62
Қазақстандағы
діни сенім бостандығы туралы
Қазақстандағы феминизм мәселелері жөніндегі
қоғамдық белсенді Айкерім Тахановамен ислам діні
туралы сұхбаттың хаттамасы
Айкерім Таханова Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қадағалауын-
дағы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы Қазақстандағы мешіттер
мен медреселердің жұмысына жоғары діни бақылауды жүзеге асыраты-
нын түсіндірді. Осылайша, ҚМДБ мұсылмандарды бақыламайды, ағарту-
шылықпен айналысады. ҚМДБ қызметінің негізгі бағыты «дәстүрлі емес
ағымдарға» қарсы күрес.
Қазақстанда халықтың басым бөлігі – дәстүрлі Исламның өкілдері, деген-
мен әртүрлі көзқарастағылар да бар. Көпшілік әлеуметке қатысты мұндай
өкілдер аз
болғанымен, бар.
Мектептерде хиджаб- орамалды киюге тыйым салынады (немесе қолдауға
ие болмайды).
72
Мемлекетіміз зайырлы болғандықтан, Қазақстан Республи-
касы Білім және ғылым министрлігі бұл практикаға, яғни қыздардың хиджап-
пен мектепке келуіне қарсы. Бұл мәселеге Білім министрлігінің жауапты
болуы Исламның (Шариғат немесе Құран) теориясына қайшы келеді. Егер
қыз бала 12 жасқа толса және оның алғашқы етеккірі келсе, онда ол басына
орамал тағып, мұсылмандық өсиеттерді орындауы керек. Мектептер бұл
практикаға үзілді- кесілді қарсы. Олар бұл міндетті емес дейді.
Қазақстанда хиджаб 2006 жылдан бастап танымал бола бастады (сон-
дай-ақ Сауд Арабиясының әсерінен де). Осы жылдан бастап исламдық бум
байқалды. Никаб (бетті тұмшалау) Қазақстанда онша көп емес, бірақ никаб
кию шынымен Сауд Арабиясының әсерімен келді. Мұны әйелдердің өте аз
(тіпті шамалы ғана) саны киеді.
Елдегі мұсылмандардың көпшілік бөлігі радикал емес екенін айта кету керек.
Әртүрлі көзқарастардағы қауымдастықтар да кез келген мешітте жұма нама-
зын бірге оқи алады. Кейбір мәселелер бойынша келіспеушіліктер болғанына
қарамастан, олардың арасында ашық жеккөрушілік жоқ.
Жалпы, мешітке кез келген адам келе алады. Діни, этникалық немесе жыны-
стық кемсітушілік жоқ.
72
Мемлекеттің ресми ұстанымы: https://egov.kz/cms/en/articles/religious_clothes (қараған
күні: 15.04.2020).
64
Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы
қатысты емес, сирек болса да, осындай жайттар кездеседі. Мемлекет осыны
бақылауды сұрайды.
Ол неке және діни сенімін өзгерту тақырыбын талқылай отырып, әртүрлі
конфессиялардың өкілдері арасындағы неке, мысалы, діндар емес мұсыл-
мандар үйленетін болса, қиындық тудырмайтынын атап өтті. Яғни, олар
өздерін мұсылмандар деп атайды, бірақ Ислам ережелерін ұстанбайды,
кейде негізгі ережелері туралы да білмейді. Мысалы, Қазақстанда қазақ
әйелдерінің орыс ұлтынан шыққан ер адамдарға тұрмысқа шығуы жиі кез-
деседі. Дегенмен, Айкерім шариғат заңдарын ұстанатын мұсылмандар ара-
сында конфессияаралық некені ешқашан кездестірмегенін де айтты. Оның
пікірінше, мұндай жайттар іс жүзінде жоқ.
Діни сенімін өзгерткен жағдайда мемлекет тарапынан ешқандай пробле-
малар туындамайды, бірақ қоғам мен отбасы тарапынан проблемалар
туындауы мүмкін.
Белгілі бір нышандары бар адамдардың сыртқы келбетін көпшіліктің қабыл-
дауы туралы мәселеде Айкерім өзінің жеке мысалына сілтеме жасайды: кезінде
бір ҮЕҰ мүшесі болған кезде оның хиджаб киюіне байланысты үлкен про-
блемалар туындаған екен, сондықтан да жұмыстан бас тартуға тура келген.
Айкерім Қазақстандағы ұйымдарға, мысалы ҮЕҰ-ға, мысалы, «Алматы қала-
сының мұсылман әйелдері» деген діни атау қоюға тыйым салуды да шектеу
деп атады. Мұндай атаумен шектеусіз атауға рұқсат етілмейді.
Айкерім 2019 жылғы 4 сәуірде Конрад Аденауэр атындағы Қормен ынты-
мақтаса отырып ұйымдастырылған, Нұр- Сұлтан қаласында өткен Гендерлік
теңдік форумына негізгі баяндамашы ретінде шақырылғанын және сөз
сөйлегеннен кейін оған ресми тұлғалар келіп оған алдын ала баяндама
жасауға рұқсат алмай дін тақырыбында сөз сөйлегені дұрыс емес екендігін
айтқанын атап өтті.
Айкерімнен Үкімет неліктен осы тақырыпқа қатысты кейбір шектеулерді
қолданады деп сұрағанда, көптеген шенеуніктердің білімі жеткіліксіз және
осы тақырып туралы ештеңе түсінбейді деп жауап берді.
Достарыңызбен бөлісу: