Баяндамашы: Рудный қаласы әкімдігінің
«№ 15 балалар бақшасы»
КМҚК әдіскері : Кузембаева
Жанна Сериковна
Тақырып: «Lego конструктор арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың ой қабілеттерін 5 білім беру салалары арқылы дамыту»
Сәлеметсіздер ме, құрметті жас мамандар қауімі!
Бүгінгі отырыста біздің қарастыратын тақырыбымыз: «Lego конструктор арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың ой қабілеттерін 5 білім беру салалары арқылы дамыту»
Мақсатымыз: Жас мамандардың лего конструктор технологиясын ҰОҚ енгізу. Өз білімдерін жетілдіру.
Лего технологиясының маңыздылығы
Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс.Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек.Баланың саусақтарының қимылы немесе ұсақ моториканың жақсы жетіліп дамуы, ол мидың және тілдің жетілуімен тікелей байланысты.Ұсақ және жалпы моториканы дамыта отырып, біз баланы мұқияттылыққа тәрбиелейміз.
Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғауларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету-тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.
Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Баланың тілі негізінен мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бұл кезеңде ағзаның барлық бөліктері және жүйелері қарқынды дамып, баланың дене және ой дамуына қажетті қозғалыстағы таным іскерлігі қалыптасады. Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады.
Тақпақты саусақтар жаттығулары ырғаққа ілесіп қимылдауына және баланың сөйлеу ырғағының қалыптасуына көмектеседі. Сондықтан баланы ерте жастан бастап шынықтырған жөн. Саусақ ойындары сөйлеу лексикасының, сөздердің өзара байланысының (диалогты дұрыс жүргізуге, түсінік айтуға,т.б.) шыңдалуына себепші.
Әдістемелік құралда берілген материалдарды жапсыру, құрастыру, мүсіндеу, құрастыру сабақтарында қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |