арналғанғылыми зерттеулердіңмақсаттары мен міндеттерін шешу үшін «Қазгидромет» РМК мен Қазақ экологиялық және климаттық мониторинг ғылыми-зерттеу институты (KazNIIMOSK) желісіндегі 18 метеорологиялық бекеттердің тұрақты метеорологиялық бақылауларының ақпараттық-талдау мәліметтері пайдаланылды және оның нәтижесі бойынша аймақтың табиғи-ресурстық әлеуетін сипаттайтын биологиялық белсенді ауа температурасының жиынтығы ( ), жылдық атмосфералық жауын-шашын ( , мм), булану ( , мм) және фотосинтетикалық белсенді радиация немесе радиациялық теңгерме ( , кДж/см2) сандық мәндері анықталды, алолар таулы аймақтан жазықтық аймаққа қарай өседі.
Сонымен қатар, өзеннің сужинау алабының ығалмен қаматамсыз етілу жағдайын сипаттайтын табиғи ылғалдану көрсеткіші ( ) [15] және құрғақшылық белгілерінің ( сандық мәндері айқындалды, яғни ылғалдану көрсеткіші таулы аймақтан жазықтық аймаққа қарай төмендейтін болса, құрғақшылық белгісң таулы аймақтан жазықтық аймаққа қарай өседі, себебі ылғалдану көрсеткіші табиғи жүйенің ылғалмен қамтамасыз ету жағдайын көрсетсе, құрғақшылық белгісі жылумен қамтамасыз ету дәрежесін саттайды.
Жалпы табиғи жүйенің географиялық тіктік белдеулік заңын пайдалана отырып, анықталған өзеннің сужинау алабының жер асты суының ағынының энергетикалық ресурстары, табиғи ландшафттардың жылу және ылғалмен қамтамасыз ету дәрежесін сипаттайтын, табиғи жүйенің табиғи-климаттық әлеуеті және кеңістік масштабындағы гидрогеохимиялық жүргілердің қарқыны мен бағытын көрсететін, жер асты суының ағынының гидрогеохимиялық белгісі, Іле өзенінің сужинау алабының аймағының табиғи қызметін бейнелейтін геоморфологиялық желілеуді құруға мүмкіншілік берді, яғни ол су ағынын құрушы және ортаны құрушы ретінде табиғатты пайдаланудың және табиғаты үйлестірудің кеңістігі болып табылады (СЛАЙД 5).
Іле өзенінің сужинау алабының аймағына орналасқан бес гидрологиялық бекеттің, яғни Қытай Халық Республикасы Шыңжаң - Ұйғыр автономиялық аймағындағы Саньдаохэцы және Ямату гидрологиялық бекетіндегі және Қазақстан Республикасының аймағындағы Добын, Қапшағай ГЭС-нен 164 км жоғары және Қапшағай шатқалы тұсындағы гидрологиялық бекеттер ұзақ мерзімдегі орташа жылдық су ағынының шығыны туралы мәліметтердің негізінде, математикалық статистиканың әдістерін пайдалана отырып, Microsoft Excel бағдарламасының көмегімен кеңістік уақыт масштабында сызбалары тұрғызылды және олардың табиғи және антропогендік дәлелдемелердің әсерінен өзгеру бағытын және қарқынын сипаттайтын сызықтық трендтің теңдеулеріне қол жеткізілді (