Баяндама тақырыбы: «Қазақ тілін оқытуды кіріктірілген сабақтардың маңызы» Мектебі



бет4/10
Дата06.02.2022
өлшемі445,77 Kb.
#79919
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Баяндма Айзат

ІІ. Негізгі бөлім

Келешек ұрпаққа білім берудегі күрделі мәселелердің бірі – біртұтас педагогикалық үрдіс кезіндегі сабақтарда кірістірілген сабақты жүзеге асыру. Кіріктірілген сабақтың ең негізгі дидактикалық міндеті – оқыту үрдісінде білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру. Жалпы білім беретін мектеп пен мұғалімдердің пән бойынша пәнаралық білімдер мен іскерліктерді игеруі – оқу үрдісін кіріктірілген сабақ негізінде ұйымдастыруы. Кіріктірілген сабақ негізінде оқушылардың икемділік пен дағдылары анағұрлым күшті дамитындығын педагог-ғалымдар дәлелдеген. Оқу үрдісі нәтижесіндегі игерілген икемділік пен дағды оқушының алған білімінің қаншалықты берік екендігінің белгісі болып табылады. Оқу пәндерінің ерекшеліктеріне қарай оқушыларға түрлі икемділік пен дағды пайда болады.


Кіріктірілген білім беру бағдарламасын табысты жүзеге асыру үшін белсенді оқыту, командалық оқыту, пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту т.б. озық педагогикалық әдістерді қолдану талап етіледі
Ал жалпы кіріктірілген оқу дегеніміз не? Кіріктірілген оқу бағдарламасының артықшылығы неде? Осы сұрақтардың жауабын зерделеп көрелік.
Кіріктірілу – бұл бір оқу мазмұнының әр түрлі саладағы жан-жақты білімдермен тоғысуы, бір-бірімен араласып кетуі. Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат береді, олар құрылысы бойынша белгілі қалыпқа сыймайды, сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі ой-өрісі дамып, пәннің жалпы мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Кіріктірілген сабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет