2.Жер бетіндегі халықтардың бір-біріне ұқсамайтын күнтізбе жүйелері бар. Уақыт өлшеу мен есептеу әдістері ежелден белгілі және біртіндеп дамыған. Хижыра жыл санауында 354,36667….тәулік, яғни 354күн, 8 сағат, 48 минут, 35 секунд, ал григориан мен хижыра жыл санауындағы айырма 11 тәулік. Дәл есебі 10,8755 күн. Осы айырма күннен бір жыл құралуы үшін 33,5839 жыл өту керек, ал тоғыз жыл болу үшін300 жыл өту керек. Хижыра мен милади күнтізбесіндегі айырма күндердің тура тоғыз жыл құрайтындығы туралы 18-Кеһф сүресінде айтылған: «Біз оларды үңгірде ұзақ жыл ұйықтатып тастадық.(11).Содан соң үңгірде қанша жыл жатқандарын анықтау үшін оларды оятып, екіге бөліп есептеттік.(12). Олар үңгірлерде 300жыл жатты.Тоғыз (жыл)арттырды (25)». Міне бұл аяттар уақыт есебін жүргізу туралы болып отыр.