Қбб институты «Психология және дефектология» кафедрасы


«Педагогика» еңбегінің құндылығы



бет4/6
Дата22.04.2020
өлшемі79,5 Kb.
#63933
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
kur -m zhumbaevtyn-pedagogika-psihologijaly-kozqarasy-16

3. «Педагогика» еңбегінің құндылығы

Мағжанның аталмыш кітабы «Педагогика» деп аталғанымен, түгелдей дерлік психология мәселелерін сөз етіпті.

Мәселен, шағын еңбектің 17 тарауының 13 тікелей психология мәселелеріне арналған. Мұнда тікелей педагогика қисындары екі-ақ тақырып («Педагогика бөлімдері», «Жалпы педагогика») арналып, оларын автор бар болғаны 13 бет көлемінде баяндапты. Сөйтіп, барлығы 106 беттен тұратын кітаптың қалған таруалары адамның жан дүниесінің әр түрлі жақтарын сипаттайды.

М.Жұмабаев орыс педагогикасының білгір классигі К.Д.Ушинскиймен педагогиканы жан сырының заңдылығын зерттейтін психология ғылымымен байланыстара қарастырған тұңғыш қазақ ойшылы. Ол педагогиканы психологиясыз, яғни тәлімгер атаулы шәкірттердің жан жүйесі (зейін, ес, қиял, ойлау, сөйлеу, т.б.) ерекшеліктерін ескермейінше, оқу-тәрбие процесінің теориялық қисындарын баяндайтын педагогиканың дәрменсіз болатындығын ерекше ескертеді. М.Жұмабаевтың осы кітабындағы педагогикалық ой-түйіндерінің негізгі арқауы «... адам баласын тәрбие қылу дегенде, әрине, адам баласының, әсіресе жанын, тәрб ие қылу керек деп ұғу керек... Дүниеде теңіз терең емес, адамның жаны терең... Адам тілі арқасында ғана жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады... Ұлттың тілі кеми бастауы құри бастағанын көрсетеді... ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай анық көрініп тұрады. Ата-ана қатал болса, бала да қатал, ата-ана жұмсақ болса, бала да жұмсақ. Сондықтан баланың маңындағы адам дұрыс мінезді болу керек... адамның өзін-өзі тексеруі оның жан тұрмысының өркендеуіне түзу жолға түсуіне бірінші шарт. Қазақтың қаны бір – жаны бір жолбасшысы – мұғалім. Тәрбиешінің табансыздығын сезсе, бала онымен сөйлеуден, тілін алудан қалады ...» т.б. дегендерге саяды.

Ұлы ақынның әдістемелік еңбектері де психологиялық жағынан ерекше көңіл аударарлық. Мәселен, оның қазақ мектептеріне оқу құралдарын қандай етіп жазу керектігі жайлы «Жазылашақ оқу құралдары һәм мектебіміз», «Бостандық туы» (1921), сондай-ақ «Сауатты бол» (1926), «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жолы» (1925), «Әліппе» ересектерге арналған, (1929) т.б. газет-журналдарда жарияланған ғылыми методикалық мақалалары өз алдына әңгіме етуді қажет ететін тақырып.

Кезінде «Қазақ Пушкині» атанған дүлдүл М.Жұмабаевтың сонау дүрбелең шақта тұжырымдаған тәлім-тәрбиелік ойлары арнайы зерттеуді қажет ететін проблема. Педагогы-зерттеуші А.Қыраубаева айтқандай «... болашақ мұғалімдерді қазақ баласының жан дүниесі мүлде ескертілмеген орысша оқулықтардың аудармасымен оқытпай, Мағжан «Педагогикасындағы» ойлармен нәрлендіретін кез келді. Мағжан педагогикасы – аса сезімтал, саясаттан тыс, бала жүрегін жаралайтын адамгершілікті педагогика». («Қазақ әдебиет», 1992, 14 тамыз).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет