бар. Оның ішінде өзге ұлт өкілдері 18 адам. 180 қызметкер мемлекеттік тілде құжат әзірлеп, жаза алады. 173 қызметкер мемлекеттік тілде оқиды, түсінеді. 13 қызметкер мемлекеттік тілді білмейді.

4. Барлық соттарда да мемлекеттік тілді қолдану және дамыту мәселелерімен айналысатын топтар, жауапты мамандар бар.

5. Соттардағы мелекеттік қызметкерлердің басым бөлігі мемлекеттік тілді меңгергендіктен және іс – қағаздарын қазақ тілінде жүргізе алатындықтан соттарда арнайы тіл үйрету курстарын ашуға қажеттілік болмады.

6. 2014 жылғы 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің басшысы Е.Айтпайдың бұйрығымен мемлекеттік тілді іс жүргізуде тікелей қолданып, іс – шараларда, семинарлар мен дөңгелек үстелдерде қазақ тілінде хабарламалар мен баяндамалар жасап, бұқаралық ақпарат құралдарындағы құқықтық насихат жұмыстарына белсенді қатысып жүрген бір топ кеңсе мамандарына алғыс жарияланды.

7. Жыл басынан бері соттарда мемлекеттік тілге қатысты 9 дөңгелек үстел, 20 семинар өткізіліп, мерзімдік басылымдар мен сайттарда сот қызметкерлерінің мемлекеттік тілдің мәселелеріне қатысты 42 мақаласы жарық көрді.

Нақты атқарылған істерге келер болсақ, 2014 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында бейнеконференцбайланыс арқылы өткізілген «Сот кеңселерінде іс қағаздарын жүргізуде мемлекеттік тілдің қолданылуы» тақырыбындағы семинарда Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі бас маманы, Аманкелді Шахин «Батыс Қазақстан облысының соттарында мемлекеттік тілді қолдану, дамыту және іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізудің өзекті мәселелері туралы» баяндама жасады.

Тілдің сот саласындағы проблемалық мәселелері көтеріліп отыр.

Атап айтқанда, республикалық «Заң газетінің» 2014 жылғы 8 сәуірдегі санында Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Нұргүл Танкиеваның «Аударма түпнұсқаның орынын толтыра алмайды», 18 сәуірдегі санында Бөкейорда аудандық сотының кеңсе меңгерушісі З. Зайнуллинаның «Құжат айналымын қазақшалайтын кез келді» деген тақырыптағы материалдары жарияланды.

Облыстық соттың мемлекеттік тіл мәселелерімен шұғылданатын бас маманы А.Шахиннің «Заң газетінің» 2014 жылғы 4 ақпандағы санында «Тіл инспекциясын құрмай, тірлік алға баспайды», «Заң газетінің» 14 ақпандағы санында «Судьяның қателікке ұрынғаны өзіне таяқ, өзгелерге сабақ», «Заң газетінің» 4 сәуірдегі санында «Тілі бұрмаланған әкімшілік істер кері қайтарылады». 11 сәуірдегі санында «Мемлекеттік тілді менсінбейтіндерді тәубәсіне түсіретін кез келді» және «Жайық үні газетінің» 10 сәуірдегі санында «Заңгерлер тілге бұрылмай, дау қазақша шешілмес», «Мемлекеттік тілді менсінбейтіндерді тәубәсіне түсіретін кез келді» («Заң газеті» 11.06.2014) тақырыбында мемлекеттік тілдің өзекті мәселелеріне қатысты мақалалары жарияланды. «Заң газетінің» 2014 жылғы 16 сәуірдегі, «Жайық үні» газетінің 17 сәуірдегі сандарында«Тілі бұрмаланған әкімшілік істер кері қайтарылады» атты мақалары жарық көрді. «Орал өңірі» газетінің 2014 жылғы 2 тамыздағы санында «Заңгерлер тілге бұрылмай дау қазақша шешілмес» атты мақала жарияланды.

А.Шахин «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауында «Үздік мақала» номинациясы бойынша үшінші орынды жеңіп алып, 2014 жылғы 25 маусым күні Астана қаласында жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне шақыртылып, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің Дипломымен және сыйлығымен марапатталды.

2011 жылғы 16 желтоқсаннан бастап жарық көре бастаған Батыс Қазақстан облыстық сотының қоғамдық- саяси, құқықтық - танымдық «Ақ Жайық ақиқаты» газеті ай сайын шығып тұр. Қазақ және орыс тілдерінде шығатын газетте мемлекеттік тілдегі материалдардың орналастырылуына басымдылық беріліп отыр. Қазіргі таңда газеттің 38 саны оқырмандар қолына тиді. Осы газетінің әр санында судьялар мен мамандардың қазақ тіліндегі және мемлекеттік тіл мәселесіне қатйсты мақалалары жарық көріп отыр.

Газетте облыстың сот жүйесінің күнделікті тыныс – тіршілігі кеңінен қамтылып, соттың тарихына, қатысты материалдар үзбей жариялану үстінде. Газет аудандық және оларға теңестірілген соттарға, заң факультеттері бар жоғары және арнаулы оқу орындары мен олардың кітапханаларына, облыстың және қаланың барлық кітапханаларына, сотпен тығыз – қарым қатынастағы мекемелер мен ұйымдарға, жергілікті билік және құқық қорғау органдарына, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне, сотқа жән сот процесіне келуші азамттарға, сот жүйесінің ардагерлеріне тегін тартылу үстінде. Басылымының кезекті сандары Жоғарғы Сотқа уақтылы жіберіліп тұр.

Сонымен қатар облыстық соттың «Ақ Жайық ақиқаты» газетінің 22 қыркүйек күні жарық көрген саны тіл мерекесіне арналды. Газеттің осы санындағы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, облыстық соттың мемлекеттік тілді дамыту мәселелері жөніндегі бас маманы А.Шахиннің «Тіл мәртебесін қасқая қорғаған сот қайраткері Аманкелді Рысқалиевтің тағылымы туралы сыр» деп аталатын көлемді мақаласында кезінде Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы болып жасап, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметін атқарып жүріп, зейнет жасына толуына байланысты доғарысқа шыққан мәртебелі тіл жанашыры туралы кеңінен жазылған. Газеттің осы номерінде Орал қалалық сотының кеңсе меңгерушісі Ербол Нұрсұлтановтың «Қазақ тілі» деген өлеңі де бар. Аталмыш мақала «Заң газетінің» 18 қыркүйектегі санында да жарияланды.

Тіл мерекесінен басқа соттар да шет қалмады. Орал қалалық №2 сотында тіл мерекесі қарсаңында «Тіл заңы талабының сақталуы» тақырыбында сот, банктер, коммунальдық қызмет көрсету мекемелерінің, адвокаттар алқасы мен облыстық тіл басқармасы өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізіліп, онда осы соттың судьясы Алтынбек Құспанов баяндама жасады.

Батыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту басқармасының мемлекеттік тіл саясатын тұрақты қолдап, қалам тартып жүрген журналистердің тың жобаларын анықтау және насихаттау бағытында биылғы жылы екінші рет өткізіліп, 2014 жылғы 10 желтоқсанда қорытындысы шығарылған «Тіл мен тілші» байқауында А.Шахин 2014 жылы республикалық «Заң газеті», Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі», Орал қалалық «Жайық үні», Батыс Қазақстан облстық соты кеңсесінің «Ақ Жайық ақиқаты» газеті басылымдарында жарық көрген материалдары үшін жүлделі екінші орынға ие болды. Ол өткен жылы да осы байқаудың үшінші жүлдесін жеңіп алған болатын.
Бұқаралық ақпарат құралдарымен атқарған жұмысы

Батыс Қазақстан облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттары Қазақстан Республикасы сот жүйесінің имидждік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қоғам назарын аударған істерді соттардың қарау тәжірибесі туралы брифингтер және баспасөз конференцияларын жиі өткізуде. Судьялар мен сот қызметкерлері үстіміздегі жылдың 12 айында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде тараптардың бітімгершілікке келу жолдары, сот саласындағы реформалардың жүзеге асырылу барысы, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы және тағы да басқа тақырыптар аясында республикалық, облыстық, қалалық және аудандық басылым беттерінде судьялар мен сот қызметкерлерінің 1215 мақалалары, телерадио арналарында 522 жарияланымы жарық көріп отыр. 59 баспасөз конфернециясы, 215 брифинг, 147 іс-шаралар (дөңгелек үстел, семинар, тренинг т.б. өткізілді.

Батыс Қазақстан облыстық сотының ресми сайтына аталған мерзімде 816 жарияланымдар орналастырылды.

«Қазақстан РТРК» АҚ БҚОФ Қазақстан-Орал телеарнасындағы сот жүйесінің және құқық қорғау органдарының тыныс-тіршілігіне арналған тікелей эфирдегі «Заңға сүйен», «Опираясь на закон», «Время Вашего вопроса», «Ел алдында» атты бағдарламаларында жоспарға енгізілген ең өзекті деген мәселелер бойынша (жер дауы, еңбек қатынастары, неке-отбасылық заңнамасы, банк займдары, жасөспірімдер ісі, алқабилер соты, әкімшілік істер және т.б.) халықпен тікелей жүздесіп отырды. Есепті мерзімде 11 қазақ тілінде, 7 орыс тіліндегі хабарлар эфирге шықты.

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов облыстық телеарнаның «Ел алдында» бағдарламасына шығып, тікелей эфирден сұхбат берді. Жарты сағаттық телебағдарламада сот төрағасы сот реформасының басым бағыттары, соттарды мамандандыру, қолданыстағы іс жүргізу заңнамаларына енгізілгелі жатқан толықтырулар мен өзгертулер, бітімгершілік институты, сот қызметінің ашықтығы мен жариялылығы, жалпыға бірдей қол жетімділігі, судья кадрларын даярлау мен іріктеу мәселелері жөнінде жан – жақты әңгіме өрбітті.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 15 желтоқсанында облыстық соттың судьясы Ғ.Қырықбаев «Қазақстан-Орал» телеарнасындағы тікелей эфирдегі «Заңға сүйен» бағдарламасына қатысып, «Жаңа қылмыстық-процестік кодексі туралы» атты тақырыпен өткен сұхбатта облыс жұртшылығына 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енетін жаңа қылмыстық-процестік кодекс туралы жан-жақты әңгімелеп берді.

Қоғамдық серпілісті сот істерін анықтап, дер кезінде үн қатып отыру мақсатында 2014 жылы 17 ақпанда Батыс Қазақстан облыстық соты төрағасының « Қоғамдық серпілісті сот істерін анықтау және үн қатып отыру жөнінде жедел топ құру туралы» №17 өкімі шығып, барлық аудандық және оларға теңестірілген соттарға жөнелтілді.

Осыған орай 17 ақпан күні Батыс Қазақстан облыстық сотында облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мирамбек Нағашыбаев журналистермен баспасөз конференциясын өткізіп, бұқаралық ақпарат құралдарында сот санкция берген бірқатар қылмыстық істерге қатысты мәлімет берді.

Сонымен қатар 2011 жылғы 16 желтоқсаннан бастап шыға бастаған Батыс Қазақстан облыстық сотының қоғамдық - саяси, құқықтық - танымдық «Ақ Жайық ақиқаты» газетінің 37-ші саны жарыққа шықты. Газетте облыстың сот жүйесінің күнделікті тыныс – тіршілігі кеңінен қамтылып, соттың тарихына, қатысты материалдар үзбей жариялану үстінде. Газет аудандық және оларға теңестірілген соттарға, заң факультеттері бар жоғары және арнаулы оқу орындары мен олардың кітапханаларына, облыстың және қаланың барлық кітапханаларына, сотпен тығыз – қарым қатынастағы мекемелер мен ұйымдарға, жергілікті билік және құқық қорғау органдарына, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне, сотқа жән сот процесіне келуші азамттарға, сот жүйесінің ардагерлеріне тегін тартылу үстінде. Басылымының кезекті сандары Жоғарғы Сотқа уақтылы жіберіліп тұр.

Облыстық сот 2013 жылдың сәуір айында облыс соттарының қызметі туралы «Адам. Заң. Әділсот» тақырыбында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ең үздік материалдарға шығармашылық конкурс жариялап, қорытындысын журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында саралауды және сот жұмысын ақпарат көздерінде белсенді насихаттап, БАҚ пен жұмыста белсенділік көрсеткен судьяларды, қызметкерлер мен журналистерді салтанатты түрде марапаттауды қолға ала бастады. Бұл дәстүр биыл да өз жалғасын тапты. 24 маусым күні Батыс Қазақстан облыстық сотында Журналистер күні құрметіне бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған салтанатты жиын болды. Журналистер күні құрметіне өткізілген шарада сол бәйгенің қорытындысы жарияланды.

Қазылар алқасының шешімімен бірінші орын «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің сайтында және облыстық «Орал өңірі» газетінде жыл басынан бері елуден астам ақпараттық хабарлар мен мақалалар жариялаған «Жайық – ПРЕСС» ЖШС Бас директорының орынбасары, «Қазақпарат» ұлттық агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі Ғайсағали Сейтаққа, екінші орын соттарда қаралған істердің негізінде бірнеше өзекті материал жариялаған «Мегаполис» газетінің тілшісі Андрей Сарминге бұйырса, үшінші орынға облыстық «Приуралье газетінің тілшісі Сайда Тулегенова ие болды.

Сонымен қатар, сот қызметін насихаттауға белсенді атсалысып келе жатқан бір топ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне облыстық сот пен Қазақстан Судьялар Одағы Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің атынан марапаттаулар жасалды.

Журналистер мерекесі құрметіне өткізілген шара туралы ақпараттар жергілікті «Қазақстан - Орал», «ТДК – 42» телеарнарларынан беріліліп баспасөзде жарияланды. Облыстық соттың сайтына және басқа сайттарға орналастырылды.

Батыс Қазақстан облыстық соты төрағасының өкімімен «Сот актілерін жасақтау мен іс қағаздарын жүргізуде мемлекеттік тілді қолдануға қойылатын мемлекеттік талаптарды күшейту туралы» өкімі шығарылды.

Бұл бағытта республикалық «Заң газеті» мен облыстық, қалалық басылымдарда мемлекеттік тілді дамытудың өзекті мәселеріне қатысты мақалалар жариялану үстінде.

Облыстық соттың мемлекеттік тілді дамыту мәселелері жөніндегі бас маманы Аманкелді Шахин «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауында «Үздік мақала» номинациясы бойынша үшінші орынды жеңіп алып, 2014 жылғы 25 маусым күні Астана қаласында жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне шақыртылып, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің Дипломымен және сыйлығымен марапатталды.

Осы тұста А.Шахиннің мемлекеттік тіл проблемаларына қатысты «Судьяның қателікке ұрынғаны өзіне таяқ, өзгелерге сабақ», атты мақаласы «Заң газетінің» 2014 жылғы 14 ақпандағы санында, «Тіл инспекциясын құрмай, тірлік алға баспайды» атты мақаласы 04.02.2014ж. санында жарияланғанын атауға болады.

Орал қалалық №2 сотында тіл мәселесіне қатысты наурыз айының соңғы күндерінде өткізілген «Дөңгелек үстел» қорытындылары негізінде «Жайық үні» газетінің 10 сәуірдегі, «Орал өңірі» газетінің 2014 жылғы 2 тамыздағы санында «Заңгерлер тілге бұрылмай дау қазақша шешілмес», «Заң газетінің» 11 сәуірдегі санында «Мемлекеттік тілді менсінбейтіндерді тәубесіне түсіретін кез келді» тақырыптағы мақалалар жарияланды.

Облыстық сот қызметкері А.Шахиннің «Тіл мәртебесін қасқая қорғаған сот қайраткері Аманкелді Рысқалиев тағылымы туралы сыр» деген мақаласы «Заң газетінің» 18 қыркүйектегі, «Ақ Жайық ақиқаты газетінің» 22 қыркүйектегі сандарында жарияланды.

Батыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту басқармасының мемлекеттік тіл саясатын тұрақты қолдап, қалам тартып жүрген журналистердің тың жобаларын анықтау және насихаттау бағытында биылғы жылы екінші рет өткізіліп, 2014 жылғы 10 желтоқсанда қорытындысы шығарылған «Тіл мен тілші» байқауында А.Шахин 2014 жылы республикалық «Заң газеті», Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі», Орал қалалық «Жайық үні», Батыс Қазақстан облстық соты кеңсесінің «Ақ Жайық ақиқаты» газеті басылымдарында жарық көрген материалдары үшін жүлделі екінші орынға ие болды. Ол өткен жылы да осы байқаудың үшінші жүлдесін жеңіп алған еді.

Қазақстан Республикасы судьяларының VІ съезінің шешімдерінен туындайтын міндеттер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен насихаттау мақсатында облыстық соттың судьясы Е.Н.Боранбаев 27.01.2014ж. Қазақстан-Орал телеарнасындағы «Заңға сүйен» хабарынан сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігі тақырыбында сөз сөйлесе, облыстық соттың «Ақ Жайық ақиқаты» газетінің 01.02.2014 жылғы санында сот төрағасы Г.С. Ищановтың «Важнейший атрибут власти» атты мақаласы жарық көрді, 01.01.2014 жылғы санында мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы С.Жанұзақовтың «Судебная система – индекатор развития общества» атты тақырыпта БҚО сотының баспасөз хатшысы Г.Кенжеғалиевамен болған сұхбаты да республикалық басылымда жарық көрді.

Елбасының 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.Нағашыбаевтың «Сотқа зор сенім артылды» атты мақаласы Ақ Жайық ақиқаты газетінің 01.01.2014ж., Заң газетінің 29.0.12014ж. санында «Мемлекеттің тұғыры-заң», Ақ Жайық ақиқаты газетінің 01.01.2014ж. санында Шыңғырлау аудандық сотының төрағасы Т.Ибрашевтің «Соттың келбетін әділ шешімдер ажарландырады» атты мақалалары жарық көрді.

Конституция күні мерекесіне орай облыстық сот төрағасы Б.Әметовтың «Заң газетінің» 28 тамыздағы санында «Халқы заңын сыйлайтын қоғам – ең дамыған қоғам», республикалық «Егеменді Қазақстан» газетінің 30 тамыздағы санында «Жасамапаздық», облыстық «Орал өңірі» және облыстық соттың «Ақ Жайық Ақиқаты газетінде» «Ұлы даланың жасампаз заңы» деген тақырыптағы мақалалары жарық көрді.

Үстіміздегі жылы тамыз айында облыстық сот басшылығының бастамасымен, сот жүйесінің ардагері, 1963 – 1977 жылдары облыстық соттың төрағасы болып жасаған, сот жүйесінің ардагері Б.Иманғалиевтің Орал қаласында тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылып, ол туралы көптеген БАҚ – тарда, соның ішінде «Заң газетінің» 27 тамыздағы санында «Ардагерге ескерткіш тақта орнатылды» деген тақырыпта жарияланым жасалынды.

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов тамыз айында жұмыс сапармен Ақжайық, Жаңақала, Жәнібек, Бөкейордасы, Казталов, аудандарында болса, құрамында облыстық сот судьялары Е.Боранбаев пен Н.Ділдәбеков және басқа мамандар болған Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы М.И.Нағашыбаев бастаған жұмыс тобы Шыңғырлау, Бөрлі аудандарында, құрамында Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының судьясы М.Бақтығұлов пен азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының судьясы Т. Ғұсманов бар жұмыс тобы Бөкейорда, Жәнібек, Казталовка аудандарында арнайы жұмыс сапарымен болып, жергілікті соттардың жағдайларымен танысып, жұмысын тексеріп, тәжірибелік көмек көрсетті.

Жұмыс топтары аудандарда болған кездерінде азаматтарды қабылдап, аудан активтерімен кездесті. Кездесулерде еліміздің сот жүйесі саласында жүргізіліп жатқан реформа жөнінде, облыс соттарының 2014 жылдың бірінші жартыжылдық жұмыс қорытындысы, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңына кеңінен түсінік беріп, медиаторлардың жұмысы жайында баяндады. Жұртшылықтың көкейтесті сауалдарына жауап берді. Сот басшыларының аудандардағы жұмыс сапарлары туралы жедел ақпараттар облыстық соттың сайтына орналастырылып, жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды.

Жаңа оқу жылы – Білім күні мерекесі қарсаңында судьялар қауымдастығының бастамашылығымен сот қызметкерлері жер-жерде түрлі «Мектепке жол» республикалық мейірімділік акциясына қатысып, ол туралы ақпараттар да сайттар мен мерзімдік басылымдарда жарық көрді. Мәселен, Казталовка аудандық соты өткізген мейірімділік акциясы «Ауыл айнасы», «Ақ Жайық ақиқаты» газетінде, Конституция күні мен Білім күні қарсаңында Судьялар одағының мүшесі Жаңылдық Қашқынбаева бастаған Батыс Қазақстан облысының судьялар қауымдастығының өкілдерінің отбасылық үлгідегі Балалар ауылында болғандығы «Заң газеті», «Юридическая газета», «Ақ Жайық ақиқаты» газеттерінде және сайттарда жарияланды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет