Баяндама: «Тәрбиешінің үй тапсырмасын орындатудағы өзіндік жұмысының түрлері» (педагогикалық кеңес) Орындаған: Келисбаева Б. У. Балқаш қаласы, 2015-2016 оқу жылы Тақырыбы



бет5/10
Дата13.11.2016
өлшемі1,25 Mb.
#1613
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10





Имандылық – ізгіліктің негізі
Мақсаты: Жас буынға дін, имандылық, бес парыз туралы мәлімет беру және жақсылыққа, сенім рухында рухани табандылыққа, өмір шындығынан туындайтын үмітке тәрбиелеу

Мұсылмандық қағидалар
● Иманның басы – сенім,
Иманның тәні – намаз,
Иманның жүрегі – құран.
● Иманның көрінісі – ықылас.
Иманның сөзі – Аллаға тілек
● Иманның нұры – шындық.
Иманның дәмі – тазалық, пәктік
● Иманның жемісі – ораза.
Иманның шипасы – ар, ұят

Ұлағат сөздер
● 1. Түйе – жүктен, адам – ұяттан шегеді. (Сағди).
● 2. Кімнің ұяты жоқ болса, соның иманы жоқ. (Абай).
● 3. Арсыз – адам қоры. (Жүсіп Баласағұн)
● 4. Ұят кейде заңдар шектелмеген нәрсені шектейді. (Сенека)

Хадистерден
● Иманның абзалы – сабыр мен шындық – дүр.
● Әдемі киім кию де имандылық.
● Кімде - кім күнә жасаса, оның иманы ұшады.
Тәубә қылса, Алла тағала кешіреді.
● Кімде - кім адамдардан ұялмаса, ол Алла тағаладан да ұялмайды.
● Өтірік айтудан сақтаныңдар, себебі өтірікшілер имансыздар.

Бес парыз
● Намаз оқу (бес уақыт намаз)
● Ораза ұстау (30 күн)
● Зекет беру (қайыр садақа)
● Қажыға бару (құдайдың бірлігі мен Мұхамбеттің пайғамбарлық қасиетін мойындау)
● Иман және ихсан (нану, сену)




Қазақ тарихындағы ұлы адамдар


Ұлының өзімен кездеспесең де, сөзімен кездесуге асық, көңіл қиялындағы арманына жетесің.

Ұлы адам періштеден ары болмаса, кем емес.

Ұлы адамдардың өзі біртұтас әлем, көрген сайын көре бергің келеді.

Ұлы дәуірдің адамдары да ұлы, мысалы: М.Әуезов, Ш. Айтмағамбетов, Қ. Сәтпаев, О. Сүлейменов, М. Мақатаев, Д. Қонаев, Ғ. Мұстафин, С. Мұқанов, т.б. Қазақ елі ұлыларға толған сайын көркейе бермек.

Біреу тарихқа ел билеп кіреді, қайсыбірі күрестің тартыстың азабын кешіп кіреді, қайсыбірі таза еңбегімен кіреді, бұл тегі тарих заңы болуы керек, тарихты оқып, ардақтай біліңдер.

ХІХ ғасырда Тәуке жеті жарлық жазды, ХХ ғасырда Н. Назарбаев 8-жолдау жазды, ХХІ тоғыз жолдауды кім жазар екен?

Не көп саясаткер көп, олар өздерінің жақын нысанасын, оқ жетер жердегіні көздейтін адамдар. Саяси қайраткер оқ жетпесті болжап, дөп басып айтатын ке- меңгер. Елбасы Н. Назарбаев өзінің халыққа «Жолдауы-2030» арқылы нағыз саяси қайраткер дәрежесіне жетті, саяси қайраткер—халық көсемі, ұлт мақтанышы.

Қ. Абай—қазақ поэзиясының темірқазығы,  Ә. Мұхтар — қазақ прозасының құс жолы.

Ұлы адамдар барлық артықшылығымен және ерекше зұлымдығымен де ұлы қалпында қалады. Тарихтын таң каларлық осы құпиясын біріміз түсінеміз, біріміз түсінбейміз, келер ұрпақ бұл туралы не дер екен?

Ұлы дана, әлемде теңдесі жоқ композитор В. А. Моцарт мың ғасыр өтсе де ұрпақтар ұшін отыз алты жасында қалып жасара береді, себебі оның жазған музыкасының өзі адамның жаны ма деймін?

Әбділдә Тәжібаев атамыздың өлең мен поэмаларын сүйсініп оқитын едім, бір аңғарғаным өлеңнің жыршылдығы, тілге жеңілдігі, шыншылдығы, сенімділігі, нәзік жіптей лирикалығы ұнайтын. Әбділдә қазақ поэзиясының таңдаулы аталарының бірі болған, өлең дүлділі, әлем «құлагері».

Макс Планк өзі ашқан «квантпен» ХХІ ғасырдың энергетикалық қорын жасады. Планк—  пайғамбар ғалым.

Қ. Абайды әлемге үш адам әйгілі етті: өзін-өзі, Ә. Мұхтар және Н. Назарбаев.

І Шын дана өткенді де, бүгінгіні де, ертеңгіні де ойға түйінді,тілге орамды, көңілге сенімді ете суреттейді.

 Ж. Жабаев ауыз әдебиетінің шын алыбы, айтыстың періштесі, сиынып жүріңдер.

 С. Сәкен поэзиясы да, прозасы да, топ жарған тұлпар,ғасырдан-ғасырға шабады.

Ж. Ілияс тілінен бал тамған, сөзінен күн жылуы сәулеленген ақын, оқыңдар, қызығыңдар.

А. Жұбанов қазақ қөркем өнері мен музыкасының өз заманындағы құдайы болды.

Сапарғали Бегалин атамыз дүние жүзі балалар әдебиетіаталарының қатарындағы бірден-бір қазақ ақыны.      

Ғабит Мүсірепов атамыз қазақ саанасына сүйіспеншілік пен махаббатты әкелген қаламгер. Ғабиттың әр сөзі қанатты, ойланып-толғанып оқысаң, өзіңді аспанға көтеріп әкетеді.

Әр дәуірдің өз көсемі, шешені, батыры болады, оларды сынап сөз айту жөн емес. Пір ете сиынып, мақтан ете жырлау керек.

Әр дәуірдің, әр заманның сәті түсер сағаттары бар, Елбасы Н. Назарбаев соны түсініп, келешекті межеледі, халқын тарықтырмас жол нұсқады, бүл көсемдік болжау екені анық.

 Әр ғасырдың адамын, сол ғасырдың үнімен сылаңдар, бірақ ғасыр жетпейтін даналар барынұмытпаңдар.                                     



«Қазақстан-2030» Елбасының үні, жүрек жарды сөзі, іске кірісіңдер, азаматтар деп түрғандай. Қадамың, қарышың сәтті болсын!

Зейнолла Қабдолов ағамыз Ә. Мұхтардай ақ иықты алып талант иесі, бүкіл қазақ елінің пір тұтатын азаматы, жазушысы, сыншысы, әрі ғұлама ғалымы.Қорқыт бабамыздың қобызы аққу болып сұңқылдап, ғарышты кезіп өмірдің шексіз екендігін паш етуде. Дәулеткерейдің күйлері — философияның дауылпазы, өзі қандай ақсүйек болса, күйлері де сондай ақсүйек, асқақ, асау, тұсау салдырмайды.

Біз ұлылардан адамгершілік пен әділеттілікті, рухани сарқылмас күшін де аламыз, ойланып-толғанып, қуана еске аламыз.

Ұлыларды «ұлы» деп пір тұтатын қарапайым халық, ол болмаса, ұлылар «өлі арыстан» сияқты болар еді. Ұлылықты қарапайым халық жасайды.

Ұлылық пен зұлымдық қатар өмір сүрмесе, тарих жасамайды. Ұлылар бар жерде зұлымдар да бар, ол Жердің екі полюсі сияқты, бірімен бірі тіл табыспайды.

Бауыржан Момышұлы ХХ ғасырдың ортасындағы жарық болып жанған ұлттық жұлдызымыз, ар қжданымыз, батыр батыл, ер қолбасшымыз, жазушы данагеріміз.Ұлттың ұйтқысы, қазақтың күші, мақтанышы!

Мұқағали Мақатаевтан неше түрлі бақыт бар деп сұрағанда, ол : «Сен үшін неше бақыт барың өзің айтарсың, мен үшін үш түрлі бақыт бар: біріншісі халқым, екіншісі  тілім, үшіншісі Отаным.»

Бауыржан Момышұлынан: «Адам қайдан тараған?», деп сұрапты бір қалжыңбас әскері. «Мен Ч.Дарвиннің маймылдан жаралғанын білемін,  ал өзім «Көк Бөріден» жаралғам!», депті.

Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз.

Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты XX ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді. Ол кезде империяның буына семірген Ресей күресінің қожайындары қазақты шын мәнінде менсінбеуші еді. Қажымұқан сондай ортада намысын жатқа берген жоқ. Кеудесін ешкімге бастырмады. Күрес қожайындарының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді, еңсесі түспеді.



Ыбырай Алтынсарин – бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заманның  өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған  көрнекті тұлға. Ол өзінің ағартушылық,   педагогтік, ақын-жазушылық тарихи қызметі  мен зор талантын, жан-жақты  терең білімі мен қайрат-жігерін елдің "желкілдеп өскен көк шөптей" жас ұрпағын оқытып, тәрбиелеуге, қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып,  оқушыларды өз кезінің озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп түрлеріне үйретуге арнаған.
Ыбырай бұл жолда сан алуан кедергілер мен қиындықтарды жеңе отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді, сөйтіп, туған халқының мақтан тұтатын ардақтысына айналды.
Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді.
Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған.
Әбу Насыр әл-Фараби – Отырардан шыққан қыпшақ

Ежелгі Ұлы Жібек жолында, кең арналы Сырдария өзенінің жағасында бой көтерген осы Отырар қаласы бағзы замандарда Фараб атауымен әйгілі болған. Осы бір құтты мекенде әл-Фараби жарық дүниеге келіп, жастық шағын өткізген. Әбу-Насыр Мұхаммед әл-Фараби Фарабтың өзінде емес, соның маңындағы Весиж қалашығында туған. Алайда Весижді ешкім біле бермейтін, ал Фарабтың атақ-даңқы сол кездің өзінде шартарапқа кеңінен мәлім еді. Арыс өзенінің Сырдарияға құяр сағасына таяу орналасқан бұл қаланы қыпшақтар Қарашоқы деп те атаған.

Ортағасырлық ұлы ғұлама, асқан ойшылдың отаны – Фараб шаһары қазіргі Оңтүстік Қазақстан өңірінде орналасқан. Ол Араб халифаты құлағаннан кейінгі уақытта мұсылман әлемінің саяси және мәдени орталығы болған.

Американдық ғалым Майкл Харттың « Тарихтағы 100 ұлы адам» деген ғылыми еңбегі батыс елдерін дүр сілкіндірді. Бұл еңбекке енген, атақтары дүние жүзіне белгілі 100 ұлы адам компьютердің көмегімен  зерттеліп, іріктелініп алынған.

Сонымен, компьютер экранына ең бірінші болып есімі жазылған тарихтағы ең ұлы адам кім?

Тағдырдың жазуы бойынша фәни өмір өз ағымымен жылжып өтіп жатыр. Бұл дүниеге неше түрлі адамдар: қарапайым, данышпан, ұлы адамдардың талайы келіп-кетті. Бірақ, ұлы адамдардың ішіндегі ең ұлысы, құпиясы мол тылсым дүниенің сырын ашып, халықты мол бақытқа жеткізген, есімі ел арасында дастан болып айтылып жүрген, тарихтағы ең ұлы адам кім?

Компьютер өз заманында халықты бақытты өмірге бастаған немесе халықтың жүрегіне  болашаққа деген үміт отын жаға білген жүз ұлы адамды таңдап алып, оларды сарапқа сала отырып, тарихтағы ең ұлы адам кім екенін тапты. Мұндай жоғары бағаға ие болған ұлы адам мына шарттарға сәйкес болуы керек:

Халыққа әкелген сенімі.

Халықты басқару ерекшелігі мен халыққа тигізген пайдасы.

Өз жеке басының ұлылығы.

Компьютерлік сараптау нәтижесінде экранға тарихтағы №1 ең ұлы адамның есімі жазылады. Бұл есім – хазірет Мұхаммед (с. ғ. с.) Пайғамбарымыздың есімі еді. Бұдан кейін бірнеше рет барлық мәліметтер мұқият тексеріліп, қайта-қайта сараптау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде Пайғамбарымыздың есімі компьютер экранына бірінші болып шыға берді. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с. ғ. с.) өмірбаяны үш шартқа да сәйкес болатын.

Басқа ұлы адамдар өмірінде бұл үш шартқа толық сәйкес болмайтын ауытқушылықтар бар болып шықты. Екінші болып Мұса (ғ. с. ), үшінші болып Иса (ғ. с.) пайғамбарлардың есімдері жазылды.

Иә, компьютер экранында есімі бірінші болып көрінген Пайғамбарымыздың мәртебесі барлық адамдардан да жоғары және оның таратқан діні – Ислам діні күні бүгінге дейін бүкіл жер жүзіне нұрын шашып, адамдарды бірлікке, адамгершілікке, инабаттылыққа шақырып, болашақ бақытты өмірге жарқын жол көрсетіп келеді.

Тіпті, бір кезде мұсылмандарға жұлдызы қарсы болған француздардың дүние жүзіне белгілі «Ле пойндт» журналының 1979 жылғы желтоқсан айында жарық көрген санында Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с.) «1979 жылдың ең ұлы адамы» деп жарияланған.

Журнал бұл таңдаудың себебін былайша түсіндіреді: «Өйткені бұл адам – Мұхаммед (с. ғ. с.) 571-634 жылдар аралығында өмір сүрсе де, күні бүгінге дейін өзінің үлгі-өнегесімен, ақыл-парасатымен адамдарға тигізер әсер-ықпалы зор және дүние жүзі халықтарының бестен бірі (қазір төрттен бірі) осы адамның көрсеткен жолымен жүріп, өмір сүруде».

Пайғамбарымыз қайтыс болғаннан кейін 1345 жыл өткен соң батыс елінде «Жылдың ұлы адамы» болып тағы да пайғамбарымыздың таңдауын ойлап көрсеңіз, шындығында хазірет Мұхаммедтің (с. ғ. с.) Алланың елшісі екеніне дәлел және халықты шынайы бақытқа жеткізуші екендігіне көзіміз жетеді. Иә, бұл жалған өмірге келіп-кеткен бірнеше миллиард адамдардың ең ұлысы – Мұхаммед (с. ғ. с.) Пайғамбарымыздың қасиетті есімі кейбір елдерде кітап мұқабаларына жазылса, кейбір елдің дүние жүзіне белгілі құрмет тақтасында жазылған.



Американың Нью-Йорк қаласындағы «Бруклин» мұражайында бас қақпаның жанындағы бөлмеде Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с.) есіміне арнаулы жер бөлінген. Мұражайдың суреттеріне де анықтап қарайтын болсаңыз, сарайдың жоғары жағында бір айрықша белгімен бөлінген белгілерді көреміз. Бұлар – дүние жүзіне аттары әйгілі ұлы адамдардың есімдері және олрдың белгілері. Тек қана Мұхаммед Пайғамбарға (с. ғ. с.) бөлінген №1 орынға Ислам дінінің ереже-шарттарына сәйкес ешбір белгі қойылмаған.

Тақырыбы:Менің қызығушылықтарымның әлемі

Мақсаты: Оқушылардың өмір туралы білетіндерін, өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын ояту. Өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салдыру өмірдің ең маңызды «қымбат» сәттерін оқушылармен пікірлесе отырып талдау. Сонымен бірге өмір сүрудің қиын жақтарын шешуде өз күштеріне сене білуге, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу. Өмірден өз орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету
Өтілу түрі: ойталқы.
Көрнекіліктер: өмір туралы қанатты сөздер, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. ұйымдастыру;
ІІ. қызығушылықты ояту.
*Кіріспе сөз
*Ойланайық, пікірлесейік, өнерді ортаға салайық
*Жағдаяттар
*«Мен өмірге ғашықпын» оқушы шығармашылығы
*Жүректен – жүрекке
*Қорытынды
Сынып сағатының барысы:
І ұйымдастыру;
Мұғалімінің кіріспе сөзі: ХХІ ғасырда өмір сүріп отырған біздерді ойландырар мәселе бұл «Өмір деген не?» оның мәні неде? Осы мәселені шешу үшін біздер бүгін осы жерге жиналып отырмыз.
Біз бұл мәселені талдамас бұрын ортамыздан сарапшыларды сайлап алайық.
(Қатысып отырған мұғалімдердің ішінен сарапшыны сайлаймыз. Сарапшылардың міндеті сабақ барысында жақсы қатысып отырған оқушылардың жауаптары мен өзіндік көзқарастарына талдау жасап, соңынан марапаттау.)
ІІ Қызығушылықты ояту.
Өмір туралы қысқаша мәлімет, түсінік
Өмір қарапайым да, тегіс немесе жылтыр емес.
Өмір – бұл жалын, ендеше отта бір нәрсенің жануы тиіс.
Өмір – бұл жарық сәуле, ендеше біреуді соқыр қылар,
Өмір – бұл күрес, ендеше күресте біреу жеңуі тиіс.
Өмір. Бұл сөзде терең мән жатыр.
Өмір – бұл гүл бір маусымдық гүлдейтін
Өмір – бұл құс үш көктем ғана тіршілік ететін
Адам өмірі бұл ел тағдыры.
- Осы айтылған сөйлемде қандай сыр жатыр? Біз гүлсіз, құссыз тіршілік ете аламыз ба? Шынымен де өмір деген не? Өмір сүру деген не? Адамға өмір сүруге болады, ал сол тіршілік ету барысында өмірді елеусіз, сұрықсыз өткеретіндер де болады.
Ойланайықшы балалар, жақын арада сіздер ересектер сияқты өмірдің бір белестерімен араласасыз. Сол кезде сіздер өмірді қандай тәжірибемен алмастырасыздар? Отбасыңыздан алыста қалай өмір сүресіздер? Бұл сұрақты тек ата - аналар ғана қоймай, сіздерге тәлім - тәрбие беретін ұстаздарыңды да ойландырады. Сонымен «Қызығушылық» - деген не? Осы сұраққа жауап іздеп көрейікші.
Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Өз ойларын ортаға салады.
1 оқушы: Ұнатусыз, құштарлықсыз, қызығушылықсыз расында өмір тұл. Қанша миллиард адам болса әрбірінің сүйікті адамдары мен сүйікті істері бар. Әр таңды сол адамдар мен сол істер үшін асыға, үмітпен қарсы аламыз. Шаршап-шалдыққанда жанымызға жақын сол жандарды, рахатқа бөлейтін ұсақ-түйек істерімізді ойлап, қайта құлшынамыз.
2 оқушы: Мен ең алдымен ән айтқанды ұнатамын, өзім ес білмейтін шағымда басталған). Кәсіби түрде емес әлбетте, әйтеуір әнсіз өтетін күнім жоқ. Бұл қызығушылығым туралы бұрынғы жазбаларымның біразында сөз болған. Қазір өз бетіммен гитара үйренуге тырысып жүрмін, гитарамен ән айтқан бір ғанибет.

***Ммм.. тағы бір қызығушылығым (мүмкін қажеттілік) – киімнің өзіме ұнамай тұрған немесе жетіспей тұрған тұсын өзгертіп тіккім келеді де тұрады). Үнемі сәтті шыға бермейді, әрине. Анау ашық түсті көйлекті сәл әдемілейін деп атлас лентадан белбеу тігіп алдым, сыйлықтың лентасына ұқсап қалды). Мынадай қарапайым пішімдегі белдемше тігуді үйрендім ғаламтордан, қолым үйренгесін құрбыларыма тігіп беріп жүрмін. Бала кезімнен келе жатқан тағы бір қызығушылық – сурет салу. Уақыттың тапшылығын сылтауратып жүрміз ғой, соңғы уақытта жақындарымның өтінішімен ғана (қабырға газеттеріне) саламын, онда да сирек. Бірақ қол үзіп кетпесем деймін. Мұнда жариялағаным өзіме ұнайтын суреттердің бірі – қара қарындашпен салынған аққу.

  ***Кітап жинаймын деп мақтанайын десем жеке кітапханам әзірше үлкен емес, тек жеке өзіме арнайы қолтаңба қалдырылған немесе арнайы өзім сатып алған кітаптардан құрастырып жатырмын. Папамдардыкін тек уақытшаға аламыз ғ

****Әзірге осы. Жаратқан ғұмыр берсе көңіл көкжиегін ұдайы кеңейте отырып, жаңа нәрселерді үйренгенге не жетсін. Қызығушылықтарымыз Өмірге құштарлығымызды арттыра берсін!



Оқушыларға тапсырма
1. Үш қатарға үрілген үш шар беріледі. Осы шарды қолдарыңа ұстай отырып әркім өзінше іштей ойлайды және оны қағаз бетіне түсіреді.
Мұғалім сөзі: Мына үш шарды қазір үш қатарға беремін, сіздер осы шарды қолдарыңызға ұстаған кезде қандай сезімде боласыздар, ал ол сезімдеріңді сыртқа шығармай іштей ғана ойлайсыздар да қасыңыздағы көршілеріңе бересіздер. Ол да іштей ойланып келесі адамға береді. Соңынан алған адам шарды соңғы партаға немесе жерге қоясыздар. ((((
2. Өздерінің ойын ортаға шығып талдайды.
Оқушылардың пікірі:
3 оқ: Мен бұл шарды ұстаған кезе өзімнің бойымда бір күш пайда болғандай болды. Меніңше осы жерде отырған оқушылардың да бойында сондай сезім болған болар, бірақ әр кім өзінше ойлап, өзінше болжайды ғой.
4 оқ: Мен бұл шарға қараған кезде, кәдімгі ерекшелігі жоқ шар деп. ойладым. Ал оны қолыма ұстаған кезде жанымдағы көршімнен бір жылудың шапағатын сезгендей болдым. Мүмкін іштей жақсы тілектер ойлаганнан соң ба, өзімде таң қалып отырмын.
5 оқ: Мен бір мейірімділікті сезгендеймін.
6 оқ: Маған бұл шарды берген кезде, мен жылылық пен туыстық және рухани сезімде болдым. Сонымен бірге мына отырған оқушылардың ойын оқығандай сезімде және балалық шағымды есіме түсірдім.
7 оқ: Маған шарды берген кезде, мен көршімнің жүзінен бір жақсылықтың нышанын сездім.
Мұғалім: Ал мен сіздерге шарды бергенде мынадай оймен бердім: Бұл әр қайсымыздың өміріміз яғни сіздердің өмірлеріңді қолдарыңызға бердім. Сол кезде менің байқағаным, сіздер шарды сондай ептілікпен, нәзіктікпен ұстап көршілеріңізге беріп отырдыңыздар.
Мұғалім: Балалар мен сіздерге мынадай шағын әңгіме оқып берейін. «Ертеде бір жас адам шалшық жолмен келе жатып, алтын теңге тауып алады. Еңкейіп көтеріп алған соң, әрі қарай алтын теңге іздеуге кіріседі. Ойлағанындай болып кейде оған алтын теңгелер табылып отырады. Өмір солай өз қарқынымен жүре береді. Жас адам еңкейіп, қарттық жеңіп, өмірінің соңғы сағаттары соққанда, артындағылар қарттан сұрайды «Өмір» деген не? Сіз оны білесіз бе? – дейді. Сонда қарт адам: «Өмір – бұл шалшық жол, бірақ кейде алтын теңге табылатын» - деп бұл өмірден өтеді»
Сұрақ:- Қалай ойлайсыздар, қарт бұл сөзбен не айтпақ болды?
(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)
8 оқ: Бұл жерде қарт өмірдің жақсы және қиын шақтары болатындығын. Кейде жолың болып, кейде жолыңның болмауын түсіндіргені деп ойлаймын.

9 оқ: Қарт кісі өзінің артындағы ұрпағына өмірдің өзіндік қиыншылықтары бар екендігін екі ауыз сөзбен жеткізген ғұлама деп ойлаймын.
Тамыр – ол сіздің отбасыңыз. Сіздерге өмірдің негізін қалайтын, күш беретін, өмірге қызығушылық тудырады.. Бұтақ – ол сіздердің білімдеріңіз, өмір бойы жинайтын. Оның сонымен бірге жемісі болады, ол сіздердің жетістіктерің!
Мына үзіндіге құлақ түрелік: « Алла тағала адамды балшықтан жасағаннан кейін, оның қолында шағын ғана саздың бір түйірі қалады.
- Саған тағы нені жасайын? – деп сұрайды Алла адамнан
- Маған бақытты жасап берші - дейді адам Аллаға.
Алла адамға ештеңе айтпастан қалған түйірді адамның алақанына салады....»
Ендеше мен де сендердің қолдарыңа сондай түйірді саламын.(ол жасыл және қызыл алмалар өмір ағашының жемісі) ендеше бәріміз бірлесе отырып «Өмір» сөзіне түсінік берейік. Яғни, бізді бір сөзбен айтқанда адамды бақытты ететін.
Ағаш: (Ер балаларға көк алама, ал қыз балаларға қызыл алма беріледі). Тақтадағы «Өмір ағашының» бір бөлігінде жасыл, ал екінші жағында қызыл алмалар ілінеді.
(Алмалардағы жазылған тілектер оқылады.)
Келесі тапсырма:
«Үшеу отырып жердегі қақ суға қарайды. Біреуі өзін көреді, екіншісі ай мен жұлдызды, ал үшіншісі батпаққа қарайды. Әр кімнің өз ойы, өз мақсаты бар, өз көзқарасы бар....»
Сондықтан бүгін сіздердің өмір ағаштарыңның бейнесі өзгеше болды. Бірақ адамдарды өмірде бір жол бар қызығатын, ол - БІЛІМ!
Мұғалім:
Сұрашы сен өмірден, қай жолменен жүруге?
Мына әлемнің бұрышын, шарлап әлде кетсең бе?
Жарық берер күнге ме?
Бұл жолдың да торабы түсініксіз болады.
Сондықтан да сен достым.
Мейірімнің жолында, тура жүрші әрдайым!
Балалар сендердің өмірлерің өз қолыңызда, тағдырыңды шешуші де жалғыз өздерің!

Қорытынды: В. А. Сухомлинскийдің сөзімен аяқталады: «Сіздер адам арасында өмір сүресіздер. Сіздердің әр жасаған қылықтарың айналаңдағы адамдарға тарайды. Сондықтан сендер мынаны білуге тиіссіңдер, орындалатын және орындайтын әр нәрсенің өзіндік құны мен өзіндік шекарасы болады. Сіздердің қалауларыңыз – бұл жақыныңның қуанышы мен көз жасы. Сондықтан өзіңнің әр қадамың мен қалауың айналаңдағы адамдарға тек қуаныш пен шаттық және сәттілік әкелуі тиіс...…»
Мұғалімнің қорытындысы: Балалар мен де сіздердің өмірлеріңізге тек қуаныш пен шаттық және сәттілік әкелуіне тілектеспін!

            Қыз балалар жалпы жылтыр, әдемі нәрселерге әуес келеді. Кейбір қыздар косметика, сөмке, әтір, т.б. жинауға құмар. Мен сырға сатып ала бергенді, әр күнге әртүрлісін таққанды ұнатам). Көшеге боянбай-ақ шығуым мүмкін, бірақ ешқашан сырға тағынбай шықпаймын. Алтыны да, күмісі де, жай темір түрі де бар, неден жасалғанына қарамаймын, тек көзге нәзік, сүйкімді көрінсе ала беремін. Әсіресе Swarovski-дің бұйымдары ерекше ұнайды. Күнделікті тағынатындарымды осындай қаңылтыр қорапта, жақын маңайда ұстаймын. 



            Сосын барша әйел затына тән – қолдан бұйым жасауды ұнатамын. Аздап қолымнан келетіні – кесте тігу, ілмекпен тоқу. Бір осал тұсым – қолымнан шыққан нәрселерді жинамайды екенмін, ұнатқан адам алып кетеді немесе жоғалады. Кестелеп салынған біраз картиналар қайда жатқаны белгісіз, мұндағы суретте соңғы тіккенім – шағын пейзаж (15х25 см). Кесте тігу адамға керемет демалыс сыйлап, сабырлы етеді. Етпегенде қайтсін)... арнайы матасының торкөздері тым ұсақ, осы пейзажға 3 айдай уақыт жұмсадым (жұмыстағы үзілісте), 14 түрлі түсті жіп кетті. Тоқыған шарф, снудтарымды қыста тағынам. Бөпелі болып жатқандарға шұлық тоқып сыйлаған ұнайды (сапалы суреті өзімде жоқ екен).
               

Сабақтың тақырыбы: : Ауылшаруашылық, мал шаруашылығы мамандығы
жөніндегі мәліметтер
Сабақтың мақсаты: 
білімділік: : Ауылшаруашылық, мал шаруашылығы мамандығы жөніндегі мәліметтер
туралы мағлұмат беру. 
дамытушылық: болашақтағы өз мамандықтарын дұрыс таңдай білу қабілетін дамытуға жағдай жасау.
тәрбиелік: ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, өз мақсатына жету жолында қажымай, талмай еңбек ете білуге тәрбиелеу
1. Сабақтың мазмұны: І-ІІІ кезеңдік тапсырмалар
2. Сабақтың әдіс – тәсілдері: І кезең сұрақ – жауап. ІІ кезең оқулықпен жұмыс жасау, нұсқау картасымен жұмыс, ІІІ кезең үш деңгейлік тапсырмаларды өз бетімен біртіндеп орындату арқыла бағалау әдістері.
3. Формасы: І кезең – фронтальды, жеке; 
ІІ кезең - а) фронтальды б) ұжымдық в) топтық
ІІІ кезең - жеке ұжымдық 
4. Көрнекіліктер:

І кезең – жұмыс дәптер, тақтадағы ашық журнал, мұғалім мен оқушылардың жеке журналдары;

ІІ кезең- а) оқулық,

ІІІ – кезеңде жұмыс дәптер, тақтадағы «ашық журнал», мұғалім мен оқушылардың жеке журналдары
Сабақтың өту барысы:
І кезең а) ұйымдастыру

ІІ кезең: а) мұғалімнің көмегімен мамандықтың түрлері туралы дискуссия жүргізу: 
Сабақтың тақырыбы: Ауылшаруашылық, мал шаруашылығы мамандығы
жөніндегі мәліметтер
І кезең
а) Ұйымдастыру кезеңі 
ІІ кезең
Жаңа сабақты өз бетімен меңгерту тапсырмалары
Теориясы:
«Білу» (кім?, не?, қашан?, қайда?, не істеді?)
Бос орынға қажет сөздерді жазып, сұрақтарға жауап бер
1. Ауылшаруашылығының негізгі салаларына нелер жатады?
Жауап: Ауылшаруашылығының негізгі салаларына мал шаруашылығы мен жер шаруашылығы жатады
2. Фермер мамандық иесі қандай жұмыспен айналысады?
Жауап: Фермерқұылыс жұмыстары, ауылшаруашылығы техникасымен жұмыс істеу және оны жөндеу; мал  шаруашылығында қарамағындағы малды көбейту және емдеу; жер шаруашылығында көкөніс, жеміс-жидек және дәнді дақылдарды өсіру, тарату; 
3 Бұл сферадағы мамандықтар қалай аталады?
Жаупа: Фермер, агроном, лаборант-эколог,селекционер т.б
4. Мал шаруашылығы бізге қандай өнімдер береді?
Жауап: Малшаруашылығы бізге ет, сүт, жұмыртқа, бал т.б өте құнды азық түліктер берсе, жеңіл өнеркәсіпке шикізат (жүн, үлбір) береді
5.Мал шаруашылығына қатысты қандай мамандық атауларын білесің?

1. Лаборант-эколог мамандық иесі қандай жұмыспен айналысады?
Жауап: Су, жер, ауа, өсімдік жағдайын зерттейді
2. Жер шаруашылығының салаларына нелер жатады?

Теориясы:
«Түсіну» ( неліктен? себебі? не үшін? неге?)
Бос орынға қажет сөздерді жазып, сұрақтарға жауап бер:
1. Жүрек қан тамырлары, буын, бүйрек аурулары бар адамдарға фермер болып жұмыс істеуге неліктен тыйым салынған?
Жауап: Фермер болып жұмыс істеу үшін денсаулық, еңбексүйгіштік, оптимизм, ауа райының жағымсыз күндеріне, сәтсіздікке шыдамдылық қажет. Ол өндіріс ғимараттарында,(жылыжай, ферма т.б), сол сияқты ашықауада жұмыс істейді. 
2. Оператор мамандығы неліктен мал өсіретін фермаларда және сүт бағытындағы кешендерде ең кең таралған?
Жауап: Себебе қазіргі кездегі ферма жұмысшыларынан талап етілетін нәрсе, ол әртүрлі жабдықталған машиналармен, микроклиматты басқарып отыру үшін автоматты құрылғылармен, сондай-ақ жарықтандыру аппататтарымен жұмыс істей білу.Мысалы, бұзауларды шипалық және профилактикалық сәулелендіру, Жемді дайындау және бөліп беру,көң тазалау, сумен қамтамасыз ету жүйелері де техниканың тілін білетін жұмысшыны қажет етеді. 
3. Мал шаруашылығына неліктен зооинженер-селекционер мамандығы қажет?
Жауап: Себебі,бұл мамандықтың иесі тірі организімдердің конструкторына айналады, олардың жағдайын одан әрі жақсарту мақсатында тынымсыз еңбек етеді. Ол – жүйелі түрде жемшөпті өңдеуші. Жемнің пайдалы әсерінарттырып,коэффициентін көтереді, биологиялық өнімділігін жетілдіріп отырады.
Теориясы:
«Талдау »  (салыстыр, ерекшелігі неде? т.б және ең бастысын бөліп шығар ) Мал шаруашылығына қажетті мамандықтар Жер шаруашылығына қажетті мамандықтар
Ұқсастығы Фермер, селекционер
Айырмашылығы оператор,  мал дәрігері агроном, лаборант-эколог
Теориясы:
«Жинақтау» (кесте, сызба,сөзжұмбақ, ребус т. б анықтама бер )
Сөзжұмбақ «МАМАН»

м а л ш а р у а ш ы л ы ғ ы
а г р о н о м
м а л д ә р і г е р і
а у ы л ш а р у а ш ы л ы ғ ы
н а у қ а н
1 Ауылшаруашылығының негізгі салаларының бірі
2 Жер шаруашылығы саласының маманы
3 Малшаруашылығы саласының маманы
4 Жер шаруашылығы мен мал шаруашылығының жалпы атауы
5 Жұмыстың нағыз қызған мезгілі қалай аталады?
Практикасы:  «Қолдану» (қарапайым тапсырмалары )

1. Ауылшаруашылық жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастырумен айналысады, өсімдіктерді зертхана жағдайында және егістік жағдайында зерттейді. Жер ресурстарын рациональды пайдалануға және қоршаған ортаны қорғауға қатысатын маман иесі қалай аталады? Жауап: Агроном 
2. Мал дәрігерінің атқаратын міндеттері қандай?

ІІІ бағалау кезең (жеке жұмыс)
Деңгейлік тапсырмаларды орындап балл жинаңдар
І деңгей (5 балл)
Теориясы: « Білу » (кім?, не?, қашан?, қалай?, не істеді?)

Сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Селекционер маманы қандай шаруамен айналысады?
Жауап: Өсімдіктердің жаңасорттарын шығарумен және ауылшаруашылығы жұмыстарын жобалы түрде жүргізумен айналысады.
2. Инкубация дегеніміз не?
Жауап: Инкубация – бұл тіріконвейерді жіберу периоды, сондай – ақ жұмыртқа мен ет өндірісінің нәтиежесі көбінесе осы бастаманың сапасына байланысты болады. 
3. Көбінесе отбасымен бірігіп істейтін мамандық қалай аталады?
Жауап: Фермер
Практикасы: «Қолдану»  (ІІ кезеңдегі қолдану үлгісі бойынша) 

1. Агроном мамандығы бойынша жетістікке жету үшін адамның бойында қандай қасиеттер болу керектігін айт.
Жауап : Өз іс-әрекетініңнәтиежесін алдын ала болжай алу, өздігінен шешім қабылдай білу, күтілмеген жағдаяттарда тез іс-әрекет жасау, есте сақтау қабілеті жоғары болу, болып жатқан нәрселерге мән бере қарау, денсаулығы мықты, өсімдікке аллергиялық реакциясы жоқ болуы
ІІ деңгей (5 балл+ 4 балл) =9 балл
Теориясы:  «Түсіну» (неліктен?, неге? ) 
Сұраққа жауап бер:
1. Инкубация кезінде неліктен оператор жетекші рөл атқарады?
Жауап:Инкубация кезіндегі оператордың негізгі міндеті – салынған жұмыртқалардан барынша көп және денсаулығы жақсы шөжелер алу. Сонымен бірге инкубация стадиясы кезінде оператордың жұмысы- инкубация жұмысын бақылаушы аспаптарды тексеру және тексеру нәтиежесін жазып отыру, режим бұзылған жағдайда тез арада оны орнына әкелу. Инкубацияның белгілі периодында оператор жұмыртқаларды тексеріп шығарады, жұмыртқадағы ұрықтың даму барысын ондағы суды тексеру арқылы бағалайды және оны нормамен салыстырады.
Теориясы: « Талдау» (салыстыр, айырмашылығы неде? Сұрақтары  қатыстырылған тапсырмалар болуы керек)
Агроном мамндығы мен лаборант –эколог мамандығының айырмашылықтары мен ұқсастықтарын тап
Агроном Лаборант - эколог
1.Ауылшаруашылық жұмыстарын жоспарлайды
2.Ұйымдастырады
3.Өсімдіктерді зертхана жағдайында зеттейді
4.Өсімдіктерді егістік жағдайында зерттейді
5.Жер ресурстарын рациональды пайдалануға қатысады
6.Қоршаған ортаны қорғауға қатысады 1. Су, жер, ауа, өсімдік жағдайын зерттейді

ІІІ деңгей: (5 балл + 4балл + 3 балл = 12балл)
Теориясы: «Жинақтау» (мазұмынды кесте, сызба, ребус, т. б түрінде)
Сызбамен көрсет
Фермер
Малшаруашылығына  қатысты мамандықтар

А)Мал дәрігері Ә)Лаборант – эколог Ь)Зооинженер – селекционер В)Оператор
Жер шаруашылығына 
қатысты мамандықтар Агроном  Селекционер
Практикасы:  « Баға беру» ( сен қалай ойлайсың? Сен не істер едің?)
Жауабын жаз:
Егер саған ауылшаруашылық мамандығының біреуін таңдауға тура келсе қандай мамандықты таңдар едің?
Біріншіден өзімнің туған жеріме қандай мамандық иесі керек екеніне мән берер едім. Керек мамандықты таңдаймын.Егер қажет болмаса қыз бала болғандықтан лаборант – эколог мамандығын таңдаймын деп ойлаймын

Сабақты қорытындылау.
1. Дүниежүзіндегі қойы көп ел –
А) Қазақстан В) Ресей С) Австралия
2. Елтаңбада қай түлік түрі бейнеленген?
А) Түйе В) Қой С) Жылқы
3. Шөл дала кемесі деп нені айтамыз?
А) Түйе В) ешкі С) Қой
4. Жылқы пірі
А) Ойсылқара В) Зеңгі баба С) Қамбарата
5. Әйгілі күріш өсіруші кім?
А) Шығанақ Берсиев В) Ыбырай Жақаев С) Абай Құнанбаев
6. Суармалы егіншілікке қандай өсімдіктер егіледі?
7. Тауықтәрізділерге қандай құс жатады?
А) қаз В) тауық, күркетауық С) шағала
Үйге тапсырма
Егіншілік пен мал шаруашылығы оқуға тыйым сөздер мен мақал - мәтелдер жазуға.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет