52.Стрепто және стафилодермияның ажырату диагностикасы.
52.Стрепто және стафилодермияның ажырату диагностикасы.
Стафилодермияның ажырату диагностикасы : паразитарлы сикоз, сібір жарасы, колликвативті туберкулез кезіндегі лимфааденит, мерездік көпіршікпен, іріңді гидрааденит сияқты аурулардан ажырату жүргізіледі.
Стрептодермияның ажырату диагностикасы: микробтық экзема, мерездік папула, целлюлит, вулгарлы көпіршік, кандидоз, мерездік шанкрдан ажырата білу керек. Көбінесе стрепто және стафилодермияларды мерездік қатты шанкр, эктимадан ажырату үшін зерттеу жүргіземіз. Яғни мерез кезінде сұр трепонемалардың серологиялық реакциясы оң болады.
53.Индуративті эритема.
Тері туберкулезінің ең кең тараған түрлерінің бірі. Әдетте, 16-40 жас әйелдер, жиірек өкпе, лимфа түйіндері туберкулезімен, скрофулодермамен, папулонекротикалық туберкулезбен ауыратын науқастарда кездеседі. Аурудың байқалуына қан айналым бұзылысы немесе акроцианоз, тамырдың варикозды кеңеюі, аяқтың жиі салқындауы, ұзақ уақыт аяқпен тұрып жұмыс жасау себеп болады. Күз және қыс айларында рецидив беруі мүмкін.
Клиникалық көрінісі. Индуративті эритема тығыз терең орналасқан баяу ұлғаятын түйіндермен немесе тегіс көк-қызғылт түсті диаметрі – 1-5см үлкен инфильтраттармен білінеді. Түйіндер тері және тері асты шел май қабатында терең орналасқан, пальпацияда ауырсынады. Олар әдетте симметриялы, көбіне тізеде, сиректеу санда, жамбаста, қолда орналасады. Сиректеу ауыз және мұрынның кілегей қабаттарында зақымдайды. Дамудың шегіне жеткен кезде түйіндер регрессияға ұшырап, артынан сақина жағдайда ошақтар бір-бірімен қосылу барысында орталықтан ыдырап, ауырмайтын фистулезді шеттері қудалап қазылған жаралар (индуративті эритеманың жаралық түрін суреттеген Гетчинсон, сондықтан гетчинсондік түрі деп атайды) пайда болады. Жаралар жазылғаннан кейін төмен басылған пигментацияланған тыртықтар пайда болады. Емдемесе, дерт айлап немесе жылдар бойы созылады және салқын мерзімдерде рецидив береді. Түйіндер тамырлар бойымен лимфангитпен асқынады. Терінің индуративті туберкулезінде, жаксы иммунитет фонында, гиперергиялық қабыну нәтижесінде туберкулин сынамалары 60-70% науқастарда оң нәтижебереді.
Диагностикасы. Диагнозы клиникалық-гистологиялық мәліметтеріне қарап қойылады. Көбінесе қиыншылыктар түйіндіэритема мен скрофулодерманы ажыратқанда, оның ішінде соңғысы тізеде орналасқанда туады. Түйінді эритема айқын қабынумен, қызбамен және ауырсынумен білінеді. Зақымдану тізенің алдыңғы бетінде, ыдырауға икемділігі және туберкулез ошақтары организмде болмайды. Пирке реакциясы теріс мәнді. Клиникалық күрделі жағдайларда арнайы ем тиімділігі ескеріледі. Скрофулодермада түйіндер консистенциясы және ойық жараланған аймақтар негізі жұмсақ, жара жиектері қиық тәрізді, жыланкөз жолдары болады. Гуммалы сифилидтерде субъективті сезімдер болмайды, өзіндік тығыздығы бар, зақымдалған ошақтар күнгірт-кызғылт түсті және мерездің басқа белгілері байқалады.
Кеңес беру. Көбіне тері туберкулезі ішкі мүшелердің зақымдалу фонында жүреді, дәрігер-стоматологтардың тері мен ауыз қуысы кілігейі қабатының осы патологияда зақымдалуының клиникалық көрінісін білуі туберкулездің жалпы түрлерін анықтауға мүкіндік береді. Ауыз қуысы кілігей қабатының зақымдалу болжамы жағымды, бірақ тиіді ем және диспансеризация қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |