Диагностикасы. әруақытта сезімталдық жоғары болып келетін аллергенмен оң нәтиже (эритема, ісіну, күлдіреуік) беретін, аллергиялық терілік сынамалар көмектеседі.
Емі: Ең бірінші аллергиялық дерматитті тудырушы себепті анықтап, оны жою. Бөртпелердің морфологиялық ерекшелігіне байланысты сыртқы қабынуға қарсы терапиядан басқа, десенсибилизациялық ем қолданады, седативті, антигистаминді препараттар, стероидты гормондар, витаминдер тағайындалады.
58.Папуло некротикалық туберкулез.Біріншілік туберкулездің созылмалы ағымында микобактерияның гематогенді диссиминациясы нәтижесінде пайда болады. Аурудың негізінде туберкулез микобактериясымен немесе оның өнімдерімен сенсибилизация әсерінен пайда болатын аллергиялық васкулит көрініс береді. Негізінен жасөспірімдер мен балалар ауырады.Бөртпелер ұстама тәрізді пайда болады, симметриялы орналасқан жазғыш беттерде, жамбаста, денеде, құлақ қалқандарында және беттерде орналасады. Көптеген топтасқан, тығыз қою қошқыл диаметрі 1-3 мм түйіншектер пайда болады.Кейінірек түйіншектер орнында ұсак дөңгелек жаралар қалады. Олар жазылғанда күлгін түсті тағамен (дөңгелекпен) жабылады. Папулонекротикалық туберкулезді бірнеше түрге бөледі:
- акнит (acnitis) балаларда пубертат алды және пубертаттық кезеңде кездесетін және сырттай қарағанда тұрпайы (вульгарлы) безеулерді еске түсіретін папулезді түрі. Бөртпелер элементтері бетте симметриялы, сирек омырау терісінде және аяқ-қол терісінің жазғыш беттерінде пайда болады. Ыдырағаннан кейін терең тыртықтарқалады;
- фолликулды (folliculis) тереңдеу келетін пустулезді түрі дене және аяқ терісінің фолликулярлық зақымдаумен білінетін, жасөспірімдер мен жастарда жиі кездесетін түрі;
-acne cachecticorum өздеріне тән жарық (кратер) тәрізді жаралар мен шешек тәрізді тыртықтар байқалатын папулопустулалар.
Бөртпе элементтері иық, сан, балтыр, сиректеу бет, дене терісінде орналасады,жазылғанда
таңбаланған(штампланған) тыртықтар қалады.
Процесс көбіне ерте көктем мен қыста тізе аймағында орналасқан, рецидив береді. Папулонекротикалық туберкулез ішкі мүшелер (ішек, лимфа түйіндері, сүйек) туберкулезімен қатар жүреді. Туберкулиндік сынама оң мәнді.
59.Жалпақ кондилома Жалпақ кондиломалар (вегетирлеуші папулалар) үлкен жыныс еріндері мен оған жақын жатқан теріде, көтен аймағында, бөксеаралық және шап-сан қатпарында, қолтық асты шұнқырында, башпайаралықта, кіндік аймағында, ұмада, шап-ұма қатпарында, еркек жыныс мүшесінің түбінде орналасқан эрозиялық папулалардан түзіледі. Бұл папулалар ұзақуақытты
тітркендіру әсерінен вегетирленеді, олардың беткейі төмпешікті, тегіс емес, серозды немесе серозды жабысқақ қақпен қапталады, оның құрамында бозғылт трепонемалар көп мөлшерде болады.
Жалпақ кондиломалар негізінен екіншілік қайталамалы мерезге тән және кей сатыларда аурудың кеш кезеңінің жалғыз көрінісі болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |