Баяндама Тақырыбы:Қасиетті Құран Кәрімдегі математика ғылымы


Көлеңкесі бойынша уақытты анықтайтын күн сағаттары болатындығы мәлім



бет6/10
Дата08.02.2022
өлшемі42,19 Kb.
#122662
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
баяндама

5.Көлеңкесі бойынша уақытты анықтайтын күн сағаттары болатындығы мәлім. Құрылыстың биіктігін өзінен өлшеу мүмкін болмайтын жағдайда көмекші әдіс қолдану туралы қосымша оқу құралдарынан белгілі. Мысыр пирамидаларының биіктіктерін анықтау үшін ұқсас үшбұрыштардың элементтерінің өзара қатынасын қолданған дейтін аңыздың негізсіз емес екендігі көрінеді. Ұзындығы белгілі каданы тік қойып, оның көлеңкесінің ұзындығын өлшейді. Содан соң каданың ұшынан көлеңкенің ұшына дейінгі күн сәулесін, каданың өзін және көлеңкесін кесінділер деп есептеп, тік бұрышты үшбұрыш құрайды да есепті шығарды.
Бұрыштың тангенсі туралы түсінік бізге мәлім. Тік қада ұзындығының (х) өз көлеңкесінің ұзындығына (а) қатынасы, сүйір бұрыштың тангенсі. Арабша зыл (зіл), яғни тангенс, қазақша мағынасы көлеңке деген сөз. «Күн сағаты бұрынғы кездердегі мешіттерде болған…..Күн сағаты бойынша түстік сызықты, яғни меридиан-бойлық бағытты айыру оңай». (А.Машынов. «Зерде» N2, 1994) Бұл туралы Құранда мынадай аят бар: «Алла жаратқан нәрселердің көлеңкелері, ерікті, еріксіз түрде ертелі-кеш Аллаға сәжде қылады (әміріне бағынады)».(13-с.15 аят)
Осы ғасырдың 70-80 жылдары Құранды компьютерлік техниканың көмегімен зерттегенде қасиетті Құранның әріптері мен сөздерінің арасында таңғажайып өзара байланыстар бар екендігі анықталды.
Мысалы,

  • «аш-шаһр» (қазақша аудармасы – ай) сөзі құранда 12 рет, ал «аль-йавм» (күн) сөзі 365 рет кездеседі екен.

  • Қасиетті Құранда аспан санының жетеу екендігін баяндайды, яғни жеті қат аспан, ал «аспан» сөзі Құранда 7 рет кездеседі.

Қарама-қарсы мағынаны білдіретін бірнеше жұп сөздер Құранда бірдей рет кездеседі. Мысалы,

  • «Ад-дуния» (осы өмір) және аль-ахира» (келешек өмір) сөздерінің әрқайсысы Құранда 115 реттен қолданылған.

  • «ас-салихат» (жақсы амалдар) және «ас-саййат» (жаман амалдар) сөздерінің әрқайсысы 167 реттен,

  • «Аль-малак» (періште) және «аш-шайтан» (шайтан) сөздері 68 реттен,

  • «Аль-хайят» (өмір) және «аль-мавт» (өлім) сөздері 145 реттен,

  • «Ан-наф» (жақсылық) және аль-фасад» (жамандық) сөздері 50 реттен,

  • «Аль-иман» (иманды) және «аль–куфр» (кәпір) сөздері 25 реттен,

  • «Ас-сайф» (жаз) және «аш-шита» (қыс) сөздері бір реттен,

  • «Аль-харр (ыстық) және «аль-бард» (суық) сөздері 4 реттен кездеседі екен.

 
Себеп-салдарлық байланыстағы сөздердің тепе-теңдігі

  • «Аль-ғилм» (ғылым) және аль-иман (наным) сөздері Қасиетті Құранда әрқайсысы 811 реттен кездеседі.

  • «Аль-фахиша» (бұзықтық) және «аль-гадаб» (ашу,қаһар) сөздері 24 реттен,

  • «Ас-сихр» (сиқыр) және «аль-фитна» (бүлік, лаң) сөздері 60 реттен қолданылған.

Өзара ұқсастық байланыстағы сөздер тепе-теңдігі

  • «Аль-аснам» (бұт) және «аш-ширк» (көп құдайшылдық) сөздері Қасиетті Құранда әрқайсысы 5 реттен,

  • «Аль-джаһим» (тозақ) және «аль-икаб» (жаза) сөздері 26 реттен,

  • «Ад-дин» (дін) және «аль-масджид» (мешіт) сөздері 92 реттен,

  • Аллаһтың керемет аттарының бірі – «Ар-Рахман» (мейірімді) Құранда 57 рет қолданылса, «Ар-Рахим» (рақымды) сөзі дәл екі есе көп 114 рет айтылған. Құранда 114 сүре бар екендігіне назар аударыңыз.

  • «аль-кафирун» (кәпірлер) сөзі Құранда 154 рет қолданылса, «ан-нар» (от) және «аль-харик» (жалын) сөздері де сонша рет кездеседі.

  • «Аль-акл» (ақыл) және» ан-нур» (нұр) Қасиетті Құранда 49 реттен,

  • «Аль-хамр» (шарап) және «аль-хинзир» (шошқа) сөздері 5 реттен



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет