Бағдарламаның мақсаты: балабақша жағдайында мектеп жасына дейінгі балалардың конструкторлық қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
1.Балалардың танымдық және зерттеу белсенділігін, ақыл-ой қызметіне ұмтылысын қалыптастыру;
2.Қолдың ұсақ моторикасын, эстетикалық талғамын, конструктивтік Дағдылар мен іскерлікті дамыту;
3.Жұпта, ұжымда жұмыс істеу, міндеттерді бөлу кезінде балалардың коммуникативтік дағдыларын жетілдіру;
Іске асыру мерзімі: 1 жыл.
Бірінші жартыжылдық:
Көрнекі үлгілер мен схемалардың көмегімен құрастыру процесінде балалардың практикалық тәжірибесін кеңейту және байыту;
Сызбада бейнеленген затты анықтауға, оның функциясын көрсетуге үйрету;
Схема онда қандай заттың бейнеленгені туралы ғана емес, сонымен қатар схема бойынша құрылым құру үшін қандай материал қажет екендігі туралы, сондай-ақ бөлшектердің кеңістіктік орналасу тәсілі және олардың қосылыстары туралы ақпаратты қамтитынын қалыптастыру;
Графикалық модельдерді салыстыруға, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табуға үйрету;
Шығармашылық бастаманы және дербестігін дамыту.
Екінші жартыжылдық:
Конструктивтік және графикалық модельдерді талдау білігін бекіту;
LEGO-конструктор бөлшектерін дұрыс атау;
Нақты конструкцияны схемамен сәйкестендіру білігін бекітуді жалғастыру;
Болашақ құрылыстың мақсатын алдын ала ойлауға, қызметтің мақсатын белгілеуге үйрету;
Алынған құрылысты ойластырылған құрылғымен салыстыру;
Жұмыс сапасы мен нәтижесін бақылау қабілетін дамыту;
Құрылыс бөліктерінің кеңістіктік орналасуын орнату.
(Үлгі)
2019-2020 оқу жылына арналған «ЛЕГО - әлемі» вариативтік компонент бойынша күнтізбелік жоспары
Айлар
|
Тақырыбы
|
Мақсаты
|
Қыркүйек
|
Ойдан құрастыру
|
Кіші топта алаған білімдерін бекіту.Ойдан не құрастыратынын алдын-ала ойластырып, атын қоюды ұсыну.Өз еркімен құрастыруға еркін жұмыс жасауға үйрету.
|
Қамал
|
Кіші топта алған білімдерін бекіту.Төменне жоғары қарай құрастыру.шағын құрылыстар жасауға үйрету. Канструкторға ұқыпты қарауын қадағалау.
|
Орман құрастырамыз
|
Орман ағаштарын құрастыруды бекіту. Ағаштардың бір –бірінен айырмашылығы болуын қадағалау. Конструктор бөлшектерін дұрыс атай білуін айту.
|
Көпір
|
Көпір құрастыруды оқыту, бөлшектерін бір біріне дұрыс бекітілуін қадағалау.
|
Достарыңызбен бөлісу: |