35.Екіншілік балғын мерез.
35. Екінші балғын мерез
Этиологиясы: Treponema
Екіншілік жаңа мерезде сифилидтер кішірек, көп мөлшерде, ашық түсті, симметриялы түрде негізінен дене терісінде орналасады, қосылуға және топтасуға бейімділігі жоқ және қабыршақтанбайды. Науқастардың 22-30%-нан қатты шанкрдың қалдығы мен регионарлы лимфаденитті табуға болады. Онымен қоса, полисклераденит айқын болады. Полиаденит екіншілік жаңа мерездің 88-90% кездеседі.
Дақты сифилид (мерездік розеола) – екіншілік жаңа мерездегі ең жиі болатын терінің зақымдалуы.
Розеолалар біртіндеп пайда болады, күніне 10-12 элементтен шығады, және 7-10 күннің ішінде толық дамиды, Ұзақ уақыт шығып тұрған розеоланың үстінен басқан кезде қызғылттың орнында сарғыш бояу қалады, ол эритроциттердің ыдырауы мен гемосидериннің жинақталуымен түсіндіріледі. Екіншілік жаңа мерезде розеолалар ретсіз, бірақ симметриялы және фокусты орналасады. Екіншілік жаңа мерезде папулалар дене мен аяқ-қолдарының терісінде, кейде бетте және бастың шашты бөлігінде болады. Безеу тәрізді, шешек тәрізді және импетигиозды сияқты беткейлік пустулезді сифилидтер екіншілік жаңа мерезбен ауыратын науқастарда дамиды.
Емі: Бензатинбензилпенициллин, доксициклин, цефтриаксон. Флуконазол, пиридоксин.
36.жүкті әйелдердегі мерезді емдеудің ерекшелігі.Профилактикалық ем жүкті әйелдерге және клиникалық және серологиялық дәлелденбеген, сифилис байқалатын, толық емделмеген немесе РМП оң мәнді аналардан туылған балаларға тағайындалады.
37.Стрептококкты импетиго.Клиникалық ерекшелігі,эпидемиологиясы.емдеуі.Стрептококкты импетиго. Морфологиялық элементі – фликтена, яғни жұқа, болбыр қақпақты, терінің деңгейінде жатқан, серозды сұйықтықпен толған беткей эпидермальды пустула. Оның құрамындағы сұйықтық тез кеуіп, сабан-сары түсті қабыршаққа айналады, алып тастағанда ылғал эрозивті беткей ашылады.Процесс 1-2аптада аяқталады.Саңалау тәрізді импетиго, ауыздық. Фликтена ауыз бұрыштарында орналасады, тез құрғап, қабыршақ пайда болады. Кейде жарылып, процесс созылмалы ағымды болады.Буллездіимпетиго (Бокхарт импетигосы). Бұлжағдайда көпіршіктің қақпағыСтрептококкты импетигокернеген, сұйықтығы серозды-іріңді, кейде –қан араласқан болады.Буллезді импетиго диаметрі 2-3 см және одан да үлкен көлемдегі фликтеналар шығуымен сипатталады..Бұл түрдің жиі кездесетін орны – саусақ сырты, сирек
– сирақ пен табан.Сақина тәрізді импетиго. Сақина тәрізді импетиго немесе ангулярлы стоматит (ауыздық) тез жарылатын ауыздың бір немесе екі бұрышында бірдей орналасатын фликтенамен сипатталады.Ауру қышынумен, сілекей ағумен, тамақ ішкенде ауырсынумен жүреді.Емдемесе ауру ұзаққа созылады, себебі әрдайым ауыз бұрышын жалау нәтижесінде мацерацияны ұстап тұрады.Жәй теміреткі. Жәй теміреткі стрептококкты импетигоның құрғақ түрі болып саналады. Ол көбіне балаларда дамиды. Дөңгелек, сопақша пішінді, шекарасы анық, ақшыл немесе қызғылт түстес, көлемді қабыршақтармен жабылған ошақтар
түзіледі. Әсіресе, ол пигментті теріде анық көрінеді.Жиі орналасатын жерлері – ауыз маңы, ұрт, төменгі жақ аймағы, кейде дене мен аяқ-қол терісі.Әдетте ауру көктем мен күзде дамиды.Турниоль (tourney – шеңбер) негізінен үлкен адамдарда кездеседі. Саусақтың тырнақ пластинкаларының айналасында басында серозды, сосын лайлы-іріңді бөлінісі бар фликтеналар түзіледі. Ауру стрептококктардың енуіне жағдай жасайтын сөгілген көбе, саусақ жарақатында дамиды. Зақымданған саусақ ісініп, ауырсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |