3
БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ
ХИМИЯ
ПРАКТИКУМЫ
Оқу құралы
4
Алматы 2005
5
ӘЛЬ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ
ХИМИЯ
ПРАКТИКУМЫ
Оқу құралы
Профессор М.М.Бүркітбаев пен
химия ғылымдарының кандидаты
Р.Г.Рысқалиеваның
редакциялауымен
6
Алматы
"Қазақ университеті"
2005
УДК 541.0
ББК 24 1я 7
П81
Басып шығаруға химия факультетінің
ғылыми кеңесі мен әл-Фараби атындағы РБК
ұсынған
Авторлар тобы:
М.М.Бүркітбаев,
Н.Н.Нұрахметов,
Х.К.Токсеитов,
М.Р.Танашева,
Г.С.Куанышева,
Г.В.Абрамова,
С.М.Романова,
Ж.Е.Жакупова,
Б.Д.Балғышева,
Р.Г.Рысқалиева,
А.И.Ниязбаева
Рецензенттер:
х.ғ.д.,
профессор
Р.Ш.Еркасов
(Л.Н.Гумилев атындағы
7
Евразия
ұлттық
университеті)
профессор
Ж.О.Бегалиева
(М.Тынышбаев атындағы Қазақ
Транспорт
және
Көлік Академиясы)
х.ғ.д., профессор М.К.Алдабергенов
(әл-Фараби атындағы
Қазақ
Ұлттық
универстиеті)
П 81 Бейорганикалық химия практикумы:
Оқу құралы /Профессор М.М.Бүркітбаев пен
химия
ғылымдарының
кандидаты
Р.Г.Рысқалиеваның
редакциялауымен.
Алматы: Қазақ университеті, 2005. - 277 бет.
Оқу құралы жоғары оқу орындарының химия мамандықтары үшін
бейорганикалық химия курсының бағдарламасына сәйкес келеді, сонымен қатар
жалпы және бейорганикалық химия курсының барлық маңызды бөлімдерін
қамтиды. Жалпы химиядан лабораториялық сабақтарға берілген тақырып
бойынша лабораториялық жұмысты жасауға керекті қысқаша теориялық кіріспе
жасалған.
Оқу құралы жоғары оқу орындарының химия мамандығы бойынша
оқитын студенттері мен аспиранттарына арналған.
ІSBN 9965-12-180-X
8
Кіріспе
Жоғарғы оқу орындарында химия курсының негізгі
бір бөлігі лабораториялық жұмыстар болып табылады. Ал,
лабораториялық
жұмыстарсыз
студенттерді
химия
негіздерімен таныстыру мүлдем қиын. Бұл оқу құралы әл -
Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде жалпы
және бейорганикалық химияны оқытудағы көп жылдық
тәжірибиенің
қорытындысы
болып
табылады.
Практикумды құрастырғанда Кеңес одағының және шетел
авторларының лабораториялық жұмыстарға байланысты
еңбектері, журналдарда жарық көрген материалдар, өте
жақсы жұмыстар және кафедра қызметкерлерінің
еңбектері қолданылған.
Бейорганикалық химия практикумы алғаш рет 1976
жылы
Б.А.Бірімжанов
пен
Л.А.Кадушкинаның
редакциялауымен шығарылған болатын.
Оқу
құралының
бұрынғы
басылымдардан
айырмашылығы кафедра оқытушылары дайындаған
барлық тәжірибелер жартылай микроәдіске жауап беретін
реактивтердің аз мөлшерімен жүргізіледі.
Реактивтердің аз мөлшерімен жұмыс істеу өте тиімді
және тәжірибе көрсеткендей біраз айырмашылықтары бар:
1.Тәжірибелердің толық қауіпсіздігін және лаборатория
ауасының тазалығын қамтамасыз етеді.
2.Реактивтер мен энергия көзін үнемдеуге септігін
тигізеді.
3.Уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, себебі
реактивтердің аз мөлшерімен жасалатын тәжірибелерді тез
жүргізуге болады.
4.Ұқыптылықты тәрбиелеуге әсерін тигізеді.
9
5.Студенттер реактивтердің аз мөлшерін қолдана
отырып, тәжірибелерді жеке орындауларына болады да,
бұл олардың өз бетімен жұмыс істеп үйренуіне мүмкіндік
береді.
Оқу құралында практикалық сабаққа бөлінген
уақыт ішінде орындауға болатыннан да көп тәжірибе
берілген, бұл оқытушыға бір тәжірибені екінші
тәжірибемен ауыстыруға, сонымен бірге олардың
санын лабораториялық жұмысқа бөлінген уақытпен
сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
Жалпы
химия
курсының
мақсаты
бакалавр
дайындауға оқу жоспарымен қарастырылған басқа химия
пәндерін оқуға теориялық негіз салу болып табылады.
Практикум
Қазақстан
Республикаларының
университеттерінің химия факультеттері үшін жалпы және
бейорганикалық
химия
бағдарламасына
сәйкес
құрастырылған.
Оқу құралының бірінші бөлімінде бейорганикалық
химиядан лабораториялық жұмыс жасау кезіндегі
қауіпсіздік техникасының ережелері, қарапайым аспаптар
мен қондырғыларды жинаудың негізгі қағидалары
көрсетілген және керекті зертханалық құрал-жабдықтар
мен химиялық ыдыстарға қысқаша сипаттамалар берілген.
Практикумның
бұл
бөлімінің
мақсаты-студенттерді
заттарды тазалау мен идентификациялаудың негізгі
әдістерімен таныстыру, лабораториялық журналды қалай
безендіру керектігін көрсету.
Екінші бөлім жалпы химияның типтік жұмыстарына
арналған. Оларға бөлім бойынша жасалатын жұмыстың
мәнін түсіну үшін керекті қысқаша теориялық кіріспе
берілген.
Үшінші бөлім бейметалдар химиясына, ал төртінші
бөлім-металдар химиясына арналған. Ыңғайлы болу үшін
лабораториялық жұмыстың алдында студенттерге керекті
10
құрал-жабдықтар мен реактивтер келтіріледі. Көптеген
ерітінділер үшін олардың концентрациялары көрсетілген.
Әрбір бөлімнің соңында бейорганикалық қосылыстардың
қосымша синтездерінің сипаттамасы берілген. Оларды
семестр бойы үлгірімі өте жақсы студенттерге немесе
курстық жұмыс ретінде семестр соңында кез-келген
қосымша жұмыс жасағысы келетін студентке беруге
болады.
Оқу құралына қосымша ретінде бейорганикалық
химиядан курстық жұмысты орындауға байланысты кейбір
нұсқаулар, лабораториялық жұмыстар үшін реактивтер
дайындау,
ІUPAC
бойынша
бейорганикалық
қосылыстардың номенклатурасының ережесі, керекті
анықтамалық
материалдар
мен
жалпы
және
бейорганикалық химия бойынша әдебиеттер тізімі
берілген.
Тарауларды бөлу:
Кіріспе және жалпы химия бөлімдерін-химия
ғылымдарының кандидаты Р.Г.Рысқалиева, ерітінділерді-
химия
ғылымдарының
кандидаты
А.И.Ниязбаева,
химиялық реакцияның жылдамдығы және химиялық тепе-
теңдік,
комплексті
қосылыстарды-профессор
Н.Н.Нұрахметов,
марганец
топшасын-профессор
М.Р.Танашева, күкірт, селен топшасын, хром топшасын
доцент - Г.В.Абрамова, азот, фосфор, күшән топшасы мен
ванадий топшасын профессор - Г.С.Қуанышева, көміртек,
кремний, германий және титан топшаларын-профессор
М.М.Бүркітбаев, бор, алюминий галий топшасы мен
скандий топшасын-доцент Ж.Е.Жакупова, темір үштігі мен
платина металдарын-доцент Б.Д.Балғышева, сілтілік
металдар мен мыс топшасын-профессор К.К.Токсеитов,
берилий, магний, сілтілік-жер металдар, мырыш
топшасын- доцент С.М.Романова жазған.
11
Практикумды құрастырған авторлар ұжымы осы
практикумды баспаға дайындауда көп көмек көрсеткен
бейорганикалық химия кафедрасының қызметкерлері
И.В.Сергееваға, Г.В.Таранинаға, х.ғ.к. С.С.Крученкоға
шексіз алғыстарын білдіреді.
Ескертулер мен ұсыныс-пікірлер ізгілік ниетпен
мына адрес бойынша қабылданады:
480012, Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 95 А,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия
факультеті, бейорганикалық химия кафедрасы.
І
БӨЛІМ.
ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ
ЖҰМЫСТАР
ТЕХНИКАСЫ
1.1.
Лабораторияда
жұмыс
жасаудың
жалпы
ережелері
1.1.1. Жалпы жағдайлар
Бейорганикалық
химиядан
лабораториялық
жұмысты
бастамас
бұрын
студенттер
алдымен
лабораториялық жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен
танысып, арнайы параққа қол қоюлары керек. Бұдан басқа
12
әрбір лабораториялық жұмысты жасар алдында оқытушы
қосымша қауіпсіздік шараларын айтып түсіндіреді.
Әрбір студенттің лабораториялық жұмыс істейтін
тұрақты орны болады. Егер студент әрбір жұмыстың
теориялық негіздерін түсініп жасаса, сонда ғана химиялық
лабораторияда жұмыс істеудің нәтижесі болады. Осыған
байланысты әрбір лабораториялық жұмысты істеуге
жұмыстың мазмұнымен танысқан, сол жұмысқа сәйкес
оқулықтан және лекцияда жазғандарынан білетін
студенттер ғана жіберіледі.
Химиялық лабораторияда жұмыс істеу кезінде
жүгінетін негізгі ережелер:
1.Әрбір лабораториялық жұмыс алдында студенттер өз
бетінше сол тақырыпқа қатысты теориялық материалмен
жұмыс істеулері керек. Сонда ғана лабораториялық жұмыс
пайдалы да нәтижелі болады.
2.Жұмыстың мақсаты белгілі болғанша, жұмысқа керекті
құрал-жабдықтарды (ыдыстар, аспаптар, реактивтер)
түгендеп алмайынша жұмысты бастауға болмайды.
Жұмысқа тек оның сипаттамасымен танысқаннан кейін
және түсініксіз сұрақтарды мұғалімнен сұрап алғаннан
кейін ғана кірісу керек.
3.Жұмыс істегенде нұсқауда көрсетілген операциялардың
реті мен жүйелілігін дәл сақтау керек.
4.Нұсқаудың осы бөлімінде берілген қауіпсіздік техникасы
туралы барлық қауіпсіздік шараларын сақтау керек. Тіпті
қарапайым химиялық операцияларды ұқыпсыз орындау
қолайсыз жағдай тудыруы мүмкін екенін есте сақтаған
жөн.
5.Барлық лабораториялық жұмыстарды мүмкіндігінше
мұғалімнің көрсетуі бойынша 3-5 адамнан топ болып
орындауға және жеке-жеке орындауға болады.
6.Берілген
лабораториялық
жұмысқа
дайындалған
реактивтерді қолдану керек. Жалпылама қолданылатын
13
реактивтерді және концентрлі қышқыл мен сілті
ерітінділері құйылған ыдыстарды жұмыс орнына алып
кетпеу керек. Әрбір затты немесе реактивті қолданғаннан
кейін орнына қою қажеттігін ұмытпаған жөн.
7.Реактивті қолданар алдында ыдыстың этикеткасын
мұқият
оқу
керек.
Этикеткада
атынан
(немесе
формуласынан) басқа оның тазалық көрсеткіші болады
"техникалық" (техн), "таза" (т), "анализ үшін таза" (аүт),
"химиялық таза" (х.т). Ерітінділер бар ыдыстардың
этикеткаларында ерітінділердің концентрациясы жазылып
тұру керек. Егер реактиві бар ыдыста этикеткасы немесе
жазуы болмаса, оларды мұғалімнің рұқсатынсыз қолдануға
болмайды.
8.Лабораторияда әрбір студентке белгілі орын берілуі
керек. Жұмыс кезінде жұмыс үстелінде тек қана керекті
аспаптар, реактивтер және лабароториялық журнал ғана
болғаны дұрыс. Жұмыс орнын ыбырсытуға болмайды.
Сөмкелер, кітаптар және басқа заттарды үстелдің
тартпасына салған жөн. Студент жұмыс орнындағы
тәртіпті сақтап, үстелін таза ұстау керек. Егер қандай да
бір зат жұмысқа керек болмаса, оны жинап тастаған жөн.
Егер лабораториялық үстелде бір нәрсе төгілген, не
шашылған болса, үстелді дереу сүрту керек (егер қажет
болса жуу керек).
9.Зиянды заттармен барлық жұмыстарды тарқыш шкафтың
астында орындау қажет. Концентрлі қышқылдар мен
сілтілерді тартқыш шкафтың астында құйып алу керек.
Реактивтерді, газ, су, электр энергиясын ұқыпты жұмсаған
жөн. Тәжірибені жүргізу үшін заттардың аз мөлшерін алу
керек, бұл тек үнемдеу үшін ғана емес, сонымен бірге
қоршаған
ортаны
артық
қалдықтармен
ластаудан
сақтайды. Қолданылмаған реактивтерді сол ыдысқа кері
құюға болмайды. Оларды тастау немесе төгу керек. Бұл
үнемдеу талабын орындау керек дегенге қайшы ереже,
14
себебі ол реактивтердің ластану мүмкіндігін жояды, яғни
жұмысты осындай жағдайлар сирек болатындай етіп
жоспарлау керек. Кейбір қымбат тұратын реактивтер бұған
жатпайды, олардың қалдықтарын лаборантта болатын
арнайы ыдыстарға жинайды.
10.Реактивті қолданғаннан кейін ыдысты тығынмен
жауып, орнына қою керек.
11.Құрғақ реактивтерді ылғи таза және құрғақ болатын
кәрлен, металл, шыны қасықтармен алу керек. Қолданып
болған соң оларды жақсылап сүрту керек (сүзгі қағазымен
сүрткен жөн).
12.Егер реактивті тамшуырмен алса, онда сол тамшуырмен
оны жумай басқа ыдыстан реактив алуға болмайды.
13.Ыстық аспаптар мен ыдыстарды үстелге емес, арнайы
қойғышқа қою керек.
14.Құрылғыларда газдың азайып кетпеуін мұқият
қадағалаған жөн (иісі сезіледі). Газдың азая бастағанын
байқасаңдар дереу лаборантқа немесе мұғалімге айтыңдар.
15.Барлық тәжірибені халат киіп жасау керек. Ұзын
шашты орамал астына жинап қойған дұрыс.
16.Лабораториялық жұмыс кезінде тыныштық пен тәртіп
сақтау керек.
17.Лабораторияда тамақ ішуге, темекі тартуға болмайды.
18.Тәжірибені
жасап
болысымен
лабораториялық
журналға байқағандарың мен реакция теңдеулерін жазып
алыңдар.
19.Лабораториялық жұмыс біткен соң студент химиялық
ыдысты жуып, жұмыс орнын ретке келтіріп, лабораторияға
жауапты адамға тапсыруға міндетті.
1.1.2. ХИМИЯЛЫҚ ЛАБОРАТОРИЯДА ЖҰМЫС
ІСТЕГЕНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНАН
СТУДЕНТТЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН МІНДЕТТІ
ТАЛАПТАР
15
Химиялық
лабораторияда
тәжірибе
жүргізгенде
жарақат алып қалмас үшін, қауіпсіздік техникасын
қатаң сақтау керек.
1.Реактивтерді пайдаланар алдында олардың отқа
қауіптілігі, улылығы, басқа реактивтермен жарылғыш
қоспа түзуге бейімділігі сияқты негізгі қасиеттерін білу
керек
2.Күшті иісі бар және улы заттармен, қышқылдар мен
сілтілердің
концентірлі
ерітінділерімен,
сілтілік
металдармен барлық жұмыстарды тартқыш шкафта
жүргізген жөн.
3.Тартқыш шкафта жұмыс істегенде оның есігін 1/5 1/4
биіктікке көтеріп, жұмыс біткен соң оны тығыз жабу
керек.
4.Тәжірибені қауіпті заттармен алғаш немесе қайталап
жасау, оған жұмыс мұғалімнің рұқсатын алған соң
жіберіледі.
5.Мұғалімнің рұқсатынсыз заттың қасиетін зерттеуге және
химиялық ыдыстан су ішуге болмайды.
6.Тәжірибелерді лас ыдыста орындауға тиым салынады.
7.Мұғалімнің
көрсетуінсіз
ешқандай
қосымша
тәжірибелерді жүргізуге болмайды.
8.Ыдысқа жақын еңкейіп, бөлінетін газды иіскеуге
болмайды. Газдардың иісін тексергенде сынауықты
жартылай созылған сол қолға ұстап, саңылауы мұрын
деңгейінен төмен (1-сурет(
16
болатындай етіп оң қолмен өздеріңе
ауаның әлсіз ағынын бағыттау керек.
Күкіртсутекпен,
хлормен,
броммен
уланғанда зардап шеккен адамды ауаға
шығару керек.
9.Сынап булары өте зиянды. Сондықтан
сынапты мұқият шаңсорғышпен немесе
амальгамданған таяқшамен жинап алып,
сынап төгілгендігі туралы міндетті
түрде мұғалімге хабарлаңдар.
1-сурет.
Газ
иісін анықтау
10.Сутек, жарқырауық газ, бензин, эфир
сияқты отқа қауіпті заттарды оттан алыс
ұстау керек.
11. Ашық ыдысты ешқашан бетіңізге жақын ұстамаңдар.
Кейбір заттардың жағымсыз иісі болады, ал олардың
булары көздің, мұрынның, ауыздың шырышты қабатын
зақымдауы, тіпті уландыруы мүмкін. Заттың иісін
анықтағанда терең дем алмаңдар және ыдысқа өте
еңкеймеңдер: ыдысты 15-20 см қашықтықта ұстаңдар және
жоғарыда айтылғандай алақанның жеңіл қозғалысымен
ауаны ыдыс аузынан мұрынға бағыттаңдар.
12.
Реактивтерді
құйғанда
бөлшектердің
шашырандысының бетке немесе киімге тиюінен сақтану
үшін ыдыс үстіне еңкеймеңдер. Егер қышқыл немесе сілті
теріге тисе, оны бірінші бейтараптау керек, содан кейін
судың көп мөлшерімен жуу керек.
13.
Қыздырылатын сұйықтығы бар ыдыстың үстіне
еңкеймеңдер, себебі оның шашырауы мүмкін.
14. Сынауықты қыздырғанда оның саңылауын өздеріңе
қаратып немесе адамдарға қаратып ұстамаңдар.
15. Ішінде
сұйықтық бар химиялық стаканды бір
орныннан
екінші
орынға
ауыстырғанда
стаканды
орамалмен ұстау керек.
17
16. Кипп аппаратымен жұмыс істеу ерекше сақтықты талап
етеді, себебі аппаратпен дұрыс жұмыс істемесе жарылыс
болуы мүмкін. Сондықтан осы аппаратпен жұмыс істемес
бұрын мұғалімнен міндетті түрде нұсқау алып, Кипп
аппаратының сипаттамасын жақсылап оқып алу керек.
Кипп аппаратымен жұмыс істегенде мынандай қауіпсіздік
ережелерін есте сақтаған жөн:
а) аппаратқа жақын жерде жанып тұрған жанарғыны
ұстауға немесе оны жақындатуға болмайды.
б) сутекпен жұмыс істеуді бастар алдында (мырышқа
қышқылмен әсер еткенде) аспаптан атмосфераға үш рет
ауаны шығарып, одан соң газдың тазалығын тексеру
қажет. Бұл үшін сынауықты төмен қаратып, оған сутек
толтырып алу керек (неліктен сынауықты төмен қарату
керек?). Осыдан кейін сынауықты тығынмен жауып,
жанып жатқан жанарғыға әкеліп, тығынын ашу керек. Егер
жаққанда ысқырған дыбыс шықса, онда сутектің
құрамында ауадағы оттек болғаны. Егер бөлінген сутек
таза болса, онда әлсіз дыбыс шығады. Тәжірибені сутек
таза болғанша қайталау керек. Осыдан кейін ғана сутекпен
жұмыс істеуге болады.
17. Концентрлі
күкірт
қышқылының
ерітінділерін
сұйылтқанда, оны суға (керісінше емес) құю керек.
Қышқылдармен резеңке қолғап киіп жұмыс істеген дұрыс.
18. Қатты сілтілерді алдын-ала есептелінген су көлеміне
жаймен құю арқылы еріту керек. Күйдіргіш калий мен
натрийдің қатты кесектерін таза матаға орап ұсақтау керек.
19. Ашық жалынмен жұмыс істегенде (газды және спиртті
жанарғылар) отқа қауіпті сұйықтары бар ыдыстарды
жалыннан 1 м қашықтықта қою керек.
20. Бір ыдыстан екінші ыдысқа тез тұтанатын сұйықтарды
(бензин, спирт, эфир және т.с.с.) ашық жалыннан 3 м - ден
кем емес қашықтықта ұстау керек.
18
21. Концентрлі азот қышқылы кейбір органикалық заттарға
әсер еткенде (скипидар, эфир майлары, майланған қағаз,
ескі-құсқы нәрсе, ағаш ұнтақтары және т.с.с.) тұтанатынын
есте ұстау керек.
22. Кейбір
заттардың ерітінділерінің электролитінде
барлық электрлік жанасу жақсы бөлектенген болуы керек,
себебі ұшқынның пайда болуы сутек жарылысын тудыруы
мүмкін.
23. Газды
жанарғылармен жұмыс істегенде ерекше
ұқыптылық керек. Лабораториядан шыққанда газды
жанарғылардың шүмектері жабық па, жоқ па екенін
тексеру керек.
24. Отқа қауіпті және жарылғыш заттар қалдықтарын
(сілтілік металдар, қызыл және ақ фосфор, күкірткөміртек,
жанғыш оңай тұтанатын сұйықтар және сол сияқтылар)
құбырға төгуге болмайды. Мұның бәрін мұқият жинау
қажет.
25. Қышқыл және сілті ерітінділерін құбырға төгуге
болмайды. Лабораторияда пайдаланылған сұйықтарды
төгуге арналған арнайы ыдыс болу керек.
26. Сілтілік металдар (литий, калий, натрий) неғұрлым
активті заттар екенін естеріңде сақтаңдар. Олармен жұмыс
істегенде ерекше ұқыптылық керек. Массасы 2 г-ға дейін
сілтілік металдар қалдықтары оларды этил спиртінде еріту
жолымен жойылады.
27. Сілтілік металдардың қалдықтары мен сынықтарын
жинауға
болмайды.
Барлық
сілтілік
металдар
сусыздандырылған керосиннің астында шыны ыдыста
сақталуы керек.
28. Жанатын сұйықтар немесе басқа заттар тұтанған
жағдайда жанарғыны дереу сөндіріп электр қыздырғыш
аспаптарды өшіріп, өртке қауіпті жанғыш заттарды басқа
жерге қойып сөндірудің мынадай шараларын жасау керек:
19
а) Жанғыш сұйықтарды талшықтас немесе кәдімгі
көрпешемен немесе құммен жауып тастау керек.
б) жанған фосфорды ылғал құммен немесе сумен өшіру
керек.
29. Киім жанғанда жалынды көрпеше немесе пальтоға орап
өшіру керек. Жүгіруге болмайды.
30. Егер электр сымы жанса, дереу ажыратқышты өшіріп,
өртті қолда бар заттармен сөндіру керек (құм, су,
талшықтас көрпешесі, от сөндіргіш).
31. Лабораторияда тіпті өздеріңе белгілі заттардың да
дәмін татып көрмеңдер (соның ішінде ас тұзын, қантты).
Техникалық мақсатқа арналған бұл заттардың құрамында
адамға улы қоспалар болуы мүмкін.
32. Егер сендер шыны ыдыста бір нәрсені қыздарған
болсаңдар, аспап дайындау үшін түтікті майыстырсаңдар,
жалаң қолмен шыныны ұстауға асықпаңдар: ыстық шыны
сыртқы
түріне
қарағанда
суық
шыныдан
еш
айырмашылығы жоқ.
33. Лабораториядан шыққанда, әрдайым газды, жарықты,
суды өшіруді ұмытпаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |