Баяндама Тақырыбы:Қасиетті Құран Кәрімдегі математика ғылымы



бет9/10
Дата08.02.2022
өлшемі42,19 Kb.
#122662
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
баяндама

19 саны туралы
 Құранда көптеген жайттар 19 санымен байланысты. 19 саны Құранның арқауы екендігі дәлелденген ақиқат. Мүмкін, ондық санау жүйесінің 1-бірінші, ал 9-соңғы цифры болғандықтан да болар. Ол кезде күрделі алпыстық санау жүйесі қолданылғанымен Аллаһтың кітабында сандар ондық жүйемен берілген. Құранда «он», «жүз», «мың» сөздері жиі кездеседі.

  • Құранның барлық сүрелері басталатын «Бисмиллаһир-рахманир- рахим» сөзі араб жазбасында 19 әріптен құралады, сан мәні — 786.

  • . Аллаһтың «Аль-Вахид» деген керемет есімі 19 санына эквивалентті, яғни 19 саны сәйкес келеді.

  • Қасиетті Құранның Аллаһтың елшісіне (с.ғ.с.) жіберген алғашқы аяттары «Аль-Алак» сүресінің алғашқы бес аяты. Олар барлығы 19 сөзден тұрады. Осы сүренің аяттарының жалпы саны да 19.

  • Құранның соңғы түсірілген сүресі «Аль-Наср» Ол 19 сөзден, оның бірінші аяты 19 әріптен тұрады.

  • Құранда жалпы сүре саны 114, Құранда «Аллаһ» сөзі 2698, «Ар-Рахман» 57, «Ар-Рахим» 114 реттен келтірілген. Бұл сандардың барлығы да 19-ға бөлінеді.

Құранда 19 санымен байланысты басқа да көптеген мысалдар бар. 19 санының математикада кездесетін жағдайын қарастырайық. Бір бұрышы 600-қа тең үшбұрыштың осы бұрышының биссектрисасының бойынан алынған центрден жүргізілген шеңбер үшбұрыштың екі төбесі арқылы өтсе, онда үшбұрыштың ерекше нүктелері осы шеңбердің бойында жатады.

  1. Үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің центрі

  2. ортоцентрі,

  3. үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің центрі, т.с.с жалпы үшбұрыштың 19 ерекше нүктесі болады.

Құранда ешқандай да кездейсоқтық кездеспейді. Декард координат жүйесінің абсцисса осіне Құран сүрелерінің реттік нөмірін, ал ордината осіне сол сүреде кездесетін аяттың сан мәнін қойып нүктелерді белгілеп шығайық. Мысалы, 1-ші сүреде 7 аят, 2-ші сүреде 286 аят, т.с.с. 114-ші сүреде 6 аят. Координата жүйесінде нүктелер жиынын аламыз. Бұл кездейсоқ нүктелер жиыны емес, ол нүктелерді қосқанда араб тілінде «Аллаһ» деген сөз шығады. Сондай-ақ «Ықылас» сүресінде кездесетін әріптердің қайталану санын абсцисса осіне, ал ол әріптердің рет санын ордината осіне сәйкестендіріп, табылған нүктелерді қосқанда арабша «Аллаһ» деген сөз шыққан.
Тағы бір таң қаларлық жағдай – кәдімгі аралардың ұясының құрылысы. Араның ұясы дұрыс алтыбұрыш формалы. Дұрыс көпбұрыштардың ішінде сыйымдылығы ең үлкен, ал ең аз материал кететіні – дұрыс алтыбұрыш екендігі дәлелденген. Қасиетті Құранда «Ара» сүресінің кездесетінін ескере отырып, Алланың құдіретіне қалай тәнті қалмасқа?
Американың әуесқой суретшісі 6000-нан аса қар түйіршіктерін суретке түсіріп, үлкейтіп шығарған. Оларды салыстырғанда бір-бірімен ұқсас ешбір қар түйіршігін кездестіре алмаған. Әрбір түйіршікте геометриялық осьтік, центрлік симмертия қасиеттері қатаң сақталған. Дүние жаратылғалы бері жер бетіне қаншама қар түйіршіктері түскенін есептесек, мұның бәрін қандай
шебер жасап жатыр екен деген ойға қаламыз… Осы тұрғыдан алғанда әр адам саусақ бедері бір-біріне еш ұқсамайтыны бәрімізге мәлім. Адам атадан бері жер бетінде қаншама адамдар дүниеге келгенін есептесек, тағы терең ойланбасқа шарамыз қалмайды …
Құран сүрелері – Декард координат жүйесінде
  Табиғаттағы таңғажайып симметрия
Дұрыс алтыбұрыш формалы аралар ұясы
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет