Бб-б-18, бб-п-18 Оқытушы: Ахунов Бақытжан Кенжебекұлы Қайырлы күн, білім алушы!



бет2/4
Дата24.01.2022
өлшемі93,99 Kb.
#113808
түріПрактикум
1   2   3   4
Байланысты:
757 8450 61630

Өтепберген Ақыпбекұлы - 8 қазанда Қызылағаш ауылы, Қапал ауданы (қазіргі Ақсу), Талдықорған (қазіргі Алматы) облысында туған. Алматы жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін бітірген. Еңбек жолын туған ауданындағы Абай атындағы кеңшарда тракторшы, клуб меңгерушісі, комсомол комитетінің хатшысы болып бастайды.

1973-1985 жылдары Қапал аудандық «Қадал еңбеккер!» газетінде тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары, кейіннен облыстық «Октябрь туы» газетінде жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарады. 1985 — 1995 жылдары республикалық «Қазақ әдебиеті», «Жалын», «Денсаулық», «Жанашыр», «Халық Конгресі» газет, журналдарында аға тілші, бөлім меңгерушісі, бөлім редакторы, жауапты хатшы, Бас редактордың орынбасары болып қызмет істеді. 1995— 1998 жылдары Республикалық «Казгидромет» агенттігінде, ҚР Парламенті Мәжілісінде, ҚР Ұлттық Банкінде аға референт, кеңесші, ҚР Әділет министрлігінің басқарма бастығы қызметтерін атқарды.

Бірнеше дүркін Қазақстан Жазушылар одағы, Қазақстан ЛКЖО Орталық комитеті мен «Жалын» баспасының бірлескен дәстүрлі конкурсының және республикалық, халықаралық мүшәйралардың жүлдегері атанды.

Әр жылдары: «Доп», «Футболшы боламын», «Жарыс», «Жарыс-тан соң жарыс», «Жылдың төрт мезгілі», «Балабақтың бір күні»,. « Экологиялық әліппе », Қырық қызық», «Балдай тәтті әліппе», «Ажарлы Астана», «Қызықты әліппе», «Алдындағы әліппе», «Керек кітап», «Мен таңдайтын мамандық», т.б. балаларға арналған өлең кітаптары мен кітапшалары жарық көрген.

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%A8%D1%82%D0%B5%D0%BF%D0%B1%D0%B5%D1%80%D0%B3%D0%B5%D0%BD_%D0%90%D2%9B%D1%8B%D0%BF%D0%B1%D0%B5%D0%BA%D2%B1%D0%BB%D1%8B



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет