Базальды қабат


Сыздауық және сыздауықтар



бет30/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413

29. Сыздауық және сыздауықтар.
Фурункул – терінің көп кездесетін іріңді ауруларының бірі. Бұл шаш қапшығы мен оның айналасындағы дәнекер тінінің стафилококкты жедел іріңді-некротикалық қабынуы.
Фурункулдың қоздырғышы – алтын, сирек ақ түсті стафилококк.
Фурункул өзгермеген теріде немесе беткей және терең стафилодермияның асқынуы ретінде түзілуі мүмкін. Фурункул мен фурункулез дамуында қоздырғыш вируленттілігі мен патогенділігінен басқа экзогенді және эндогенді бейімдеуші факторлардың да алатын орны ерекше. Экзогенді факторларға инфекцияның енуіне мумкіндік жасайтын шаң-тозаң, көмір, металл, бөлшектерімен ұсақ механикалық жарақаттану, стафилококктардың қайталап еніп, сапрофиттердің патогенді түрге ауысуына жағдай жасайтын киіммен үйкелуі (әсіресе мойында, бел аймағы, жамбаста); қасыну (экземада, нейродерматозда, қотырда) жатады. Эндогенді факторлардың ішінде арықтау, зат алмасу бұзылыстары (диабет, семіздік), асқазан-ішек жолы аурулары, қан аздық, гиповитаминоздар, нерв және эндокринді жүйе аурулары, алкоголизм, жиі салқындап қалу не қатты қызынып кету, т.б. организмнің жалпы иммунобиологиялық реактивтілігінің төмендеуіне әкелетін факторларды атап өткен жөн. Фурункулдар көктем, күз айларында жиі кездеседі. Үлкендерге қарағанда, балалар, әйелдерге қарағанда, еркектер жиі ауырады. Фурункул дамуында инфильтрат дамуы; іріңдеу мен некроз; жазылу сатысын ажыратады ). Алдымен шаш қапшығының айналасында әлсіз ауырсынумен не шаншумен сипатталатын ашық-қызыл түсті бұлыңғыр жиекті тері деңгейінен көтеріңкі қатты инфильтрат түзіледі. Уақыт өте келе инфильтрат ұлғайып, тығыз ісік пішініне енеді, айналасындағы тін ісінеді (қабағы, беті, ернінің ісігі айқын болуы мүмкін) және ауырсыну сезімі күшейеді. 3-4-күндері екінші сатыға көшеді: фурункул диаметрі 1-3 см-ге жетеді, ортасында беткейі пустуламен жабылған іріңді- некротикалық серіппе түзіледі. Фурункулдың пішіні беткейі тегіс конус тәрізді ісікке ұқсас болып келеді (18-сурет). Бұл аралықта ауырсыну күшейіп, дене қызуы 37-38°С-қа көтеріліп, интоксикация белгілері пайда болады (жалпы әлсіздік, бас ауруы). Әрі қарай пустула қақпағы жарылып, фурункулдан ірің, кейде қан аралас бөлініс ағады, соңынан сары-жасыл түсті некротикалық ”тығын” (некротикалық серіппе) түзіледі. Серіппе түскен соң ісіну, инфильтрация және ауырсыну жойылып, фурункул қуысы грануляцияланып, 2-3 күннің ішінде тыртыққа айналады. Тыртық алғашында көк-қызыл түсті болады, уақыт өте ақ түске айналып, кейде тіпті білінбей кетеді. Әдетте фурункулдың даму процессі ағымы 8-10 күнге созылады.
Жасырын ағымында іріңдеу мен некрозсыз ауырсыну сезімін туғызатын инфильтрат түзіледі.
Әлсіреген, басқа аурулармен де ауыратын немесе фурункулды дұрыс емдемеу нәтижесінде ол абцесске айналуы мүмкін (абсцедирлеуші не флегмонозды фурункул).
Фурункулдар терінің алақан мен табаннан басқа түгі бар кез- келген аймағында орналасуы мүмкін. Бірен-саран фурункулдар жиі шүйде, иық, бел, эпигастрий, жамбас, аяқтың терісінде кездеседі. Сыртқы есту жолының фурункулы өте қатты ауырсынумен жүрсе, жоғарғы еріннің фурункулы өте қауіпті, себебі ми тамырының септикалық флебиті мен жалпы сепсистің түзілуіне әкелетін лимфатикалық және веноздық жолдардың тромбозын туғызу мүмкіншілігі жоғары. Фурункул мойын, кеуде, сан, лимфатикалық түйіндерге жақын орналасса, жедел бағандық лимфангит пен лимфаденит дамуы мүмкін. Фурункул кезінде бауыр, бүйрек, т.б. ішкі мүшелерге көшіктер болуы мүмкін. Бұл асқынулардың барлығы кей жағдайларда фурункулға аса назар аудару қажеттілігін көрсетеді. Оны қысып шығаруға әрекет жасау, қырыну кезінде жарақаттап алу, жеткіліксіз жергілікті ем және оның бет терісі мен мұрын кілегейінде орналасуы фурункулдың асқынуына себепші болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет