Баяндама Пәні: Философия. Тақырыбы


Өркениет ұғымы, оның түрлерi



бет3/6
Дата29.11.2022
өлшемі41,31 Kb.
#160302
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мәдениет - қоғам болмысының формасы

2.Өркениет ұғымы, оның түрлерi.
Өркениет (лат. civilis- азаматтық) - парасатты ұйымдасқан, оның барлық көптүрлiгi мен жалпы бiрлiгiнде көрiнетiн, жоғары дамыған қоғам. Көптеген философтардың өркениетке деген көзқарасы бойынша, өркениет бұл қоғам дамуының тарихында болатың бiр-бiрiн ауыстырып отыратың мәдениеттер және олардың әрқайсысы туу, пайда болудаң, толық сөну сатыларынаң өтедi (Н.Данилевский, К.Леонтьев, О.Шпенглер, А.Тойнби, Фукияма т.б.). Адамзат дамуының бiр неше классификациясы бар:
1) Формациялық - бұл жiктеу қоғамдық экономикалық формация ұғымына негiзделген, ол қоғамның белгiлi бiр тарихи кещенiң бiлдiредi, және белгiлi бiр өндiрiс тәсiлiне негiзделген болады. Өндiрiс тәсiлi- бұл қондырма және базис жиынтығы болып табылады, ал ол өз кезiнде өндiргiш күштер және өндiрiстiк қатынастарға бөлiнедi.
2) Өркениет қоғам дамуының сатысы ретiнде - (Генри Льюис Морган американдық зерттеушi, өмiрiнiң көбiн ирокездер арасында өткiзген) адамзат тарихың бiрнеше кезеңдерге бөлдi, ол жабайы, варварлық және өркениет деп, және бұл кезеңдердiң әрқайсысы төменгi, орташа, жоғары сатыдан өтедi. Сондай-ақ бұл тұғырнаманың негiзiнде технологиялық детерминанта жатыр. Соңғысында өндiрiстiн қалыптасуымен және рухани өндiрiс ауқымының қалыптасуымен ерекшеленедi, оған дiннiң, ғылым, өнердiн дамыған формалары кiредi, олар жазба тiлдiн ашылуымен және кең қолдануымен байланысты болады.
3) Оқшауланған өркениеттер - бұл тұғырнаманың авторлары мен iзбасарлары өркениеттi тiрi организмнiң өмiр сүруiмен салыстыра отырып, биологиялық аналогияларды қолданды. Оқшауланған өркениет деп белгiлi бiр қоғамның дамуының мәдени-тарихи типы айтылады, оның негiзгi ерекшiлiктерi географиялық жағдайлармен айқындалады. Әр тiрi организм сияқты оқшауланған өркениетте өз дамуының белгiлi бiр кезеңдерден өтедi: туу, балалық шақ, кемелденген кезең, кәрiлiк және өлу (сөну). Өкiлдерi: Н.Я.Данилевский, Освальд Шпенглер, Арнольд Тойнби.
4) Питирим Сорокиннiң (американдық социолог, аксиология мәселелерiн көтерген) циклдiк тұғырнамасы құндылықтар жүйесiб.т.- қоғам дамуының белгiлi бiр тарихи кезеңiнде басшылыққа алынатың құндылықтар туралы түсiнiктермен байланысты. Осыған орай Сорокин өркениеттiң (супермәдениет) үш түрiн қарастырады: идеационалды, сенситивтi, идеалистiк. Бiрiншiсiнде рухани құндалақтар басым болады әсересе дiни идеология бiрiншi орынға шығады (ортағасырлар), екiншiсiнде- материалды құндалақтар жоғары шығады да метериалистiк көзқарастар басым болады (б.д.д.3-1ғ. антика кезеңi мен 16ғ батыс еуропаны жатқызады), үшiншiсi, идеалистiк супермәдениет- бұл жоғарыда айтылған этаптардың бiр-бiрiне өту кезеңi, және тек бiреуi ғана женiп шығып басшылыққа алынады, материалдық немесе рухани.
Ал ендi, өркениет және мәдениеттi, екi ұғымның мағыналарың төменгiдей топтастыруға мүмкiндiк бар:

  • Мәдениет пен өркениет бiр. Олар синонимдер (И.Гердер, Э.Б.Тэйлор).

  • Өркениет- мәдениеттiң ақыры, оның кәрiлiк шағы, руханилық антиподы (Ж.Ж.Руссо, Ш.Фурье, О,Шпенглер).

  • Өркениет- мәдениеттiң прогресi, болашаққа бой сермелуi, қоғамның парасаттылық деңгейi (Ф.Вольтер, Д.Белл).

  • Өркениет- тағылық пен варварлықтан кейiнгi тарихи-мәдени саты (Л. Морган).

  • Өркениет- этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттiң оқшау түрi (А.Тойнби, Н.Я.Данилевский).

  • Өркениет мәдениеттiң техникалық даму деңгейi, оның материалдық жағы.

Бұдан көретiнiмiз, мәдениет пен өркениет бiр-бiрiмен байланысты ұғымдар екен. Мәдениет танушы Г.Чайлдтың пiкiрiнше, өркениетке еңбектiң қоғамдық жолымен бөлiнуi, қалалардың пайда болуы, жазбаша мәдениеттiң дамуы, қолөнер мен сауданың өркендеуi, азаматтық қоғам мен мемлекеттiң орнауы жатады. Бiрақ бұл екi ұғым, өзiндiк мәнге ие болып, әр-қайсының өзiндiк ерекшелiктерi бар екенiң мойындау қажет: мәдениет- жасанды объектiлер жиынтығын (материалды және рухани) бiлдiредi, оны зерттейтiн гуманитарлы ғылымдар: мәдениеттану, философия, этнография, мәдени антропология б.т. Мәдениеттiң ерекшiлiгi- шындық дүниеде, табиғат пен адам әлемiң жанама түрде қарастыру ролi, оның нәтижесiнде үшiншi объективтендiрiлген дүние қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет