Баяндама тақырыбы: «Қазақ тілін оқытуды кіріктірілген сабақтардың маңызы» Мектебі


Кіріктірілген сабақтарға арналған белсенді жұмыс түрлері



бет3/10
Дата06.02.2022
өлшемі445,77 Kb.
#79919
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Баяндма Айзат

Кіріктірілген сабақтарға арналған белсенді жұмыс түрлері: 

  • сын тұрғысынан ойлау;

  • білімін шығармашылықпен пайдалана білу;

  • зерттеушілік дағдылары;

  • АКТ дағдылары;

  • топта және жеке шебер жұмыс істей білуі;

  • коммуникативтік дағдылары (тілдік дағдыларын қоса алғанда);

  • қойылған міндеттер мен күрделі мәселелерді шеше білу дағдылары секілді бірнеше дағдылар қалыптасады.

Кіріктірілген сабақтар барысында мыналарды басты назарда ұстау керек:

  • Оқушыға алған білімдерін оқудағы және өмірдегі мәселелерді шешуге пайдалануды үйренуге бағдарлау;

  • Тілдерді деңгейлік үйретуді ұйымдастыру;

  • Пәндерді кіріктіру;

  • Бағалаудың критериалдық жүйесі.

  • Осы бағдарлама негізінде оқушылардың дағдыларын дамыту.

  • Сын тұрғысынан ойлау

  • Білімдерді шығармашылықпен пайдалана білу.

  • Зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру

  • Акт дағдылары

  • Топта және жеке жұмыс істей білуі.

  • Коммуникалциялық дағдылар тілдік дағдыларды қосқанда міндеттер мен мәселелерді шеше білу;

  • Үш тілді білім ортасын құру.

  • Тәрбие мен оқытуды кіріктіру

  • Заманауи педагогикалық әдістер мен тәсілдерді қолдану.

Қазіргі заманғы мектепте көптеген инновациялық педагогикалық технологиялар қолданылады, олардың ең келешегі зоры-компьютерлік технология. Бұл қазіргі өзгеріске ұшыраған орта білім беру мақсаттарының оқыту әдістеріне, құралдары мен түрлеріне сай келеді. Оның үстіне программалық оқыту идеясын дамытады, қазіргі компьютерлердің тіптен жаңа , әлі де зерттелмеген бірегей мүмкіндіктерін ашады. Оларды белсенді қолдану мектеп курсы шеңберінде әр түрлі тақырыптар бойынша кіріктірлген сабақтар өткізуге мүмкүндік береді. Қазіргі заманның ұстазға қояр басты талабы- ақпараттандырылған жан-жақты, дүниетанымы кең, тәрбиелі әрі саналы шәкірт сомдауы. Саналы білімге жету жолында ұстаздың аянбай еңбек етуі керек. Оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін, қазіргі заманауи инновациялық технологияларды меңгеруі шарт. Әрбір сабақта оқытудың тиімді әдістерін пайдалану білім сапасына елеулі әсер етпейтіні даусыз. Қазіргі сабақтарда ақпараттық технолгоия мен кіріктірілген оқыту технологиясын байланыстыра өту өте тиімді нәтиже береді. Ақпараттық технолгияда біз ұстазды ақпарат беруші, бағыт-бағдар көрсетуші деп түсінеміз. Белгілі бір тақырып бойынша мәлімет, әдебиеттер және т.б. беріледі. Ал кіріктірлген инновациялық технолгияда тақырыпқа байланысты мәлімет, ақпараттың барлығын жан-жақты пән мұғалімдермін түсіндірілуі, дәлелденуі және жеткізілуі оның басты артықшылығы болып тұр. Ұстаз әркез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды. Оқушы үшін сабақты қызықты ете алады. Жастарға сапалы білім беруде, олардың қабілетін анықтап, кәсіби бағыт-бағдар беруде мұғалімнің рөлі ерекше. Себебі, ұстаз алдында отырған баланы күнделікті қадағалап, оның қызығушылығын, оқуға деген ынтасын пайымдап отырады. Уақытпен бірге өзгеріп жатқан өркениетке ілесіп, білім мен ғылым саласы қарыштап дамып жатқан заманда мұғалімнің де кәсіби деңгейінің өсіп- өркендеуі міндетті. Бұл орайда ұстаздар қауымы жаңа технологияның жетістіктерін бойына сіңіре отырып, шәкірттерінің келешекте қандай кәсіп иесі бола алатынына қарайбілікті маман даярлай алады. Жаңа білім берудің кіріктірілген түрінің негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Қазіргі таңда білімді өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде бұл оқу бағдарламасының алатын орны ерекше.


Оқушыларды қоршаған ортадағы кез келген ақпаратты тыңдау арқылы түсінуге бейімдеу керек. Ол үшін сабақ барысында түрлі белсенді жұмыс түрлерін пайдалану көп септігін тигізеді. Оқушыда кіріктірілген сабақтардың дағдысын қалыптастыру үшін белсенді жұмыс түрлері өзекті, қызықты, әр түрлі болуға тиісті.  Белгіленген құндылықтардың негізгі мақсаты – жоғары білімді, шығармашыл адамның үйлесімді тұлғаның, дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін жасау болып табылады.
Ұстаз ретінде заман талабына сай оқушылардың білімін тереңдету үшін, тілге деген қызығушылығын арттыру үшін көп еңбек етуіміз қажет. Басты талап – сабақтың сапасын арттыра отырып сабақ түрлері мен әдістерін танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу. Қазіргі уақыт талабына сай мен де өз сабақтарымды жаңаша ұйымдастырып, өзіндік тың ізденістерге талпынып отырамын. Соның ішінде кіріктірілген сабақтардың маңызы өте жоғары екендігін білдім. Сабақ өткізу барысында оқушыларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеп, оқушылардың сабаққа қызығуын арттырып, сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін пайдаланып келемін. Мен қолданатын сабақтың жаңа түрлері де сабақтың мазмұнын, мақсатына, жүру барысына қарай дамытпалы саяхат сабақ, ертегі сайыс сабақ, ойын, жарыс сабағы, тест әдісімен өткізіліп келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет