Баяндама тақырыбы: «Қазақ тілін оқытуды кіріктірілген сабақтардың маңызы» Мектебі


Оқу пәндерін кіріктіру мыналарға көмектеседі



бет5/10
Дата06.02.2022
өлшемі445,77 Kb.
#79919
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Баяндма Айзат

Оқу пәндерін кіріктіру мыналарға көмектеседі:

  • -неғұрлым ынта білдіргенде білімді жеке мәнді және саналы түрде қабылдауға;

  • -кіріктірілген сабақ құрылымында проблемалық жағдайлар үлесін ұлғайтуға, оны оқу материалын танып білудің жаңа тәсілін іздестіруге жетелейтін және жеке тұлғаның зерт-

  • теушілік типін қалыптастыратын оқушының ойлау әрекетін белсендіруге;

  • -оқушыға бір мезгілде әрекетті орындауда барлық мақсат қоюдан нәтижеге дейінгі барлық процесіне бақылау жасауға мүмкіндік беретін жалпы білімдер көлемін ұлғайтуға. Білім берушілік, дамытушылық және танымдық үшбірлікті дидактикалық мақсатын жүзеге асыруға;

  • -Сабақтың ақпараттық сыйымдылығын арттыруға;

  • -Оқушылардың уәждемесін арттыруға, олардың оқу-танымдық әрекетін белсендіруге, шаршағандары мен қажуларын азайтуға;

  • -Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға, олардың алған білімдерін өмірде қолдана білулеріне көмектеседі.

Солай, кіріктіру сабақты күшейте түсуде тиімді құрал болып саналады. Бұл кезде алынған білімді бір мезгілде теориялық, практикалық және қолданбалы салаларда пайдалану мүмкіндігі ашылады. Қазіргі кезде көптеген мектеп интерактивті тақталармен жабдықталғанын атап өткен жөн, алайда оларды тиімді пайдалану тәжірибесі әлі де жетіспейді.
Кіріктірілген білім бағдарламасы негізінде оқушылардың білімі критериалды бағаланады. Критериалды бағалау дегеніміз – оқушының білімі мен білігін алдын ала белгіленген оқу жетістіктерімен салыстыра оқыту, соның негізінде оқушыны бағалау. Критериалды бағалау кезінде алдын-ала бағалау шкаласы белгіленіп, оқушының алдына соған жету жоспары қойылады. Бағалаудың мұндай жүйесі білім алушының кемшіліктерін өзіне түзетуіне мүмкіндік береді, оқушының өзін-өзі және өзгені бақылауына, бағалауына мүмкіндік туғызады, бағаның айқындылығын, адалдығын сақтайды, оқушының сабақ үрдісінде өткен тақырыпты қалай түсінгендігін мұғалімге күнделікті саралап отыруына жағдай жасайды. Осының барлығының негізінде мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс бағалаудың жалпы негізін ашады. Яғни, критериалды бағалау оқыту – тәрбиелеу, дамыту, ынталандыру төрттігін басшылыққа алады. Критериалды бағалау жұмысы қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалау арқылы жүзеге асады. Оқушы оқыту жоспарындағы барлық мақсаттар түгел қамтылған бірнеше қалыптастырушы бағалаулардан өтіп, тақырыпты түсінбей «талпынған» оқушы түзету жұмыстары арқылы оқу мақсатына «жетіп», ішкі жиынтық бағалауға келеді. Ішкі жиынтық бағалау мазмұны барлық критерий тұтас қамтылады. Дескрипторға сай тапсырманы толық меңгергендігін көрсетуі шарт. Соның нәтижесінде тоқсан соңында жиынтық бағалау оқушы білімін анықтап береді. Оқушы білімі баллдық жүйемен есептеледі. Әлемде білім беру ісінің нәти­жесін бағалай білудің өзіндік тәжірибесі қалыптасқаны белгілі. Бұл ретте біз үшін оқушының қаншалықты білім алғандығы емес, оның алған білімін өмірлік тәжірибеде қаншалықты пайдалана ала­тын­дығы маңызды болып отыр. Ал біздің еліміздегі білім жүйесінде басым жағдайда оқушылар өздерінің алған теориялық білім деңгейімен бағаланып, сонымен ғана шек­теліп жататыны белгілі. Осы орайда оқушы білімін критериалды бағалау - педагогтарға нақтылық алып келетін бірден-бір жүйе. Қазіргі кезде ғылыммен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыдан сапалы және терең біліммен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, қабілетті болуын талап етеді. Білім беруді ізгілендіруде пән аралық байланыстар арқылы жеке тұлғаның дамуын қалыптастыру маңызды мәселе. Кіріктіру сабақтарының ерекшелігі бірнеше пәндерді байланыстыра білу, сабақты түрлендіру, оқушылардың өмірге өз мамандықтарына деген сүйіспеншілігін және жақсы көзқарасты қалыптастырады. Кіріктірілу – бұл бір оқу мазмұнының әр түрлі саладағы жан-жақты білімдермен тоғысуы, бір-бірімен араласып кетуі. Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат береді, олар құрылысы бойынша белгілі қалыпқа сыймайды, сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі ой-өрісі дамып, пәннің жалпы мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Кіріктірілген сабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленеді. Оқу жоспарларында мектепте оқытылатын ғылымдар да диалектикалық мазмұнды негізге сүйене отырып, филология, математика, жаратылыстану, қоғамтану, өнер, технология, дене шынықтыру салаларына бөлініп, жеке пәндерге тармақталып кетеді. Оқу жоспарында пәндер арасындағы кірігу анық көрсетілген және олар пәнаралық байланыстың моделі әрі білім мазмұнын жаңа сапаға көтереді. Философиялық – педагогикалық ұстаным жағынан бұл технология – жеке тұлғаның ойлау дәрежесі мен бүкіл адамзат қауымы санасының сан ғасырлық даму дәрежесін ретке келтіруші, үйлестіруші қозғаушы күш. Кіріктіру ұстанымының басты қағидасы – ғылыми-жаратылыстану және қоғамдық гуманитарлық білімдерді жеке білім аймағында шартты түрде қарастыра отырып, оқушыларға әлемнің біртұтастығы жайлы ғылыми-синтездік білім беру болып табылады. Бүгінгі жаппай қолданылып жүрген жаңа технологияның өзі кіріктірілген болып саналады. Қазіргі педагогикалық технологияда пәнаралық байланыс кіріктірілген білім берудің моделі болып саналады. Пәнаралық байланыс оқытудың кешенді жүйесін құрай отырып, әртүрлі білім салаларының ортақ тақырыптарын, кейде ортақ элемент, бөлім, дәйек, теория, ұғым заңдарды біріктіріп, құрылымдық және ғылыми-мазмұнды блоктар жасайды.
Оқу пәндерінің бірігу шарттары:
- зерттеу нысандарына сәйкес келуі немесе өзара жақын болуы;
- кіріктірілген оқу пәндерінде зерттеу әдістерінің бірегейлігі немесе ұқсастығы;
- кіріктірілген оқу пәндерінің жалпы заңдылық, жалпы теориялық тұжырым негізінде құрылуы.

Әрбір пән оқушыға қажет білім, білік, дағды қалыптастырса да, оқушы жеке тұлға ретінде өзін-өзі танытуда. өз мақсатына жету жолында жалпы өмір тәжірибесінде жинақталған әмбебап білім, білік пен дағдыға сүйенеді. Бұл жалпы құзіреттілікке алып келеді. Пәнаралық байланыс пен оқушы бойында жалпы құзіреттілікті қалыптастыруда тікелей байланыс бар. Оқу бағдарламаларында әр пәннің қалыптастыратын білім, білік, дағды мөлшері жеке анықталса да, тұлғаның өмір сүру аймағында олар өзара байланысты құзіреттілікке ие болады. Өйткені оқушы өмірлік мәселелермен кездескенде, әрбір пәннен алған білімін саралап жатпай, бойындағы интегративті білімнің кең, жалпы әлуеті мен дағдысын пайдаланады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет