Баяндама Пәні: Философия. Тақырыбы



бет2/6
Дата29.11.2022
өлшемі41,31 Kb.
#160302
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мәдениет - қоғам болмысының формасы

1.Мәдениет ұғымы.
Мәдениет – адамзаттың болмыс пен сананың барлық салаларындағы әлеуметтік-прогрестік шығармашылығы қызметі; бұл қызмет заттандыру (қазыналар, нормалар, белгі жүйелерін және т.б. жасау) және затсыздандыру процестерінің диалектикалық бірлігі болып табылады, өмір шындығын өзгертуге, адамзат тарихының байлығын жеке адамның ішкі байлығына айналдыруға, адамның мәндік күшін барынша айқындап, дамытуға бағытталады. Неғұрлым тар мағынасында, әдетте, материалдық (техника, өндірістік, тәжірибе, материалдық қазыналар) және рухани (ғылым, өнер мен әдебиет, философия, мораль, ағарту және т.б.). мәдениет, сондай-ақ саяси мәдениет (қоғам, тап, топ, индивид қызметінің жеке адамның қоғамдық қатынастарын өзгерту субъектісі ретіндегі әлеуметтік дамуының шамасын сипаттайтын мақсаттары, құралдары, нәтижелері) жөнінде айтылады.
Мәдениет – қоғамдық экономикалық формациялардың алмасуына байланысты дамитын тарихи құбылыс. Рухани мәдениетті материалдық негізінен айырып алып, оны «таңдаулылардың» рухани өнімі деп түсіндіретін қате мәдениет теорияларына қарама-қарсы жаңа ілім материалдық игіліктер жасау процесін рухани мәдениет дамуының негізі және бастауы ретінде қарастырады. Материалдық жағдайларға тәуелді болатын рухани мәдениет өзінің материалдық негізінің ізінше өзінен-өзі өзгермейді, қайта біршама дербестігімен сипатталады (түрлі халықтар мәдениетінің дамуындағы сабақтастық, өзара ықпалы және т.б.). Қоғамды дамушы жүйе ретінде талдау үшін мәдениетті философиялық талдау контекстінде де қарастыру керек. Мәдениет философиялық талдаудың пәні ретінде оның басқада әлеуметтік гуманитарлық білімдердің пәні аралық байланыс тұрғысынан қарастырумен ерешеленеді. Мәдениетті философиялық тұрғыдан талдауда өркениетті де қарастырамыз. Мәдениет пен өркениеттің арақатынасының концептуалды негіздерін О.Шпенглер, А.Тойнби, К.Ясперс, Х.Ортега-и-Гассет өңдеген болатын. Мәдениеттің феноменалдығын анықтаудың жалпы философиялық өлшемдері мыналар: Анықтылығы, мәдениеттің әлеуметтік функциялалары, типологиясы, қозғаушы күштері, мәдениет пен идеологияның диалектикасы, мәдениет пен шығармашылықтың диалектикасы, мәдениет пен демократияның диалектикасы, мәдениет пен білім берудің диалектикасы, мәдениеттегі ұлттық және интернациональдық, руханилық және интеллигенттілік, өзіндік сана мен өзіндік бақылаудың диалектикасы т.б.
Эстетикалық мәдениет — өзінің көпқабаттылығымен сипатталатын күрделі құрылым. Қандай да болмасын қоғамның эстетикалық мәдениетінің іргелмері дамуы әлеуметтік прогрестің маңызды белгісі болып табылады. Өз консерватизмімен ерекшеленетін кейбір дәстүрлі мәдениеттердің өмір сүруінің өзі тоқырау белгісін көрсетеді. Мұндай мәдениеттер, әдетте, декоративті формаларды, қолөнер бұйымдарын, ғұрыптық, көркем безендіруді және т.б. кеңейтілген түрінде емес, жай ғана қайта өндіріп қоюмен шектеледі. Мәдениеттеануда соңғы жылдары мәдениеттің белгілі бір құбылысы мен көріністерін рухани немесе материалдық мәдениет салаларына жатқызу өлшемі неде деген мәселеге байланысты пікірталас толастамай келеді. Біздің ойымызша, эстетикалық мәдениет саласы өз құрамына материалдық мәдениетке де, рухани мәдениетке де қатысты нәрселерді енгізеді. Бұл мағынада эстетикалық мәдениеттің универсалдылығы айдан анық. Эстетикалық мәдениет қабаттары көп жағдайда субъектінің рухани күш-жігерін пайдалану негізінде де, әрекеттің практикалық тәжірибесін, шеберлігін игеру нәтижесінде де құралады. Оның үстіне эстетикалық құндылықтарды қалыптастыру құралдарды, құрылғыларды және т.б. қолдануды талап етуі мүмкін. Адам өнері мен талантты шығарма тудыру сәтінде не нәрсенің мәнді роль атқаратынын білу маңызды. Бұл үшін дарындылық пен эстетикалық сұңғалылық қажет екендігі анық Алайда, эстетикалық мәдениет құбылысының рухани немесе материалдық мәдениет саласына жататындығын анықтағанда, ең алдымен, бұл құбылыстың бір рет табылған шешімді немесе шаблонды қайта көшіру емес, әсіресе оның қаншалықты мөлшерде нағыз шығармашылықты білдіретіндігіне көңіл аудару қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет