2. Оңға қарай оқысаң да, солға қарай оқысаң да
мағыналы сөз болады
анық-қына нық-қын
апта-апта парақ-қарап
жоқ қож пас-сап
құс-сұқ пыш-шып
қат-тақ рет-тер
қыл-лық сан-нас
қыс-сық қын-нық
көш-шөк көш-шөк
сан-нас кәп-пәк
сақ-қас кел-лек
соқ-қос мас-сам
сөк-көс мыс-сым
тас-сат мол-лом
таза-азат тарақ-қарат
тыз-зыт тек-кет
шық-қыш.
3.Оңға қарай оқысаң да,
солға қарай оқысаң да мағынасы біреу ғана
|
|
|
|
|
|
|
|
ана ара кезек
ата аса қырық
ауа ада қазақ
ала аға кесек
апа аза шаш
баб аша тот
аһа есе тат
көк тат еле
нан ене тұт
нән
4.Буынды алмастыру арқылы соз жаса
шабақ - бақша, тамақ- мақта,
суса - сасу, екен - кене - неке
жеке - кеже, бақа - қаба
алқа - қала - алақ, қысас - сасық
ақша - шақа, алма-мала
есік кісе, етіс - тісе
кекре - еркек, тарақ-қарат-қатар-рақат
таза - аза, қара-арақ-арқа.
5.Сөзден бір әріп алынса да,
мағыналы сөз қалады
тай - ай, кел - ел, бақ- ақ,
бас - ас, тоқ-оқ күз - үз,
қыс - ыс, піл - іл, тау- ау,
сән - ән сол- ол, тоң- оң,
шық- ық, жар - ар, мал- ал
бес-ес, кез - ез, күн -үн,
бой - ой, амал - мал керен - ерен,
керік - ерік, құрма - ұрма ажар - жар
алақ -лақ атақ - тақ қана - ана
ақыл- қыл, сегіз - егіз жақ - ақ
қырық- ырық, отыз-тыз-зыт тақыр - ақыр
заман- аман, кеден-еден Бақша - ақша,
түлек – үлек, сағым-ағым, т.б.
(осы сияқты жүз-екі жүздей сөздер тудыруға болады).
Күлейік, Күлдірейік
Әзілің жарасса...
Әжесі немересін әлдилеп ұзақ отырды. Бір кезде: Әже, кішкене ұйықтасам деймін, әлде, тағы өлеңің бар ма? -депті, немересі.
«А» дан кейін...
«Ә» деген әріпті біле ме екен деп, Әжесі:
- Әлібек, әліпбидің ретінде «А» дан кейін қай әріп тұрады, дейді.
- Әже, соныда білмейсіз бе? Әрине «А» дан кейін қалған барлық әріп тұрады ғой.
Өлеңді аяқтамадың ғой...
Ағасы кішкентай Айдананы ұзақ әлдилеп, өлең айтып, ұйықтады-ау деп, ептеп басып бөлмеден шығады.
Артынан ере келген қарындасы «Нәнә, өлеңіңді аяқтамадың ғой», - депті.
Әй , Рауан-ай.
Рауан, - деші,
Таң дейді.
Әжем солай айтады:
Таңым, Күнім менің деп.
Қарашы, оның қуын – ай
«Р»-ға тілі келмейді,
Айтпау үшін «Р» -ды
Сөз табады құнды.
Тілазарға сөз айтсаң
Ойнап отырған баласына әкесі:
- Топымды әперіп жіберші, - депті.
- Әке, мен добымды ұстай алмай жатырмын ғой, - дейді.
- Оу, айналайын, әпере ғой.
-Қазір...
Аллаһам сақтасын, енді қайттік, - дейді сасқан әке.
- Әке, өзің ала салсайшы, -дейді, баласы. Сонда әкесі «қуанып»
- Айтпақшы, өзім бар екенмін ғой, -деп орнынан тұрыпты.
Екі мақтаншақ көрші.
Бір көрші, балаларының бәрі мақтау қағазын алып, бір қозысын шығындап тұратын көршісіне келіп: «Біздің балалар мал жинауға әбден түсініп алған, мақтау қағазының маңынанда жүрмейді». – депті.
Ашшы не? Тұшшы не? Дәмді не?
Алма, алмұрт, таңқурай, Тұздықталып бапталса,
Қойбүлдірген, алһоры, Ашқылтымы сол болмақ.
Өрік, мейз, шиеден Ет пен палау, қуырдақ,
Тосап жаса,тәтті екен, Мәнті менен домбалдақ
Қияр менен қызанақ. Қатық, қаймақ, бал қымыз,
Қарбыз, сәбіз, сарымсақ Тәтті тамақ нағыз.
«Р» - «Л» ма, «Ш» - «С» ма?
Әлішер, Әлібек әріптерге әзілдеп.
Бірін танып, бірін әлі білмейді.
«Р» -деп, айтсаң «Л» -дейді,
«Ш»- деп , айтсаң «С» -дейді,
Өздері, тіпті, күлмейді.
Бәрін өжің білешің ғой.
– Аһмет, - дейді.
– Қой, Рақмет, -еді ғой.
– Мына досыңның есімі кім?
– Шәулебек, - дейді.
– Сәулебек шығар, - деймін.
– Не ішіп тұрсың?
– Шу ғой, -дейді.
– Е, су шығар, - деймін.
– Бәрін өжің білшең, неге шұрайшың, - деп кейіді Аһмет, айтпақшы, Рақмет!
Жеймін, жеймін
Мәмә, мәмә , - деймін,
Тәтті берсең жеймін.
Алма, - десең алмайын,
Алма жеуге мен дайын.
Мейлің шұжық, қазы бер,
Қаймақты да жеймін.
Айың, Күнің, Сәулеңмін,
Кіп - кішкентай әуреңмін.
Алма бар ма, мама?
Баласы, апа,
«Ал»-ға «ма» - ны қоссақ
А л м а болады,
«Бар»- ға «ма» - ны қосамыз,
Мама не болады, - деп , күмілжіді.
Мамасы:
Е, түсіндім.
Алма бар ма, мама? - деп айтасың -ау шамасы,
Ақылыңнан айналайын, -деді апасы.
Тығылыспақ
Мен тығылмақ ойнаймын,
Күн бұғынбақ ойнайды.
Күннің бетін бұлт басса,
Тығылады ол менен.
Жарқ етіп күн шыққанда
Бұғынады бұлт тауға.
Таптым, таптым Күнді
Тереземді күлдірді.
Таудың да тасы домалар
Ой, ғажап- ай!
(ойланайық)
«Т»- дан сөзді бастаса,
Қарның тойып қалады.
«Т»- ны алып тастасаң,
Мылтыққа оны салады. (... -..)
«К» -ден , егер бастасаң,
Жыл мезгілі болады.
«К» -ні алып тастасаң,
Қысқартып жіпті алады. (... - ..)
«Б»- дан , егер бастаса,
Бір мүшесі адамның.
«Б»- ны алып тастаса,
Асқазанның арқауы. (... -..)
«Т»- дан сөзді бастаса,
Тулап, тулап шабады.
«Т»- ны алып тастаса,
Түнді жарық қылады. (... -..)
«Б» -дан сөзді бастаса,
Жеміс - жидек мекені.
«Б»- ны алып тастаса,
Қардың түсін береді. (... -..)
«Т»- дан, егер бастаса,
Саған қарап өсемін,
«Т»- ны алып тастаса,
Балық аулап кетемін. (... - ..)
Егер «ж» дан бастаса,
Қаңбақтарды ұшырар.
«Ж» орнына «с» қойсаң,
Таудың да тасы домалар (..., ...)
Егер «қ» дан бастасаң,
Суық мезгіл болады,
«Қ» орнына «м» қойсаң,
Жер қойнында жатады. (..., ...)
Егер «т» дан бастаса,
Сөздің мәні келеді.
«Т» орнына «з» қойса,
Тілдің ауыр сезімі. (..., ...)
(Балақай, осылайша өзің жалғастырып көрші)
Кел, балақай, ойнайық,
ойнасақ та, ойлайық!
Ас, ас, ас, асқа салма ...
Әр, әр, әр, әріңе бер ...
Бас, бас, бас, оқуда алға ...
А ға, а ға, ға басыңа берсін ...
А жа, жа, киімің болсын ....
А за, а за, за, көңілің болсын
Ел, ел, ел, білімді көмекке ...
Ап, ап, ап, білім ал бес ...
И, и, и, толықтансын ..
На, на, на, айналады ...
Ор, ор, ор, шілге құрдым ...
Аға, аға, болсын затта
Ра, ра, ара, болшы қазақ
У, у, у емес, қанып іш ..
Ата, ата, береді ата
А, а, а, төртінші нота ..
Шіркін, ша, ша, ша
Өмір сондай тамаша!
Осылайша, бала,
Сөзді құра жаңаша
Бұл қай кез, айта ғой тез!
1.Нұр таңына бөленіп
Арайланды бар аймақ.
Таң рауаны ырыс боп,
Күн келеді арайлап.
Айта ғой тез,
Бұл қай кез? (...)
2. Күн рауаны раңдап
Алтын шапақ шашады.
Аптап ыстық арқалап,
Бала өзенге қашады.
Айта ғой тез,
Бұл қай кез? (....)
3. Басылды аптап, түс ауды,
Ыстық қайтты бауырлап.
Асық ойнап бала мәз
Тақыр ыстық, дала жаз.
Айта ғой тез,
Бұл қай кез? (....)
4. Көлеңкесі ұзарып,
Жете алмайды бойына.
Шапағы жоқ ыстық күн
Отыр көлдің бойында.
Айта ғой тез,
Бұл қай кез? (...)
5. Көлеңке жоқ , күн де жоқ
Саумал кеш тұр далада.
Тал ат мініп шапқылап,
Балалар жүр далада.
Айта ғой тез,
Бұл қай кез? (....)
6. Оқылды бес намаз да,
Мал жайымыз аман да.
Ағытылып биелер,
Пісілді мес те, күбі де.
Айта ғой тез,
Бұл қай кез? (....)
7. Ас ауқатты айладық,
Төсекті де жайладық.
Ертек айтып жарысып,
Жұмбақ шешіп ұйқтадық.
Айта ғой тез,
Бұл қай кез? (...)
Жылқы ойнап, бие қашып,тай жарысқан.
Айта ғой тез,
Бұл қай кез? (...)
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық.
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Айта ғой тез,
Бұл қай кез? (...)
Масатыдай құлпырар жердің жүзі,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Айта ғой тез,
Бұл қай кез? (....)
Көкорай шалғын бәйшешек,
Ұзарып өсіп толады.
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонады,
Айта ғой тез,
Бұл қай кез? (...)
(Таң, түстік, бесін, кешкілік, екінді, ымырт түн, күз, қыс,
жазғытұры, жаз)
*ЕРТЕГІЛЕР
Достық
Көк аспан. Айдынды шалқар теңіз. Дүниедегі ғажайыптың бәрі осы жерде, теңіз жағалауында сияқты. Бірақ арғы беттегі жағалауды қанша көргің келгенімен көре алмайсың, аспан мен теңіз жалғасып тұрғандай. Айнала көк аспан. Жағалай жүріп қай тұсына барсаң да толқын келіп ұрады. Сенімен күрескісі келгендей.
Иә, көк толқын сынбайды, асығып тынбайды. Бір сәт...
– Рахмет! –деп сыбырлайды Жағалау. Маған берерің бар ма, Толқын, деп сұрады. Толқын, сол сәтте-ақ өзінің ақ толқындарын лақтырады.
– Ұста! –дейді Жағалау, жарқыраған әппәқ тыйынды Толқынға лақтырып.
Толқын ұяла сырғып келіп, тыйынды тереңіне әкетеді де, қайтадан ақ көбігін атқылайды.
– Сен білесің бе? Мен өмір сүретін теңізде неше түрлі алтын, күміс, түрлі заттар, өте әдемі тыйындар бар. Көбі ең тереңінде жатыр, ал кейбір асылдары сандықта жатыр. Мұның бәрін ғажайып алып Жайын бақылап, күзетеді. Қандай жақсы болды. Енді менің өз қазынам болады.
Ия, менде де мұндай заттар көп, себебі мен сенен үлкенмін ғой, - деді Жағалау.
Мәссаған, оны кім айтты, сені менен үлкен деп? Толқын ренжіп қалды.
Дәл осы кезде олардың үстінен ашулы Жел ұшып өтті. Екеуінің тәжікелесуін Жел арқылы естіген Қамыстар да сыбырласып, сыпсыңдай қалды.
Дәл осы кезде олардың үстінен ашулы Жел ұшып өтті. Екеуінің тәжікелесуін Жел арқылы естіген Қамыстар да сыбырласып, сыпсыңдай қалды.
Су өзінің бойында көптеген жайларды жасырып сақтайды, ол данышпан және үлкен,- деді Толқын.
Бұлардың бәсекеге тәжілесуін естіп Күн сығалап қарады да: «Қалай ұялмайсыңдар, деді ашуланып.
Сендердің достықтарыңның көптен бері екенін білмейсіндер ме?
Күн шұғыласының бір ұшымен Жердің шетінен ұстады да, ренжіскен достарды татуластыра бастады.
Баяғыда, ерте-ерте, ертеде, суда әлі балықтар болмағанда, Жағалауда адамдар да, андар да болмаған кезде, тек екеуің - Толқын мен Жағалау болғансыңдар.
Қалайша ол естеріңде жоқ деп, таңданды Күн.
Жан-жақтарыңа қараңдаршы. Қазір жер бетінде барлығы достасуды біледі және дос болуы да керек.
Әсіресе бұл достық Адамдар үшін аса қажет.
Балаларға қараңдаршы, қандай тамаша, адал көңілдерімен достасады. Олар бір-бірімен бір тәттісін бөлісіп, бір-біріне ойыншықтарын береді. Ал кейде есе келе нағыз достықтың не екенін ұмытып кететіндер де бар.
Қиналғанда нагыз достан көмек сұрасаң, ол ойланбастан қолдайды.Нағыз дос үлкен жетістікке жетуіңді тілейді.
Үлкен өміріңді жайсаң жақсылыққа апаруға көмек болатын, тек, нағыз достар ғана. Олар үлкен қателік жібермеуіңе көмектеседі. Дос достан айнымауы керек.
Әлемдегі бір бағалы дүние - Достық!
Толқын мен Жағалау қатты ұялып, бір-бірінен кешірім сұрады. Толқын мен Жағалау шын достар!
Егер сенбесең, Күн бүлдірген түске бояла, қызара мүлгіген кезде, олардың нағыз мықты достықта екепін көресіңдер. Бірақ міндетті түрде өзің мен бірге сен де досыңды Жағалауға алып кел. ЕкеуіңЖағалаудың жылы кұмында отырып, Толқын мен Жағалаудың сылқылдай күліп, сыбырласқанын естисің,түсінесің. Осыны бір бақылап көріңдерші.
Кузетші торғай.
Аулада қалың тал. Алаңқай жерінде жас торғайлар секіріп бірдеңелерді тауып жеп, әлсін-әлсін шықылықтайды Ал кәрі торғай ағаштан түсер емес. Жан-жағына жіті қарап, тыңтыңдап отырған сияқты. Ол жыртқыш қырғауылды бақылауда. Үнсіз тасалана ұшып келе жатқан қырғауылды кәрі тарлан көре қалды. Ол қатты айқайлап, шу көтерді. Барлық жас торғайлар бұталардың түбіне жасырына қалды.
Міне, күзетші үлкен торғай жас балапандарын жаудан осылай қорғайды екен.
Қанқыз
Үстінде әсем қызыл ноқаттары бар домаланған қоңыз «Қан-қыз» деп аталады. Қанқыз десе дегендей, кереметтей кербез байсалдылықпен кердеңдей қозғалады, ешкімненнен де қорықпайтын тәрізді.
Осы маңайда жүрген құстар жерде жыбырлап жүрген құрттарды, кейбір қоңыздарды теріп жеп жүр. Ал, мына Қанқызға бірде-біреуі жоламайды. Өзі тіпті адамнан да қорықпайды. Қолымды Қанқызға созып ем білегіме дейін өрмелеп шықты. Қарай гөр жүрісін, тіпті асықпайды. Оны қайрадан жерге түсірдім. Міне, қызық, құстың жаңа ғана қанаттанған балапаны келіп қоңды.
Қанқыздардың әдемілігіне көзі түсті ғой деймін. Әлгі балапан Қанқыздың біреуін шоқып кеп қалғаны. Артынша қайта шығарып тастады да, тұмсығын жерге сүртіп, тазартып, әуре болды да: «Енді сен пәлеге жоламаспын, өзіңді дұрыстап көріп алайыншы, тіптен өліп қала жаздадым ғой, недеген ашшы еді», - дегендей балапан Қанқызға мойнын бұрып, тағы бір зер сала қарап, ұша жөнелді.
Дегенмен Қанқыздың да табиғатқа пайдасы бар, өсімдіктердің битін құртады.
(Ертегі әлемінен)
Тұңғиық
(әңгіме)
Көл беті тұңғиыққа толы екен. Су терең. Жапырақтар қалқып тұр. Біреуінің үстінде бақа отыр.Бақалар анда санда бақ-бақ, - деп қояды. Жақын ұшқан шыбын-шіркейді қағып, жеп алады.Тек көжек қана дір-дір етіп, қорқып отыр.
-Ол қорқақ қой, қалай құтқарсақ екен,- дейді Шаһ.
-Бақа да отыр ғой, дейді Ақзер
-Басқа қорықпайды, ол суда жақсы жүзеді ғой, - дейді, Әлгі.
Қорқақ қасқыр
(ертегі, әжемніц эңгімесінен)
Қасқыр мен түлкі дос болып, қысқа азықты бірге жи- пагі, бір үңгірде гұрады. Бір күні азық таусылып, ашыққан қасқыр түлкіні жеуді ойланады. Бір сәтте түлкіпі бас салады. Қорыққан түлкі,ойбай, Қасеке! - деп, айқай салады. Өзінің сыйлы атын естіген қасқыр, аузын ашып, аңырып қалады. Осы кезде, түлкі шегіншектеп: «Аю, аю, мені тартып ба- рады»,- деп, айқайлайды. Қорыққан қасқыр ін түбіне бұға түседі. Түлкі болса, зып етіп, қашып кетеді. Сөйтіп түлкі қасқырдан тағы бір айласын асырды.
Түңғиық
(әңгіме)
Көл беті тұңғиыққа толы екен. Су терең. Жапырақтар қалқып тұр. Біреуінің үстінде бақа отыр, біреуінде көжек отыр. Бақалар анда-саңда бақ-бақ, — деп қояды. Жақын ұшқан шыбын-шіркейді қағып, жеп алады. Тек көжек қана дір-дір
етіп, қорқып отыр.
Ол қорқақ қой, қалай құтқарсақ екен,- дейді Шаһ.
Бақа да отыр ғой,- дейді Ақзер „ . .
Бақа қорықпайды, ол суда жақсы жүзеді ғой, -дейді, Әлі.
Біз қоянды құтқаруға кірістік. Бәріміз бір-бір ұзын ағаш, бұтақ тауып алдық тасуды жағаға қарай жосылта бердік. Бір уақыт болғанда тұңғиық гүл жағаға жақындады-ау. Әлгіндей болмай- ақ көжек жағаға секіріп шықты да, секіріп - секіріп жоқ боп кетті. Оның қылығына біз ду күлдік. Өзі рақмет те айтқан жоқ,- деп, ренжіді Шаһ. Болған әңгімені үйге айтып келдік. Әжем көжекті құтқарғандарың дұрыс болған екен.Бірақ, өздерің суға түспеңдер. Тұңғиық гүл өскен су терең болады. Тұңғиықтың жапырағының екі арасында ауа болады. Ол ауа оны суға батырмайды. Тұңғиық тәріздес, бірақ ол біздің тұңғиықтан ірі, үлкен өсімдік Америкада да бар екен. Оны олар виктория - регин деп, атайды. Жапырақтың үлкендігі сондай, Үндіс балалары мініп алып ойнайтын көрінеді. (Аударма,2009)
Әлемдегі мөр немесе құс қанатындағы
кереметтер
Көк жүзінің сүзілуі, эстетикалық құрылымы қашанда жұмбақ. !
Түрлі-түсті қанаттарымен құстар адам баласын қызықтырып, назарын аударып келген. Құстардың адамдарды қызықтырған ерекшеліктерінің ең маңыздысы да, бәлки қанаттары болар. «Құсқанатындай жеңіл» сөзі де қанаттың нәзік бейнесіндегі кемелдікті суреттегендей. Осы жеңілдікпен қоса, нәзіктікпен қатар керемет сүйкімдтік те жатады. Жаратушының жайып салған өнерін,
мұндай көркемдікті түсіне білу үшін, ғалымдар тырна қанатыныңбір талын алып зерттеген. Сонда 350 жіңішке қауырсын, оған тәуелді 600 тана аралас қанатша, әрі бұлқанаттарды бір-біріне байлаған 390 шеңберден құралғанын көруге болады екен. Құстардың өмір сүруі үшін қанаттарының үнемі таза,бапталған, әрқашан қолдануға дайын болуы керек. Қасиетті қанаттарын қоректендіру үшін құстар құйрығының түбіндегі май қабатын қолданады. Бірі-бірінен көркем, реңді, өрнекті қанаттарымен бірін-бірі қызықтырады, қажет болғанда жаудан тығылады, өзін қорғайды. Құстар күн суытқанда қанатымен жылынса, жаздың ыстығында қанатымен салқындайды.Құс денесіндегі қанаттың әрбіреуінің әр түрлі міндеті бар.Құйрығындағы үлкен қанаттар ұшу-қону міндетін атқарады екен. Қанатты желпу арқылы күшін еселейді. Қанаттағы түстер іштегі кезінде белгілі болады. Бастысы: үш түрлі қара, қоңыр, немесе қою сары, сары түстер. Басқа жасыл, көк, металл түстері қанаттың өз түсі емес, жарықтың, күннің түсімен
бейнеленген түстер болады екен.Егер жолдан бір құс қанатын көрсеңіз алып бақылаңыз.
Өнерпаздың өнеріндегі керемет құрметті көріп, таң тамаша қаласыз.
(Оқығаннан түйгенім мен көргенімнен).
Бұл, әлде, маһаббат па?!
Жайлау. Жаймашуақ жадыраған жаз. Ақтөс тазы орнынан тұрды да дүр, сілкініп,бір жұмысы ұмыт қалғандай, керіле басып, екі аттады да, танауын көтеріп, батыс жақты иіскегендей болды. Бұрыла басып тұрды да, алысқа көзі талғанша қарады. Сол алыста сәл-пәл уақытта күн ұясына кірмек. Ақтөстің тезірек дыбыстағысы келді. Бірақ Күн шұғыласы көзін қарықтыр-
ғандай болды. Көзін шағылысғырған Күн көзінен көз ұясы жасаурап кетті. Көзі шылауланған сәтте Күн үлкейіп, жарық сәулесі кемпір қосақтай түр-түске бөленді, ондай түстерді Ақтөс білген де емес кой. Алғашқыда түсіне алмай алдыңғы аяғын соза керіліп, аузын ашып, ернін жалады. Сол сол-ақ екен үріп қалды да, артынша қатты-қатты үрді.Қатты үргені сонша асқа тойып, керіле ұйқыда жатқан мысық Мішімай қорқып, ыршып түсті де, мына тәртіпсіздікті тыймақ оймен Ақтөске жақындады, «Қойсаңшы, дәл қазір қатты үрудің қажеті жоқ қой, күн ұясына асықпай кірсін»... Ақтөс күтпеген қонағына қарады да, оның өзіне қараған көзінен ойсыз абыржып, жүрегі қатты соғып-соғып кетті. Бұл ішкі сезім «Мүмкін, сен оны сүйіп қалған шығасың?- дегендей болды. Бұл қалай? Бұл жақсы ма, әлде жаман ба деп, ойланды Ақтөс. Иә, бұған бірдеңе деуім керек шығар. Сөйтті де күмілжіп: «Сен кімсің? — деді.
Мына сөзден, ойламаған жерде, Мішімай құлап қала жаздады. Ол басқа бір сөзді күтіп тұрған еді.
«Білмеймін, сен кімсің? Бірақ, сен сондай, йә, сондай»...деп, Ақтөс ойлана айтты.
«Оу, сен не, айтатын ойың бұл емес еді ғой, ойыңды дұрыс айтпадың»...деп, ерекше бір күшпен ішкі дауыс айқайлады. Осы ойы кеудесінен шығып кетпесін дегендей кеудесін тарта қысып, айтты: «Сен сондай, сондай жақсы...» (ол табанымен де, сосын көзімен де көрсетпек ойда болды) ақыры сөзін «Мен сені сүйемін!» — деп аяқтады. Мішімай бұрынғыдан бетер қысылды, көзі айнала жүгірді, аузы аңқиа ашылды. Ол өзінің түсінбегенін ескертпек болды. Мішімай Актөстің бұл жағыдайын сенімділікпен өзіне деген сезім деп қабылдады.Ақтөс оған қандай да бір нәзік сезімін білдіріп, рақметін айтқысы, сыйлағысы келді. Сол үшін үйшігіндегі сүйекке ұмтылды. Сол сәтте көзіндегі жас ыршып жерге түсті.
Сүйекті алып келіп, олай-бұлай қарап, әлгі бейтанысты көп іздеді. Таба алмай Мішімай жаққа бұрылды. Сен осы жерден көрмедің бе, әлгі нағыз, нағыз...
Мішімай, «бұл жерде менен басқа ешкім, еш бейтаныс болған жоқ, сен, тек, менімен ғана сөйлестің, Ақтөс»,-деп, айтпақ еді, бірақ сол сәтте оған көп нәрселер түсініксіз болды. Ол Ақтөсті мазаламас үшін көп сұрақтар бермей, бұрылды да жүре берді. Ал Ақтөс болса, оның ойынша, ғажайып бейтаныстың жол алған жағы Күннің батысына қарай ұзақ-ұзақ қараумен болды.
Сол кезде ақырындап Ай да көтерілген еді.
Дыбыс әлемі
Баяғы заманда Дыбыстар елінде қаһарлы Қатал атты патша болыпты. Ол өз қарамағына бірнеше Дыбысты алып, өзгелеріне әлімжеттік көрсетеді. Осы жәйттен соң дыбыстар жан-жаққа бөлініп кетіпті. Еркіндікті ұнататын әнші Дыбыстар бір бөлек, Таңбалар бір бөлек тарап кетіпті. Бір күні Қатал патша ашуланып, қол астындағы Дыбыстарды «Тастөбе зынданына қамап, сиқырлап тастапты», - деген суық қабар жетті. Ұялшақ бауырлары. «Ұямыз бір бауырымыз еді ғой, қиындықта іздеп көмектеспесек ұят қой», - деп жолға шығыпты. Сегіз түйені жолға жабдықтап, сегіз батыр да шығыпты.
Керуен Күн бата жолға шығып, Таң ата құр сүлдері жүрген, үндемейтін екі батырға жолығады.Олардың тағы үш бауыры бар екен, сөйлей қалса, қос дыбыс айтады екен. Керуен екі тәуліктей жүріп бір ауылға келеді. Бұл ауылда он екі әнші бар екен. Оның біреуі тілді еркін меңгермеген, шеттен келген әнші екен. Жергілікті он бір әншінің дауыстары әртүрлі естіледі екен. Ішінде өте бір қу Дыбыстар бар екен. Неге дауыстары әртүрлі деп ойласақ, ішінде жуан,жіңішке сөйлейтіндер бар екен. Әлгі қу Дыбыс, өзі нағыз қу екен. Жуан да, жіңішке дауыспен, дауыстап та, дауыссыз да үн қата алады екен.
Демін алған керуен дереу жолға шықты. Ұзақ жол бұларды белгісіз өлкедегі ауылға әкеп тіреді. Ондағы елдің үні қызық екен. Біреулері ырылдап,біреулері ыңылдап, біреулері ымдап, (біреулері өкіріп сөйлеседі. Тұрғындардың жалпы саны жетеу екен, әйтеуір үндері бар. Жөн сұрасып, жағыдайды айтып, бұлар осы маңда ысылдап, пысылдап, ышқынып, күрсініп жататын он бір тас төбешік барын естіп, бел шешіп, дем алмастан, тас төбелерді бетке ұстай қозғалды. Тас төбелерге келген соң, әркім өз бауырының атын атап, дауыстайды, шақырды.
Сөйтсе, сиқырды жеңудің басты шарты Мейірім ананы келтіру керек екен. Осыдан кейін Мейірім ана әр Дыбыс балаларының жүрегінен орын алып, бауырларды бір-бірімен табыстырды.
Қуанысып, қауышып табысқан бауырлар бұдан кейін өте тату тұрыпты. Сөйтіп, балалар сурет салады, ән айтады, тақпақ оқиды, өлең жазады. Бәрі бірігіп Сөз ауылын, Сөйлем ауылын аралайды. Ол ауылдағы Бастауыш, Баяндауыш, Анықтауыш, Толықтауыш деген ғұлама қариялармен танысады. Қариялардың әрқайсы өз сипатына, іліміне сай қызмет жасауда екен.
Бастауыш ақсақал мінбеге көтеріліп Сөзге бастау айтты Баяндауыш басқа Дыбыстарға жағыдайды түсіндіріп, баяндады, оған ілесіп Толықтауыш та, әңгімені толықтырып тұрды. Пысықтауыш соңында келе жатқан Анықтауыш деген бәйбішеге бірдеңені айтып пысықтап жатты. Анықтауыш бәйбіше мінбедегі Бастауыштан алысырақ жерде тұрса да Дыбыс балаларының Дыбыс туыстарын танығанын, Сөзді тыңдап, Сөйлемнің айтқанын ұғып, меңгергенін анық көріп тұрды.
Барлық Дыбыстар қуанышқа бөленіп, әрқайсысы өз міндеттерін атқарып, жұмысқа белсене кірісті.
Міне, балалар, осы Дыбыстар елінен үлгі алып, үйреніп, жақсы оқыңдар. Білімді, әрі ұйымшыл болсаңдар, сонда ешбір қиындық сендерді жеңе алмайды.
Әліпби
(өлең ертегі)
Ерте, ерте, ертеде
Аспан мен Жердей көлемде
Сия, - деген өзенде
Ғұлама қалық табысқан.
Жағасы толы гүл, құрақ,
Тауларда шырша, тал, қайың,
Баурайы аққан мың бұлақ
Елге қоныс сол тұрақ.
Сол Сия өзен қасында
Қала бопты гүлденген,
Үйлері биік, көлемді.
Сәнді, мәнді, өлеңді.
Бірі дөңгелек, дәлізді,
Бірі-қиғаш, доғалдау,
Балға, терек секілді,
Тағы басқа түрліше,
Құрлыстары өзгеше.
Тұрғындары қаланың
Қаласын сұлу сүйігіті,
Ыстық - суығына күйіпті.
Бірде данышпандарын
Түгелдей, дерлік, жиыпты.
«Әліпби», - деп, аталар
Ат беріпті қалаға.
Тұрғын қалқы сұлу,
Ақылды да, алғыр,
Бауырмал да, батыр
Тұз дәмдері жарасқан
Еңбекшіл де, еркін,
Адамдар екен ерен.
Әкімдері әділ,
Ақындары айбын,
Батыр да, бағбан,
Гүлзары гүлжиһазды,
Ғұлама ғажап ғалымы,
Домбырашы, дарымшы,
Етікші мен егінші,
Жезші менен жиһангер,
Зәкші, заңгер, зейнеткер
Инабатты, иманды
Күзетшісі, күйшісі,
Лагылшы мен лаукесі.
Мысшы, мерген, мұнайшы,
Наубайшы, наушы, нәлшісі,
Орманшы, оюшы, оташы
Өзгеше өздері өмірлі.
Палуаны патшадай,
Рауан руһы райлы.
Суретші, сұлу саятшы,
Тақымгер және тариһшы
Уайымсыз, уағдашыл
Ұлағатты ұрпақты
Үміттері үлкен үлесте.
Фәлсәфашысы фәрішта,
Қаһарманы қажырлы,
Шежірелі шіліңгір
Ырызықты да ырымды.
Еңбгіне аты сай,
Әліпбиі сөзге бай,
Тұлғасына қалқы сай,
Құсқауырсын қаламы.
Сиямен бояп түр түске
Тәптіштеп жазар сыры бар
Заманда заңғар заты бар,
Әлемде әбүйір аты бар
Болашақ тариһқа қаты бар
Ұлы қазақ қаны бар
Кең жайлауы сыңсыған
Төрт түлік толы малы бар.
Даласы толы аң, құсқа
Жазира жайсаң жаһұтта
Адамдары арлы,
Жәйлау, қыстауы сәнді.
Әліпбиі қисынды қилы ой
Даласы тұнған нақыл - ой
Парасат етіп данасы,
Саналы, саңлақ баласы,
Шындықпен толды бағасы
Нұрсұлтандай патшасы.
Осындай Ұлы Отанды
Қазақелі, - деп атапы.
Қабыл боп баба батасы
Мемлекет болып бірікті,
Қаласы, елі іргелі
Өзгеге оның үлгі ісі.
Қазақша ойлап арманын
Орысша да оқып, жазады.
Ағылшын тілін меңгерген,
Компьютерді еңсерген.
Осындай қазақ даласы,
Әліпби - көркем қаласы,
Мен, Сен, Ол- Барлық
Қазақел баласы.
Сол ғажап ел шаһарда
Сәнді тұрмыс құрады.
|