Баяндама Пәні: Философия. Тақырыбы


Рухани мәдениеттің сипаты



бет5/6
Дата29.11.2022
өлшемі41,31 Kb.
#160302
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мәдениет - қоғам болмысының формасы

5. Рухани мәдениеттің сипаты.
Көпшілік қолды әдебиеттерде неғұрлым тар мағынасында, мәдениетті материалдық және рухани мәдениет деп бөліп қарастыру жиі ұшырасады. Материалдық мәдениетке адам өмірінің материалдық жағын қамтамасыз ететін құндылықтар — техника, өндірістік тәжірибе, материалдық байлық (тұрғын үй, киім, тамақ, транспорт құралдары, т.б.) жатады. Рухани мәдениет ғылым, әдебиет пен өнер, философия, мораль, білім беру істерін қамтиды. Сонымен қоса, рухани мәдениет бұқараның саяси мәдениетін де қамтиды. Қоғам мүшелерінің, таптардың, түрлі әлеуметтік топтардың, жеке адамның қызметінің сапасы, көзқарастары, ділділігі тұтастай қоғамның мәдениетінің деңгейін көрсетеді. Жеке адамның, әлеуметтік топтардың қоғамдық қатынастарды өзгерту субъектісі ретіндегі қызметінің сапалық көрсеткіштері әлеуметтік дамудың да шамасын сипаттайды.
Мәдениет - өркениет сатыларының алмасуына байланысты дамитын тарихи құбылыс. Философиядағы материяның санаға, сананың материяға қатысынан туындайтын рухани мәдениет те материалдық мәдениетке қатынасы туралы екі қарама-қайшы тұжырым бар. Олардың біріншісі рухани мәдениетті материалдық игіліктерден ажырата қарастырады. Олай болғанда руханилық ештеңеге - материалдық қамтамасыздыққа тәуелді емес. Онымен кез келген адам, қандай ауыр жағдайда болса да, жоғары деңгейде айналыса алады және мәдениеттің қай саласында болса да, әдебиетте, бейнелеу өнерінде, музыкада, ғылымда, саяси-әлеуметтік мәселелерді шешуде де теңдесі жоқ жетістіктерге жете алады. Оған адамзат тарихында мысалдар да аз емес.
6. Мәдениет — қоғамдық құбылыс.
Адам, қоғам және мәдениет - бұл үшеуі бір-бірінен ажырағысыз, тұтас дүние. Мәдениеттің қоғамдық құбылыс ретіндегі мәні оның ешқашан жеке адамның қолымен емес, тек қоғамның күшімен жасалатынынан көрініс береді. Өйткені, кез келген адамның жетістігі оның жеке өзінің жетістігі бола алмайды.
Мәдени даму - қоғам дамуының мәнді бір саласы. Егер қоғамды тұтас бір дене десек, мәдениет оның бір жанды ағзасы болып шығар еді. Қоғам дамуындағы саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер мәдениеттің дамуына да тікелей әсер етіп отырады. Егер экономика қарыштап дамыса, елдің әлеуметтік жағдайы жақсы болып, саяси тұрақтылық болып тұрса, онда осының барлығы мәдениеттің дамуына да игі ықпал етеді. Мұндай жағдайда шығармашылық жұмыстармен айналысатын адамдар да өз еліндегі болып жатқан өзгерістерді көркемөнер тілімен бейнелеу мүмкіндігіне ие болады. Адамзат тарихында мәдениеттің дамуына, білімнің, ғылымның, көркемөнердің қарыштап алға басуына игі ықпал ететін басқа да факторлардың болғандығын атап өту керек. Бұл жерде халықтың саяси белсенділігі, күрескерлік құлшынысы, төңкерістік және ұлт-азаттық идеялары, қоғамның өзінің ішіндегі саяси-экономикалық өзгерістер мен реформалар жасауға ұмтылысы мәдениеттің баға жетпес туындыларын тудыруы мүмкін. Тарихта мұндай жағдайлар да аз болмаған. Материалдық өндірістің мәдени дамумен бір-біріне сай келмейтін кездері, басқаша айтқанда, материалдық-экономикалық жағдай нашар болып тұрғанда да мәдени даму қарыштап алға басатын кездер болып тұрады. Мұндай құбылыстар жекелеген елдерде де, кейде өңірдегі топ елдерде де ұшырасуы мүмкін. Мысалы, XIX ғасырдағы Ресейде сол кездегі Еуропаның алдыңғы қатарлы елдеріменен салыстырғанда, қай жағынан болсын, әсіресе экономикасы жағынан артта қалып келе жатқан ел бола тұра, мәдени-рухани даму жағынан жоғары деңгейде ілгерушілік болған еді. Ресей мәдениет қайраткерлері көркем өнерде, соның ішінде әдебиетте теңдесі жоқ туындыларды, әлем алдында мақтана аларлықтай көркем шығармаларды дүниеге әкелді. Көркем әдебиетпен қоса классикалық музыка өнері де, ғылым да қарыштап алға басты. Бұл ғасыр Ресейдің "мәдениеттегі алтын ғасыры" деп аталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет