Базальды қабат


Түйіншекті сифилидті мына тері .ауруларынан ажырату қажет



бет40/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413

Түйіншекті сифилидті мына тері .ауруларынан ажырату қажет:
1. Т а м ш ы т ә р і з д е с п а р а п с о р н а з — parapsoriasis quttata — бүл ауруда түйіншектер ашық қызғылт түсті, жүмсақ консистендиялы, бетінде пленка тәрізді қабьіршағы бар және ол түйіншектің айналасындағы сау теріден де көрінеді. Ядассон белгісі болмайды. Парапсориаз ете зз уақытка созылатын ауру. Қүдікті жағдайда серологиялық реакднялардың нәтижесі диагнозды дүрыс анықтауға көмектеседі. * 2. Lichen ruber planus, қ ы з ы л ж а з ы қ т е м і р е т к і — түйіншектер жалпақтау, кепбүрышты болып келеді. Уикхем белгісі — түйіншектердің бетівде болатын ерекше тор сурет бар. Бүл түйіншектер қатты қышиды, мерезде бүл белгі жоқ. Псориаэга үқсайтын түйіншектерді нагыз псориаздан қалай ажырату ды жогарыда айттық. Барлық жағдайда да серологиялық реакдиялар- дьщ нәтижесін еске алып отыру керек.
45.Туберкулезды жегі.
Туберкулезды жегі – жиі тері туберкулезінің жай прогрессивті ағыммен жүретін және тіндерге таралуға бейім формасы. Ауру әдетте балалық шақта басталады және жылдарға немесе он жылдап, кейде өмір бойына созылады. Әдебиеттердің мәліметтері бойынша, 5–10% жегімен ауыратын науқастар өкпе туберкулезімен, 5–20% – сүйек және буын туберкулезімен ауырады. Процесс жиі жарақаттың әсерінен пайда болады; бұл жағдайда латентті инфекция белсенді болады.
Клиникалық көріністері. Туберкулезді, немесе қалыпты, жегі жиі беттерінде, әсіресе мұрында, жоғарғы ернінде, кілегей қабаттарында, сирек мойнында, денесінде, аяқ-қолдарында кездесед7Ауру люпомалардың пайда болуымен басталады, олар дермада мөлшері 1 ден 5–7 мм-ге дейін, қоңыр-қызғыт түсті, әртүрлі қою-сары реңмен,қамыр тәрізді консистенциялы, беткейі тегіс, аздап жылтыраған, нәтижесінде қабыршақтануға алып кететін төбешіктермен көрінеді. Люпомалардың бөртпеленуі әдеттетобымен,
бастапқыда оқшауланып орналасады, содан кейін қосылады; периферияда әрқашан іркілген-гиперемияланған аймақ болады. Люпоманың жұмсақ қамыр тәрізді консистенциясы эластикалық және дәнекер тінінің өлуінің нәтижесінде ілгек тәріздес зондты басқанда, тіннің тереңіне енеді (Поспелов белгісі). Люпоманың диагностикасында басқа да белгілер маңызды: жегелік ошаққа затты әйнекпен (диаскопия) басқанда, кеңіген капиллярдан қан шығады, зақымдалған тін қансыз болады және люпома қою-сары дақтар түрінде көрінеді. Бұл қою түсті алма желесін еске түсіреді, сондықтан бұл белгі «алма желесі» феномені деп аталады (Гетчинсон).
Төбешіктер біртіндеп ұғаяды, ошақтар ісік тәрізді және қабыршақ тәрізді дұрыс емес пішін түзе отырып қосылады. Инфильтрат диструкциясының нәтижесінде жаралар түзіледі. 4% жағдайда жегілік туберкулез спиноцеллюлярлы немесе базальды- клеткалық карциномамен асқынады. Жегалық инфильтрат құрғақ болса, атрофияланған тыртық түзіледі. Жиі люпоманың орнында тегіс, нәзік, ақшыл тыртықтар түзіледі, сыртқы көрінісі папирос қағазына ұқсайды. Атрофияланған тыртықтар немесе жақсы түзілген тыртықтар орнында жегелік төбешіктер пайда болады. Бұл жегінің патогномикалық белгісі.
Диструктивті жаралар өзгеруінен терең жатқан тіндерде (шеміршек, сүйек, буындар) фиброзды, келоидты тыртық түзілуімен және мұрын, құлақ қалқаны, саусақтар, қас, аяқ- қолдары (lupus mutilans) өзгеруіне алып келеді. Мұрынаралығы

бұзылса, құс тұмсығына ұқсас мұрын қысқарады және үшкірленеді; қастың айналып кетуі, ауыз тесігінің тарылуы, құлақ қалқанының деформациясы болуы мүмкін. Бұның бәрі науқастың түрін өзгертеді.


Туберкуезді жегі жиі процесс мұрын терісінде, ерінде рожамен, аяқта лимфангиттермен, пиогенді процесспен (lupus impetiginosus), әсіресе атрофияланған жегілік тыртықтар фонында тері рагімен (lupus carcinoma) асқынуы мүмкін. Тері рагі ұзақ жегімен ауыратын адамдарда бет терісінде дамуы мүмкін.
Туберкулез диагностикасында тері туберкулинді сынамалары көмектеседі. Пиркенің скарификациялық реакция принципі бойынша (1905) теріішілік Манту сынамасы және теріүстілік Моро сынамасы қолданыла бастады.
Туберкулезді жегі – ұзақ ауру. Кейбір жағдайларда көп жылдар бойына емдемегеннің өзінде зақымдалу ошағы үдеуге бейімділік байқалтпайды, ал кейде процесс біртіндеп таралып, терінің жаңа аймақтарын камти береді. Бұған, организмнің қорғаныш күштерін әлсірететін және оның реактивтілігін төмендететін интеркурренті аурулар, өмірдің жағымсыз жағдайлары және басқа факторлар ықпалетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет