Базалық бағдарлама мазмұны
1 2
«Қаралды» «Келісілді» «Бекітемін» ӘБ отырысы директордың ОТЖ мектеп Хаттама №___ орынбасары _________ директоры _________ _______ А.Ә.Т. А.Ә.Т. А.Ә.Т. «_____» 20__ж. «_____» 20 __ж. «_____» 20 __ж. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау Пәні қазақ тілі Сыныбы 10 Мұғалімі ____________________________________ І жартыжылдықтағы сағат саны 64 ІІ жартыжылдықтағы сағат саны 72 Барлығы 136 сағат Апталық сағат саны 4 Жоспарланған бақылау жұмыстарының саны 4 мазмұндама 4 диктант 8 Тоқсандық, жылдық қайталау 4 Түсінік хат Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген. Оқыту қазақ тілде емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәні – орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес «Тіл және әдебиет» білім беру саласына енгізілген және мектептің жалпы орта білім беру деңгейінде міндетті түрде оқытылатын пән. «Қазақ тілі» пәнінің маңыздылығы қазақ тілінің Мемлекеттік тіл мәртебесімен дәйектеледі. Қазақ тілін оқыту барысында өзге тілде білім алатын жоғары буын оқушыларын қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетін мәдениаралық қатысым құралы ретінде меңгерту көзделеді. Оқыту қазақ тілде емес мектептердің бастауыш білім деңгейінде қарапайым деңгей 1-4-сыныптарды қамтыса, негізгі және орта деңгейлер 5-сыныптан бастап оқытылады да, 9-сыныппен аяқталады. Ортадан жоғары деңгей 10-11-сыныптарды қамтиды. 10-11-сыныптарға арналған «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы – қазақ тілде емес мектептерде қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан меңгеруді қамтамасыз ететін; қазақша сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім) ортадан жоғары деңгейде іс жүзіне асыратын; оқушының түсінікті сөйлеу дағдысы мен сауатты жазу дағдысын қалыптастыратын білім мазмұнын, көлемін, мөлшерін, оқу жүктемесін қамтитын; білім, білік, дағды деңгейлеріне байланысты тақырыптық аяларды, дидактикалық ұстанымдарды; оқушылардың білімі мен білігіне қойылатын талаптарды анықтайтын нормативтік құжат. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрінің 2015 жылғы 18 шілдедегі № 393 бұйрығына сәйкес қазақ тілінен 10 сыныптың сағат санының өзгеруіне байланысты күнтізбелік-тақырыптық жоспарына өзгертулер енгізілді. Осы бұйрыққа сәйкес қазақ тілі аптасына 4 сағат жүргізіледі. Оқыту қазақ тілде емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәні – орта білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандартына сәйкес «Филология» білім беру саласына енгізілген және мектептің жалпы орта білім беру деңгейінде міндетті түрде оқытылатын пән. «Қазақ тілі» пәнінің маңыздылығы қазақ тілінің Мемлекеттік тіл мәртебесімен дәйектеледі.Сондықтан қазақ тілін оқыту барысында өзге тілде білім алатын орта буын оқушыларын қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетін мәдениаралық қатысым құралы ретінде меңгерту көзделеді. Оқу пәнінің мақсаты – ортадан деңгей бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту;сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде әдеби тілде сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас,жүйелі тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып,оқушыларға қазақша тілдік қатынас нормаларды игерту. Оқу пәнінің міндеттері: ● жоғары сынып оқушыларының білімін тілдік,танымдық,лингвомәдениеттанымдық,ұлттық-әлеуметтік,өркениеттіәлемдік тұрғыдан тереңдетіп,қазақ тілін ұтымды игерудің коммуникативтік бағытын жүзеге асыру; ● қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан меңгерту: оқушының өз ойын, пікірін, көзқарасын еркін,дұрыс,нақты ( ауызша және жазбаша) жеткізе білуін іске асыру; ● оқушылардың қазақша дұрыс,түсінікті сөйлеуі мен сауатты жазуын жүзеге асыру; ● жеке, қоғамдық-әлеуметтік, бағдарлы бағыттағы жағдаяттарды жан-жақты ескере отырып, қазақша тілдік қатынасты бағдарлы түрде жүзеге асыру. Тоқсан сайын жазба жұмыстары міндетті түрде, ал тоқсан сайын баға қорытылғандықтан тоқсан соңында бақылау диктанты жүргізіледі. І тоқсан - 36 сағат ІI тоқсан - 28 сағат ІІІ тоқсан - 40 сағат ІY тоқсан - 32 сағат жүктеу/скачать 0,61 Mb. Достарыңызбен бөлісу: 1 2 |