Базальды қабат



бет31/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413

30. Аяқ басы микозы (этиологиясы, патогенезі, клиникасы) Аяқ басы микозы табанның саңырауқұлақтық аурулары. Trichophyton rubrum, T. mentagrophytes var. interdigitale, T. tonsurans, T. violaceum, плесневые грибы, реже – Epidermophyton floccosum қоздырғыштарымен шақырылады. Бұл кең тараған ауру. Жүзушілер, монша жұмысшылары, спортшылар, цех жұмысшылары, шахтерлер жиі шалдығады. Қала тұрғындарына қарағанда, ауыл тұрғындарында сирек кездеседі.
Ауру жұқпалы және сау адамдарға ауру адамдардан моншаларда, бассейндерде, жаяжайларда инфицияланған кілемдерден, төсеніштерден, шылапшындардан, отырғыштардан жұғады. Ауру қолданған аяқ киім, шұлықтардан жұғады, сондықтан бір ортақ аяқ киім кию қауіпті. Мицелий жіптері және саңырауқұлақтардың споралары көп мөлшерде аурулар көбінесе «жоғалтатын» эпидермистің мүйізді қабатының қабыршақтарында орналасады. Спортшыларда аяқ басы микозымен жиі ауруының дәлелі ретінде, шетел әдебиеттерінде бұл ауруды «атлет аяғы» деп те атайды.
Саңырауқұлақтардың сапрофиттелген түрінен патогенді жағдайға аусуына табандардың тершеңділігі, жалпақ табан, башпайлардың арасындағы қыртыстардың тығыз болуы, дұрыс таңдалмаған аяқ киім, қажалу, баздану, жасқа сәйкес теріні анатомо-физиологиялық ерекшеліктері, тердің химизмі, тердің pН-нің сілтілікке ауысуы болып табылады. Аяқ басы эпидермофитиясының дамуына эндогенді факторлардан орталық және шеткі нерв және эндокрин жүйелерінің функциясының бұзылуы, әртүрлі ангиопатиялар, акроцианоз және басқада аяқтардың тамырлық аппаратының бұзылуы, терінің ихтиозформды түрімен зақымдалуы, гиповитаминоздар алып келеді. Сонымен қатар табан терісінің механикалық және химиялық жарақаттануының, жағымсыз метеорологиялық жағдайдың, қоршаған ортаның жоғары температурасының маңызы бар. Саңырауқұлақтардың веруленттілігіне және патогенділігіне мән беру қажет.
Клиникасы және ағымы. Аяқ басы микозының негізгі қоздырғыштары T.rubrum және T. interdigitale. Біріншісі – табан терісі мен тырнақтарды, башпайларды және тері жамылғысының басқа да аймақтарын, екіншісі – тек қана тері мен тырнақ пластинкаларын зақымдайды. T. Rubrum-мен шақырылатын микоз башпайлардың қыртысының терісінен бастап, табан терісін де зақымдайды. Аяқ басы микозының клиникалық көріністерінің әртүрлілігіне байланысты сквамозды, интертригинозды, дисгидротикалық түрлерін ажыратады.
Аяқ ойығының терісі аздап гиперемияланған аймағында айқын емес қабыршақтану байқалады. Қабыршақтану аз ғана немесе үлкен аймақты алып жатуы мүмкін. Кей жағдайда науқастарда тұрақты емес және аздаған қышу болады. Аурудың бұл түрі науқастарға білінбейді, сондықтан эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті. Процесстің өршу кезінде сквамозды түрі дисгидротикалыққа және, керісінше, дисгидротикалық түрі сквамозды болып аяқталуы мүмкін. Бастапқыда ауру барлық жағдайда бір жақты болады да, кейіннен екінші аяқ басында зақымдауы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет