Базальды қабат



бет65/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413

Диагностика. Микроспорияның барлық түрлерінде бастың шашты бөлігі және тегіс терінің зақымдалуы микологиялық микроскопияның нәтижесі, сонымен қатар Вуд лампасының сәулелерінде флюоресценция қолдану негізгі клиникалық белгілері болып табылады.
Емі. Микроскопиямен ауыратын науқастардың ең тиімді емі болып фунгистатикалық антибиотик гризеофульвин қала береді. Оны ішуге 22 мг/(кг*тәул) күніне 3 рет шай қасық өсімдік майымен саңырауқұлақ анализінің 1-ші теріс мәніне дейін, содан кейін сол дозада 2 апта бойына күнара және 2 апта бойна аптасына 2 рет есебінентағайындалады.
2–3 жасқа дейінгі балалар емінде гризеофульвин таблеткаларын 1 мл құрамында препараттың 0,015 г бар суспензияға алмастырады.
Ішке антибиотик қабылдаумен бірге сыртқы ем жүргізіледі: бастағы шашты аптасына 1 рет қырып тастайды. Кремдер мен жақпамайлар (кетоконазол, бифоназол, клотримазол, оксиконазол, немесе ошақтарға 10% күкіртті – 3% салицил жақпамай немесе 2% йодты-спиртті тұнбасын алмастырып жағады) қолданылады. Ем әдетте 4–6 аптағасозылады.
Бастың шашты бөлігінің беткей трихофитиясының созылмалы формасында 10 күндік аралықпен 2–3 рет эпидермистің мүйізгекті қабатынажыратады.
Инфильтративті-іріңді формасының емінде қабынуға қарсы заттарды ылғалдандыру түрінде бастайды (калий перманганаты ерітіндісін 1:6000, риванол 1:1000, фурацилин 1:5000 тәулігіне 2–
3 рет, 1–2 күн аралағында), содан кейін емін антимикотикті кремдер мен жақпамайлармен жалғастырады.
72. Емшек жасындағы туа біткен мерездің көрінісі.
Ерте туа пайда болған мерез. Ерте туа пайда болған мерезді емшек жасындағы мерез және ерте жастағылардың мерезі деп бөледі.
Емшек жасындағы туа пайда болған мерез бір қатар мүшелер мен жүйелерді зақымдайтындықтан, әртүрлі көрініс беруі мүмкін. Ауруды бірден туғаннан соң немесе алғашқы 2 ай ішінде анықтайды. Кейде бала мерез белгілерімен туу мүмкін. Тері, кілегей қабықтар, ішкі мүшелер, жүйке жүйесі, сүйектер зақымдалуы мүмкін. Бөртпелерде көп мөлшерде бозғылт трепонемалар болып, қатынстығы жоғары болады. Соңғы жылдары емшек жасындағы балалардың клиникалық симптоматикасы азайып, ауру жасырың, тері және кілегей қабықтарының зақымдалуынсыз, тек ішкі мүшелерді ғана зақымдайды. Бұл әйелдердің интеркуррентті инфекцияларға алған антибиотиктеріне байланысты түсіндіріледі.
Соңғы жылдары диффузды инфильтрация және папулезді элементтер азайса да, мерездік көпіршіктер орын алып келе жатыр. Мерездік көпіршіктер алақанда, табанда, қол мен аяқтың бүгілмелі бетінде, сирек денеде манифестацияланады. Кейде элементтер терінің барлық бетінде орналасуы мүмкін. Құрамы серозды-іріңді, бірақ геморрагиялық та болуы мүмкін. Көпіршік құрамында бозғылт трепонемалар көп болғандықтан, қатынастығы жоғары болады. Көпіршікті ашқаннан кейін, суланулар түзіліп, айналасында көпіршіктердің қабығының және эрозиялардың болуыменсипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет