Базальды қабат


Медикаментозды токсикодермия



бет54/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413
1лабБД (1), БП теплица (2), АБ дерматовенерология 4 курс ЖМ, І нұсқа алгебра
61.Медикаментозды токсикодермия 
Науқас организмінің ерекше төзімсіздігіне байланысты, химиялык заттар ішкенде, венаға тері астына, бұлшықетке жібергенде, бу түрінде немесе тері арқылы енгеңде организмге жалпы әсерін тигізгеннен пайда болатын тері аурулары токсидер- миялар тобына жатады. Әр түрлі дәрі-дәрмектерден пайда болатын тоскидермиялардың үлкен практикалық маңызы бар. Бром және йод түзының, сульфаниламид препараттарының, хининнің, антипириннің, мышьяктың, әсіресе органикалық, сальварсан препараттарының, сынаптың (парентеральдық енгізгеннен немесе тері арқылы сіңгеннен), йодоформның (тері арқьілы сіну), салицил препараттарының (салицилді натрий, аспирин т. б.), атофанның әсерінен дамитын токсидермиялар жиі байкалады. КеЙінгі жылдарда антибиотиктерден — пенициллиннен, стрептомициннен, биомициннен және басқалардан токсидермиялар жиі дамитын болды. Дәрілік токсидермиялардың клиникалық белгілері әр түрлі: олар дақты немесе жайылған (кейде универсалдық) эритема түрінде, эритемо- буллездык, везикулездық және пустулездық зақым ретінде, түйіншекті бөртпелердей көрінуі, пурпураның, пигментті дақтың т. б. шығуы мүмкін. Әр адамда бір дәрі токсидермияньщ әр түрін тудыруы мүмкін. 
Сульфаниламидтік токсидермия. Бүл әр түрлі клиникалык сипатта көрінуі мүмкін. Ерекше көп кездесетін қозғалмайтын тұрақты эритема: сульфаниламид препаратын ішкен соң бірнеше сағаттан кейін бір, бірнеше немесе көптеген қызғылт әр түрлі
көлемді дақтар шығады. Дақтардың ортасы біртіндеп күлгін түске айналады, ал қайтканда (5—7 күннен кейін) орнында түрақты қара-қоңьір түсті пигментгі дақ қалады. Кейбір наукастарда дақтың бетінде көпіршіктер түзіледі, жарылған соң сыдырылады. Көбінесе қолдың буыңдары тұсында, жыныс мүшелерінің терісінде, еріннің қызыл жиегінде және ауыз қуысының шырышты қабатында байқалады.
Бромидті токсидермиялар бром түзын ішкенде дамиды немесе бромдық безеулер — бүршақтың көлеміндей, ашық-кызыл түсті, түйіншекті-іріңдік бетте, кеудеде, аркада, иықтың сыртқы жағыңда орналасады, балалык безеуден айырмашылығы көлемі үлкен және себорея белгісі жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет