СЛАЙД 13).
Іле өзенінің сужинау алабының аймағындағы табиғи су ағынының шамамен антропогендік өзгеруінің бастапқы кезеңін бағалау үшін орташа жылдық су ағынының шағынының интегралдық қисығын ( , мұнда – орташа жылдық су ағынының шығынының байқаудың басынан бастап өсіп келе жатқан жиынтығы; - бақылау кезеңіндегі орташа жылдық су ағынының шығыны) тұрғызу арқылы сызбалық әдіспен бағаланды (СЛАЙД 13-14). Іле өзенінің алабының жоғарғы аумағына орналасқан Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағында су ағынының шығынын гидротехникалық құрылымдарды құру арқылы реттеудің және суғармалы егістік жерлерді игерудің нәтижесінде, Саньдаохэцы және Ямату гидрологиялық бекеттерінің тұсында, шамамен 1970 жылдан бастап орташа жылдық су ағынының шығынының табиғи жағдайдағы қалыптасуының бұзылғандығы байқалады (СЛАЙД 13), ал Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан Добын және Қапшағай ГЭС-нен 164 км жоғары гидрологиялық бекеттерінің тұсындағы, шамамен 1970 жылдан бастап орташа жылдық су ағынының шығынының табиғи жағдайдағы қалыптасуының бұзылуының басты себебі, жоғарғы қарқында суғармалы егістік жерлерді игеруге байланысты, ал өзеннің төменгі саласындағы Қапшағай шатқалы гидрологиялық бекетінің тұсындағы орташа жылдық су ағынының шығынының табиғи жағдайдағы қалыптасуының бұзылуы, 1970 жылы ұзақ мерзімде су ағынын реттеуге арналған Қапшағай су қоймасының іске қосылуына және Қапшағай ГЭС-нің қызмет ету режиміне тікелей байланысты (СЛАЙД 14).
Іле өзенінің сужинау алабының гидрологиялық сипаттамаларын табиғи және антропогендік дәлелдемелердің бірлескен әсерінің арасындағы сандық қатынасты көрсеткішті анықтауға арналып ұсынылған реттік жолының желісінің негізінде әдістемелік қолдау құрылды (СЛАЙД 14).
Іле өзенінің сужинау алабының аймағындағы су режимінің табиғи немесе шартты-табиғи болып табылатыны айқындалған жалпы статистикалық біртекті кезең негізінде және табиғи мен антропогендік дәлелдемелердің бірлескен әсерінің арасындағы сандық қатынасты көрсеткішті анықтауға арналып ұсынылған реттік жолының желісіне сәйкес, зерттеу жұмыстарында қарастырылған Саньдаохэцы, Ямату, Добын, Қапшағай ГЭС-нен 164 км жоғары және Қапшағай шатқалы тұсындағы гидрологиялық бекеттер бойынша орташа жылдық су ағынының шығынының табиғи және антропогендік дәлелдемелердің әсерінің салдары айқындалған (