Баяндама тақырыбы: «Қазақ тілін оқытуды кіріктірілген сабақтардың маңызы» Мектебі


Кіріктірілген сабақтардың артықшылықтары мен кемшіліктері



бет6/10
Дата06.02.2022
өлшемі445,77 Kb.
#79919
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Баяндма Айзат

Кіріктірілген сабақтардың артықшылықтары мен кемшіліктері.
Артықшылықтар:
- ұстаз үлкен ізденіс жұмыстарын жүргізеді (түрлі ақпарат көздерінен, интернеттен, т.с.с.);
- оқушылардың сабаққа, пәнге қызығуы;
- басқа пәндердің қажеттілігін оқушылардың түсінуі;
- сабақ барысында барлық мүмкіндікті пайдалану (компьютер, ОТҚ – Ы, т.б)

Кемшіліктер:


- сабақты тек белгілі бір шектеумен түсіндіруге мәжбүрсің;
- әр мұғалім өзінің сөзін айтады, бірақ байланыстың жоқтығынан оқушылар тек белгілі байланыстар меншектеліп қояды;
- нәтиже күтпейміз. Сабақ сол сыныпта ғана өткізіледі.

Оқытудың технологияларын біріктіру, оларды тиімді пайдалану жұмысы үшін көптеген ізденіс жұмыстарын жүргізу алынар асу, тағы бір белес екенін есте сақтағанымыз жөн. Ал сол белестерді бағындыру жолында үлкен жұмыстар атқару - әрбір ұстаздың азаматтық парызы. Өйткені, білім негізі мектепте қаланады.


Кіріктірілу – бұл бір оқу материалының әр түрлі саладағы жалпы білімдермен тоғысуы, бір-бірімен етене араласып кетуі. Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат береді, олар құрылысы бойынша белгілі қалыпқа сыймайды, сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі ой-өрісі дамып, шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Кіріктірілген сабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленеді.
Осы бағыт бойынша мен былтырғы оқу жылында информатика пәні мұғалімімен біріге отырып, қазақ тілі пәні мен информатика пәндерін кіріктіріп, «Қазақстанда ғаламтордың пайда болуы» атты сабақ өткізілді. Сабақ барысында ақпараттық технологиялар мен олардың жетістіктері туралы информатик маман түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, компьютер алдында отырғанда жасалатын жаттығуларды үш топқа үш түрлі етіп жасатты. Бұл орайда информатик маманның ғаламтор туралы, пайдасы мен зияндылығы туралы жеткіншек балаларға түсіндіруі үлкен әсер берді. Сонымен қатар «Әлеуметтік желілер» атты сабағымда әлеуметтік желілер тарихы мен қолдану барысындағы пайдасы мен зияны туралы оқушылар түсіндіре алды.
Сіздердің назарларыңызға «Қазақстанда ғаламтордың пайда болуы» атты сабағымды ұсынғалы отырмын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет