Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет34/181
Дата21.10.2022
өлшемі5,09 Mb.
#154383
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   181
Байланысты:
бейорганикалық химия дәрістер

3. Молекулалық тор. Тор түйіндерінде молекулалар орналасады, олардың арасында вандерваальстік немесе сутектік байланыс күштері болады. . Молекулалық торлардағы молекулааралық әрекеттесу иондық және атомдық кристалдардағыдан едәуір әлсіздеу. Сондықтан молекулалық кристалдар төменгі температурада балқиды және ұшуға бейім. Мұндай заттар ток өткізбейді. Молекулалық торы бар заттарға йод, сахароза, камфора және т.б. мысал болады.
4. Металдық тор. Мұндай торлардың түйіндерінде металдардың иондары болады, ал валенттік электрондар бүкіл кристалл көлемінде таралған (делокализденген). Мұндай кристалдарды s- және р- металдар түзеді, олар аса жоғары емес балқу температурасымен және қаттылығымен сипатталынады. Онда “электрондық газдың” болуы жоғары ток және жылу өткізгіштікті қамтамасыз етеді, сол сияқты металға соғылғыштық және иілгіштік сипат береді.
Қайталау сұрақтары



  1. Химиялық байланыс дегеніміз не?

  2. Химиялық байланыстың негізгі типтерін атаңыз.

  3. Ковалентті байланыс түзілуінің екі механизмін (дара электрондардың жұптасуы және донорлық- акцепторлық) түсіндіріңіз.

  4. Полюсті және полюссіз ковалентті байланыстардың айырмашылығы неде?

  5. Химиялық байланыс ұзындығы деген не?

  6. Молекуланың дипольдік моменті деген не? Ол қандай бірлікпен өлшенеді?

  7. Дипольдің эффективті заряды дегеніміз не?

  8. Байланыс энергиясы дегеніміз не? Ол қандай бірлікпен өлшенеді?

  9. Валенттік байланыс (ВБ) әдісінің негізгі қағидаларын атаңыз.

  10. σ- байланыс дегеніміз не? Ол қандай атомдық орбитальдар бір-бірімен бүркескенде пайда болады?

  11. π- байланыстың σ- байланыстан айырмашылығы неде? π- байланыс қалай пайда болады?



8. ХИМИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ЭНЕРГЕТИКАСЫ ЖӘНЕ БАҒЫТЫ


Дәріс жоспары



        1. Химиялық термодинамиканың негізгі түсініктері мен анықтамалары.

        2. Реакцияның жылулық пәрмені.

        3. Қосылыстардың түзілу жылуы.

        4. Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары мен бағыты.

Химияның негізгі міндеттерінің бірі химиялық процестің жүруі мен динамикалық сипатын зерттеу. Бұл ілімді игеру химиялық және физика-химиялық процестердің жүру мүмкіндігі мен бағытын алдын ала болжауға, энергетикалық пәрмендер мен энергия шығынын есептеуге, сол сияқты кейбір жағдайлардағы қажетсіз реакциялардың алдын алуға, қайсыбір жабдықтардағы ақауларды болдырмауға мүмкіндік береді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет