Қбб институты «Психология және дефектология» кафедрасы


М.Жұмабаевтың педагогикалық қызметі



бет2/6
Дата22.04.2020
өлшемі79,5 Kb.
#63933
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
kur -m zhumbaevtyn-pedagogika-psihologijaly-kozqarasy-16

1. М.Жұмабаевтың педагогикалық қызметі
М.Жұмабаевтың ақындық өнерді өзінің қысқа өмірінде асқан шабытпен жырлап нағыз поэзия билігіне самғаған, оның асқан асуларынан өлшеусіз нәр алған бір туар әмбебеп зиялы қайраткер болды. Оның қаламынан сондай-ақ көптеген әңгімелер мен мақалалар, оқу құралдары мен оқулықтар мен («Бастауыш мектепте ана тілі» - 1923, «Сауатты бол» - 1926), зерттеу еңбектері туды. В.С.Иванов пен Д.Ж.Мамин-Сибиряктің көптеген әңгімелерін қазақ тіліне тәжімалады. Мағжан поэзиясы адамның жан дүниесінің қыры мен сырына терең бойлайтыны, оның адамның жан сезімін доп басып суреттейтіні көпшілік оқырманды сүйсіндіріп келді. Сонымен бірге ол тәлім-тәрбие ғылымының теориялық жағына төңкерістен кейін тұңғыш терең үңілушілердің бірі болуы Мағжан дарынның тағы бір қырын көрсетеді. Осы тұрғыдан Мағжан 1922 жылы «Педагогика» атты (Ташкент, Орынбор) ғылыми еңбек жазды. Сол кездегі көрнекті қазақ зиялыларының бірі – белгілі ғалым-педагог, публицист М.Жолдыбаев осы кітаптың беташарына былай деп жазыпты: «Заманға дәл жаңа кітап шыққанша малданып», одан кейін оқып салыстырып қарап, бұрынғы жазылғандардың адасқан жерін тауып отыруға Мағжан педагогикасы іздесе таптырмайтын пайдалы тарихи материал. Бұл пікірден аумалы-төкпелі заманда «қулықтың құлындай қызғанышты» дүниені додаға салудан тартынған салмақты сыңай сезіледі.

Оқу құралының бірнеше бөлім педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Оның пікірінше тәрбие саласы төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесі, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесі. Әрине, тәрбиенің бұдан басқа да бірнеше түрлері бар, ол мұның басты-бастыларын ғана айтқысы келген болуы керек. Автор олардың бір-бірімен табиғи тамырластығын тәлпештей түсіндіре ке ліп, былай дейді: «Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егер де ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп, тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын... баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару» - деу арқылы М.Жұмабаев тәрбие мақсатын келер күн талабымен ұштас тырғысы келеді. Оның туған халқының тәлім-тәрбиелік баймұрасын игеру жөніндегі бағыт-бағдары да құптарлық. «Ұлт тәрбиесі – деп жазды ол, - баяғыдан бері сыналып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті». Жұмабаев халық тәрбиесін қастерлей отырып, оны да жұрт талқысынан өткізіп қабылдаудың қажеттілігін ескертеді. «Талай нашар, зиянды әдеттер әрбір ұлт тәрбиесі ішінде толып жатыр» - дей келіп, автор тәрбиешінің педагогикалық шеберлігін ұштау мәселелеріне ден қояды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет