Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыстар


Сабақ түрі: топтық Сабақтың технологиясы



бет3/4
Дата08.02.2022
өлшемі207,5 Kb.
#118045
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
бейорганикалык косыл генетикалык байлваныс
Мақанова М.Т химия 1
Сабақ түрі: топтық
Сабақтың технологиясы: ұжымдық ойлау әрекеті
Құрал–жабдықтар: интерактивті тақта, презентация, модуль жасауға арналған кестелер, оқулық, анықтама сөздік.
Сабақтың құрылымы:

  1. Оқушыларды әлемдік түсінікке кіргізу немесе проблемалық жағдайға (ситуацияға) кіргізу.

  2. Оқушылардың сұраныстарын білу.

  3. Сұрақтардың күрделілігіне қарай реттеу.

  4. Кілтті сөздерге түсіндірме сызба құру.

  5. Кіші топтың өзіндік жұмысы.

  6. Алғашқы түсінікті болжау.

  7. Жалпы талқылау.

  8. Тақырып бойынша модуль құру.

  9. Рефлексия.

Сабақ барысы:
Оқушыларға «Сіздер «Бейорганикалық заттар» ұғымын қалай түсінесіздер?» деген сұрақ қойылады.
Бұл сұрақ –оқушыларға білімді даяр бермей, олардың алдында белгілі проблемалы міндет қойып, соны өздері ізденіп шешуіне бағыттайды. Проблемалы болуының негізгі шарты –оқушыда даяр жауап немесе үлгі болмайды және оқушы өзінің білетіні мен білмейтінінің арасындағы қайшылықты, басқаша айтқанда, берілген проблеманы шешуге керекті білімнің немесе тәсілдің жетіспей тұрғанын сезінеді.
Оқушының өзінде бар іздену құралдарымен (білім, икемділік, іздену тәжірибесі, т.б.) шешуге болатын проблемалы жағдай туғызылады. Проблемалық оқыту тек проблемалық жағдай тудырып қана қоймай, оны дұрыс шеше білу тәсілдерін меңгертуді де қажет етеді. Ол үшін мұғалім оқушының материалда кездесетін ой, пікір қайшылықтарын дұрыс аңғаруына жағдай жасап, оны шешудің жолдары мен тәсілдерін меңгеруге, өздігінен ізденудің,зертеудің амалдарын үйретіп, бағыттайды.
I. ОҚУШЫЛАРДЫ ӘЛЕМДІК ТҮСІНІККЕ ПРОБЛЕМАЛЫҚ ЖАҒДАЙ АРҚЫЛЫ КІРГІЗУ.

З АТТАР


Органикалық Бейорганикалық
Заттар дегеніміз не және оны қалай түсінесіздер?

БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАР


( құрамына қарай)

Жай Күрделі


Атомдардың бір түрінен атомдардың әр түрінен тұрады





Химиялық реакцияларда бірнеше басқа заттар түзіп, айырыла алмайды

Химиялық реакцияларда бірнеше басқа заттар түзіп, айырылады

О2, Н2, Fe және т.б. H2O, FeS, NaCl, CO2, KOH және т.б.


Сонымен күрделі заттарға –бейорганикалық заттар, яғни оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздар жатады.


Бұл тақырыптардағы кілтті сөздер қандай?

Оксидтер
Негіздер




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет