Қышқыл – ол құрамында қышқыл қалдығы және металл атомымен алмаса алатын бір немесе бірнеше сутек атомдары болатын күрделі зат.
Қышқылдар қатты (мысалы: H3PО4, H3BО3, HJО4) және сұйық түрде (мысалы: H2SО4, HNО3) болады. Кейбір қышқылдар (мысалы: HCl, H2S) газдардың судағы ертіндісі түрінде болады.
Қышқылдарды былай жіктеуге болады:
негізділігі бойынша;
Көп атомды аниондары бар қышқылдардың атауларында « -ат, -ит, -лылау, -лы, -лау» жалғаулары сақталады. Мысалы:
HClО – хлорлылауқышқылы
HClО2 – хлорлы қышқыл
HClО3 – хлорлау қышқылы
HClО4- хлор қышқылы
Орто- және мета- префикстері қышқылдардың құрамындағы «судың» мөлшерін анықтау үшін қолданылады.
Айталық: H3BО3 – ортобор қышқылы болса, ал «суы» аздау HBО2 – метабор қышқылы деп аталады. Егер қышқыл түзуші элемент әртүрлі тотығу дәрежесінде немесе валенттілікте болса, оларды жоғарыда келтірілген жалғаулардың бірін қосу арқылы көрсетіп отырады. Мысалы, H3PО4 – фосфор (кейде ортофосфор) қышқылы, ал H3PО3 – фосфорлы қышқылы. Қышқыл түзуші элементтің тотығу дәрежесі төмендесе де жалғаулар өзгеріп отырады.
Ал қышқыл қалдықтарының атаулары қышқыл түзуші элементтің латынша аталуына « -ат» немесе «-ит» жалғауларын жалғап түзеді.