Балалардың ұсақ қол моторикасын ойын арқылы дамыту
«Адамды жалпы тіршіліктің әмірші еткен
интеллектуалды артықшылықтар емес,
ол қол - осы органмен барлық органды меңгереміз»
Джордано Бруно
Ерте және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: қасық пен қарындаш ұстау, түйме тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Өмірінің бастапқы кезеңінде баланың ұсақ қол моторикасы қалай дамып жатқандығын, жеке интеллектуалды қабілетін байқауға болады. Қасықты, қарындашты ұстау алмайтын, түймесін түймелей алмайтын және бәтеңке бауын байлай алмайтын балалардың қолының кіші моторикасы нашар дамыған болып есептеледі. Олар шашылған конструкторларды жинау, пазаламен жұмыс жасау, есептегіш таяқша және мозаикамен ойнау өте қиын. Олар басқа балалармен ойнаудан бас тартады, осы қызметтегі жұмыс жасағанда үлгермейді. Мұндай балалар элементарлы қызметтің өзінде өздерін нашар сезінеді және бұл жағдай баланың эмоциясын мен өзін – өзі бағалауға кері әсерін тигізеді.
Әрине, мектепке дейінге жасында бала тілінің дамуы, өзіне –өзі қызмет көрсету және жазуға дайындық дағдысын қалыптастыруда ұсақ қол моторикасын дамыту және үйлестіру жұмыстарын жүргізудің маңызы өте зор. Бала өз саусақтарын қаншалықты басқара алса, оның одан әрі дамуы да соған тікелей байланысты. Ұсақ қол моторикамен қоса балалардың есте сақтау қабілеті мен назары, сондай –ақ, сөздік қоры да дами түседі.
Осыларды ескере отырып, өз жұмысымның мақсатын анықтадым: мектеп жасына дейінгі балаларды түрлі қызметтер арқылы ұсақ қол моториканы дамыту және қол қызметін үйлестіру.
Өз жұмысыма төмендегідей міндеттер қойдым:
- қол және көз, қолдың ептілігі, ритмикасы қозғалысын үйлестіру және нақтылығын жақсарту;
- саусақтар мен қол буынының ұсақ қол моторикасын жақсарту;
-жалпы қозғалыстық белсенділікті арттыру;
- сөйлеу функциясын тұрақты етуге көмектесу;
- қиялын, логикалық ойлауын, еркін назарын, көру және есту қабылдауларын, шығармашылық белсенділіктерін дамыту;
- өз құрбылары және үлкендермен қарым – қатынаста эмоционалды – қолайлы жағдай жасау;
Көздеген нәтижеге қол жеткізу үшін келесідей жұмыс түрлерін тұрақты түрде пайдаландым:
- тәлімгердің балалармен бірлескен қызметі;
- балалармен жекелей жұмыстар;
- балалардың өздерінің еркін өзіндік қызметтері.
Ұсақ қол моторикасын дамыту және қозғалысын үйлестіру мақсатында түрлі қабылдаулар мен әдіс – тәсілдер қолдандым:
• саусақтық ойын тренингісі
• қол мойнына массаж
• саусақ гимнастикасы, сергіту сәттері
• саусақ ойынды тақпақтар мен жаңылтпаштар
• саусақтық театр
• ермексаз және тұздалған ұннан, табиғи материалдардан жапсыру жұмыстарын мүсіндеу (тұқым, жарма, ұлу қабыршықтары және т.б.)
• сызудың дәстүрлі емес техникасы: қылқалам, саусақ, тіс щеткасы және май шам және т.б..
• құрылыс жасау: қағаздан, ЛЕГО конструкторымен
• бастырмалардың түлері
• графикалық моториканы дамыту
• трафаретпен сурет салу
• түр сызықпен түрлеу
• суретті аяқтау (симметрия принципі бойынша)
• лабиринттер
• дидактикалық ойындар
• М. Монтессори әдісі
• Кіші заттармен ойнау
• пазл, мозаика қолдану
Ұсақ қол моторикасы термині саусақтар қозғалысы және қолдың буындарын үйлестіру дегенді білдіреді. Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз. Педагогтар мен балалар психологының мақсаты- ата – аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуді, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы керек. Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.
Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс- әлемді танудың мүмкіндігі. Яғни, бала қозғалысы дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең бола түспек. Қолдан ұсақ-түйек заттарды жасау - балалардың ең жақсы көретін шығармашылық жұмыстары. Мұндай жұмыс балалардың қиялдарын, ойлары мен бармақтарының ұсақ моторикасын дамытады. Ұсақ қол моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді. Жасжарымдағы баламен саусақ ойындарын бастауға болады.
Бас миы мен ұсақ қол моторикасының өзара байланысы бас миының қабығы әрқайсысы бір денеге жауапты бірнеше бөліктен тұрады. Бас миының қабығында қозғалыстық сипатты анықтайтын бөлік бар. Бас миы қабығының үштен бір бөлігі қол мойнының қозғалыстық қабілетімен байланысты және мидың сөйлеу зонасы бір – біріне өте жақын орналасқан. Сондықтан егер баланың саусағы нашар дамыған болса, ол баланың сөйлеу қабілетіне әсер етеді. Осыған байланысты ғалымдар қол мойнының буынын артикуляциялық аппарат сияқты «сөйлеу органы» деп те атайды. Бала тілін дамыту үшін сөйлеу органы ғана емес сондай –ақ, ұсақ қол моторикасын да дамыту қажет.
Сухомлинский айтқандай: «Қабілет бастауы мен балалар дарыны – саусақ ұштарында. Содан шығармашылық ойдың бастаулары пайда болады. Бала қолының қозғалысында еңбек құралына деген сенімділік пен тапқырлық орын алса, қиындық туындайды, ол үшін бала ойының шығармашылық анықтық қабілетінің өзара әрекеттестігі қажет. Балада қаншалықты шығармашылық қабілет болса, бала соншалықты ақылды келеді».
Көптеген жаңашыл зерттеушілер ұсақ моториканы дамытуға байланысты саусақ моторикасын дамытуға саусақ ойындарын, саусақ ойындарын сипаттауды, сергіту сәттерін, ойын –ертегілер пайдалануды ұсынады Т. А. Ткаченко сергіту сәтіне жаттығу енгізу бас миының сөйлеу зонасының қимылын белсендіреді, ол баланың сөйлеу тілін түзетуге мүмкіндік береді деп тұжырым жасаған. В. В. Цвынтарный ұсақ қол моторикасын дамытуға есептеу таяқшалар мен сіріңкемен жұмыстар жасатудың әсері мол деген көзқарас білдіреді.
Жеке жұмыс тәжірибесін сипаттау
Жұмысқа кіріспес бұрын қалай жұмыс жасау керек, қандай материалдар қолданамын деген мақсатта нақты жоспар құрдым. Жұмысымның негізіне ойындар енгіздім. Қозғалысты ойын - балалар үшін дүниені танудың бір тәсілі. Балалар ойынының қозғалысы қаншалықты анық болса, бала дүниемен соншалықты терең таныса алады. Алдымен мектепке дейінгі ортаңғы топ балаларының (4-5 жасар) саусақтары мен қол ептілігін анықтайтын диагностика жасадым. Диагностика жасау барысында балаларға үш түрлі жаттығу ұсындым:
- доппен ойнау (допты лақтыру және оны ұстап қолмен алу, ұстаған допты бір қолмен еденге ұрып алып жүру, жоғары лақтырып, оны қағып алу)
- қарындашпен ойнау (затты айналдырып сызу және оны сызыққа тастау)
- саусақпен жеке қимыл жасау.
Өзіме мынадай міндеттер қойдым: саусақ қозғалысын жақсарту, өзіне –өзі қызмет көрсету дағдысын қалыптастыру бойынша жаттығулар жасату, баланың жалпы қозғалыстық белсенділігін арттыру. Қойылған міндеттерді орындау үшін жұмыстың түрлі нысандарын пайдаландым. Тәлімгер мен балалардың бірлескен қызметіне баланың логикасын және басқа да қабілеттерін дамытатын жаттығуларды қатаң және жүйелі түрде жүзеге асыратын мақсат қойдым.
Балалардың әлеуметтік дағдысын, қызметтің түрлі нысандарын меңгеруді дамыту бойынша жеке жұмысты ұйымдастыруға да міндет қойдым. Балаларды жеке тұлға ретінде құрметтейтін бала мен үлкендер қарым – қатынасын негізге алған микроклимат жасалды.
Балалардың еркін өзіндік қызметі баланың жеке қабілеті мен мүддесіне сай таңдалған жаттығулар баланың өз бетімен дамуына септігін тигізді. Жұмысымның негізгі әдісіне саусақ ойыны әдісін қолдандым. Бірлескен және жеке жұмыста саусақ жаттығуын массаж (саусақтың басынан қол буынына дейін сипау) және жаттығу (әр саусақты жеке –жеке бүгу және бүктеу) түрінде жүзеге асырдым. Массаж - пассивті гимнастиканың бір түрі болып табылады. Массаж - бұлшық ет жүйесінің тонусын, бұлшық ет икемділігі мен әрекет жасау қабілетін арттыруға көмектеседі. Сондай –ақ, балаларға табиғи материалдармен массаж жасау ұсынылды (шырша бүршігі, жаңғақ, доптар т.б. Осындай жаттығу нәтижесінде баланың қызығушылығы артты, саусақ гимнастикасы тақпақ оқумен жалғастырылды. Тақпақты тыңдаған балалар саусақ қозғалысының көмегімен тыңдалған тақпақтар мен мазмұнын және бейнелер арқылы сахналады. Сюжетті материал ретінде тақпақтар пайдаландым. Жаттығуға ұласқан тақпақ – сезім ритмін қалыптастыратын және жетілдіретін негіз болып табылады, қолайлы эмоционалды жағдай пайда болады, соның арқасында бала ойынмен айналысады, орындайтын қозғалысты қызғушылықпен орындайды, ал бұл саусақ қозғалысын жақсартады. Тақпақты бейнелеу, тыңдау және түсіну дағдысын дамытады. Ұсақ қол саусақтарын дамытуға арналған картотека құрастырдым: «Саусақтық жаттығулар», «Жолшықпен жүру», «Физминуткалар». Бірлескен және өзіндік әрекет кезінде саусақ театр қозғалыстарын қолдандым. Ол балаға бір мезетте сценарист, режиссер-постановщик болуға мүмкіндік береді. Театрландырылған қойылым шығармашылық потеницалды ғана емес сөйлеуді және оған саусақ белсенділігін дамытуға көмектеседі. Саусақ театрының тағы бір жағымды жағы – бала ойын нысанында кеңістік және санау түсінігіне үйренеді. Саусақ театрына арнап ертегілер кейіпкерлері бойынша қуыршақтар әзірледім: «Қоян мен түлкі», «Бауырсақ» және т.б.
Жапсыру ісімен айналысу қол мойнының буыны және ұсақ әрі жалпы қол моторикасын дамытуда маңызы зор. Жапсыру ісімен айналысу баланың сенсорлы және кеңістікті сезіну, қабылдауын дамытуға қажетті. Өз жұмысымда жапсыру ісімен айналысуда ермексаз, тұздалған ұн, тұқымнан және ұлу қабыршығынан жасалған оюларды жиі қолданамын. Бұл еңбекті көп қажет ететін, қызықты жұмыс болғандықтан баланың назарын, көз бен қолдың өзара қозғалыс үйлесімділігін, анықтылығын және келісілген сенсомоториканы дамытады. Қағаздан бұйымдар жасау - қол мойын буынының кіші бұлшық етін дамытуға әсер етеді. Мұндай жұмыстар баланы қызықтырады, қиялдарының дамуына, сындарлы ойлауына септігін тигізеді. Қағазбен жұмыстың бірі ретінде жыртылған қағаздар қолданылды. Қағазды ұсақтап жырту саусақ күші мен ұсақ қимылын басқару дағдысын дамыту жаттығу болып та есептеледі.
Сондай –ақ, балаларды ойындар мен инсценировкада қолданған қағаздан ұсақ–түйектерді жасауға үйреттім.
Бірлескен қызметке сурет салудың көптеген дәстүрлі емес түрлерін пайдаландым: тампондау, қылқалам, май шам, тіс щеткасы көмегімен қолдан жасалған мөр және т.б. Сурет салу кезінде балалардың жалпы елестері, шығармашылығы дами түседі, ақиқатқа деген эмоционалды қатынастары тереңдейді, графикалық дағдылары қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |