8. Курс бойынша жұмыс түрлерінің сипаттамасы: Практикалық тапсырмалар әр апта сайын сабақта өткен тақырып бойынша алға қойған міндеттерді өз бетінше дұрыс орындауға арналған ағымдық жұмыс. Әр практикалық сабақтың тапсырмасына уақытында дайындалып жүру – курсқа қойылатын міндетті талап болып табылады. Тапсырманы орындау барысында оқулықта көрсетілген бөлімдерді және қосымша материалдарды ұтымды пайдалана білу қажет. Мұндай дайындық жаңа материалды қабылдауыңызды жеңілдетеді және Сіздің университет қабырғасында терең білім алуыңызға ықпал етеді.
Студенттің өзіндік жұмысы (үй тапсырмалары) (СӨЖ) – өткен тақырыптар бойынша семестр бойына 14 тапсырманы өз бетінше орындаудан тұрады. Барлық СӨЖ тапсырмалары Силлабуста көрсетілген мерзімде жазбаша түрде тапсырылуы тиіс. Оларды барлық студенттер ағымдық өзіндік жұмыс ретінде орындауға міндетті. Үй тапсырмасын орындау барысында Сіз сабақта алған білімдеріңізді тиімді пайдалануыңыз керек.
Студенттің оқытушының жетекшілік етуімен орындалатын өзіндік жұмысы (СОӨЖ) – оқытушының жетекшілік етуімен Сіз өзіңіз жеке немесе топ құрамында 2-3 студенттің қатысуымен жоспарлы түрде орындалатын шығарашылық жұмыс. Жоба тақырыптарын өзіңіз оқытушымен келісе отырып, алғашқы аптаның бірінші сабағында белгілейсіз. Тапсырма шағын топпен орындалатын болса, жоба тақырыбы мен шағын топтағы студенттердің фамилиялары бірге бекітіледі. Сіз жоба жұмысының барысын (оның тиісті бөліктерін) оқытушымен бірге күнтізбелік-тақырыптық жоспарда көрсетілген мерзімге сәйкес әр апта сайын белгіленген уақыт ішінде офис сағатында үнемі талқылап отыруыңыз керек. Топтық жоба жазбаша түрде орындалып, сабақ кезеңінің соңғы аттестациялық аптасында барлық студенттер алдында ауызша қорғалады және компьютерде терілген жазба түрде тапсырылады.
*СОӨЖ тапсырмаларын орындауталаптарымен және оны бағалау критерийлерімен танысу үшін интранеттен Әдістемелік нұсқауды мұқият оқыңыз!!! Қатысымдық тапсырма – студенттің пән бойынша білімін, тілді іскерлік қатынаста қолдану білігі мен шеберлігін шыңдау үшін беріледі. Қатысымдық тапсырма жазбаша орындалып, сабақтан тыс офис сағатында көрсетілген уақыт кезінде компьютерде терілген жазба түрінде және ауызша тапсырылады.
Аралық бақылау – семестрде екі рет курс бойынша өтілген білім, білік, дағдыны тексеру, қайталату, пысықтау, бекіту және түзету мақсатында аттестациялық аптада орындалады. Әр аттестациялық бақылау жұмысы сол аралықта өткен материал мазмұнын қамтиды және тестілік тапсырма, шығармашылық жұмыс түрінде орындалып, бағаланады.
Қорытынды емтихан – курс бойынша барлық материалдарды қамтиды және қорытындылайды. Емтихан жазбаша өткізіледі және түрлі тапсырмаларды қамтиды: курс бойынша өтілген материалдарды қамтитын тест сұрақтарынан, шығармашылық және қатысымдық тапсырмалардан тұрады. Емтихан ұзақтығы 2 академиялық сағат.
* Емтиханда егер баға төмен болып қалса, оны көтеру үшін ешқандай қосымша тапсырма берілмейді. Сондай-ақ емтиханды қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.