Бейорганикалық


  АЛҒАШҚЫ ДӘРІГЕРЛІК ЖӘРДЕМ КӨРСЕТУ



Pdf көрінісі
бет2/28
Дата28.03.2020
өлшемі2,92 Mb.
#60943
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
PRAKTIKUM KAZ


1.1.3  АЛҒАШҚЫ ДӘРІГЕРЛІК ЖӘРДЕМ КӨРСЕТУ 
ЕРЕЖЕЛЕРІ 
1.Күйіп  қалған  жағдайда  (жанарғы  жалынымен  немесе 
қыздырылған 
заттармен) 
күйген 
жерді 
калий 
перманганатының концентрлі ерітіндісімен сулап, тіпті сол 
жерге  тері  күрең  болғанша  калий  перманганатының 
түйірлерін сеуіп қою керек. 
2.Қатты күйіп қалса, дәрігерге көріну керек.  
3.Күкіртсутекпен,  хлормен,  бром  буымен,  көміртек  (ІІ) 
оксидімен  уланғанда  зардап  шеккен  адамды  таза  ауаға 
шығарып, дереу дәрігер шақырту керек.  

 
20 
4.Егер  теріге  концентрлі  қышқыл  немесе  сілті  тисе,  онда 
зақымдалған  жерді  дереу  судың  көп  мөлшерімен  жуып, 
қышқылмен күйген жағдайда 5% сода ерітіндісімен немесе 
аммиактың  сұйытылған  ерітіндісімен,  ал  сілтімен  күйген 
жағдайда сұйытылған 2% сірке қышқылының ерітіндісімен 
жуып,  одан  соң    терінің  зақымдалған  бөлігі  сусымалы 
болып тұрғандығы кеткенше сумен шайқайды.  
5.Абайлап  және  ұқыпты  жұмыс  істеу  қолды  шынымен 
кесіп  алудан,  ыстық  заттармен  және  концентрлі 
қышқылдар  мен  сілтілермен  күйіп  қалудан  сақтайды. 
Сынауықтарды  және  құтыларды  қыздырғанда  саңылауын 
өздеріңе  немесе  жандарыңда  жұмыс  істеп  тұрған  адамға 
қаратып  ұстауға  болмайды,  реакция  жүріп  жатқан  ыдыс 
саңылауының үстіне еңкейіп қарауға болмайды.  
6.Ыстық қондырғыларға тиіп кетіп, күйіп қалған жағдайда, 
күйген жерді 2% калий перманганатының ерітіндісі немесе 
3%-ті таннин ертіндісі сіңірілген дәкемен жабу керек. 
7.Қолды  шынымен  кесіп  алған  жағдайда  ең  бірінші 
сынықтарын 
алып 
тастап, 
қанды 
2% 
калий 
перманганатының  ертіндісімен  немесе  спиртпен  жуып, 
жараға  иод  тұнбасын  жағып,  дәкемен  орап  тастау  керек. 
Керекті  дәрігерлік  заттар  әрдайым  лабораториядағы  дәрі 
сақтайтын қобдишада болады. 
 
1.2. 
ЭКСПЕРИМЕНТТІК БЕРІЛГЕНДЕРМЕН  
ЖҰМЫС ІСТЕУ 
1.2.1. Өлшеу нәтижелерін жазу 
    Кез  келген  тәжірибе  нәтижесінде  сапалық  және  сандық 
белгілер  алынады.  Сапалық  белгілерді  қолдана  отырып 
(түс  өзгеруі,  температура,  тұнба  түзілуі  немесе  еру  және 
т.с.с.),  бұрыннан  белгілі  ғылыми  теорияларды  растайтын 
қорытындыға келеді.  
Сандық  берілгендер  кейбір  факторлар  өзгергенде  қандай 
да  болмасын  қасиеттер  қалай  өзгеретінін  көрсететін  сан 

 
21 
түрінде  алынады:  мысалы  температураны  көтергенде 
ерігішік 
қалай 
өзгереді, 
тұз 
концентрациясын 
жоғарлатқанда ерітіндінің рН қалай өзгереді және т.с.с.  
Сандық 
тәжірибелердің 
белгілерін 
математикалық 
өңдеуден  кейін  график  түрінде  береді  немесе  жүйенің 
берілген  параметрінде  (мәннің  кейбір  аралығында) 
қасиеттерін  дәл  анықтауға  мүмкіндік  беретін  (немесе 
оқылатын 
жүйенің 
кез-келген 
басқа 
параметрі) 
формулаларымен өрнектейді.  
Жұмыстар мен тәжірибелерді қандай да бір сұраққа жауап 
беру  үшін  қояды.  Осыған  байланысты  кез  келген 
лабораториялық  жұмысқа  лекциялар  мен  оқулықтар 
бойынша алдын-ала жақсылап дайындалу керек. Жұмысты 
бастар  алдында  жұмыс  журналында  міндетті  түрде 
тәжірибенің нақты жоспары болғаны дұрыс. 
 
1.2.2. ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖУРНАЛ 
 
Орындалған  жұмыстар  мен  жеке  тәжірибелерді 
лабораториялық 
журналға 
жазады. 
Жазуды 
жеке 
қағаздарға  жазуға  болмайды,  себебі  олар  жоғалып  қалуы 
мүмкін немесе бұл көшіріп отыруды қажет етеді, сонымен 
бірге  ұқыпсыздыққа үйретеді.  Әрбір  студентте  тәжірибеге 
дайындалғанда,  оны  орындағанда,  есептеулер,  графиктер, 
есептер  шығару  және  жасалған  жұмысқа  есеп  беру  үшін 
жазулар  жүргізгенде  жеке  өзінің  жұмыс  журналы  болуы 
керек. 
Жұмыс  журналына  жазудың  мынадай  ретін  ұсынуға 
болады. 
1.Жұмыс жасалған күні. 
2.Тәжірибенің аты. 
3.Тәжірибенің мақсатын сипаттау.  
4.Қысқаша теориялық мәлімет.  
5.Тәжірибені жүргізу жағдайы. 

 
22 
6.Алдын-ала есептеулер.  
7.Есептеулерге керекті формулалар мәліметі. 
8.Қондырғылар сызбанұсқасы. 
9.Өлшемдер  мен  алғашқы  есептеулерді  үзбей  жазу  үшін 
кестелер (алдын-ала дайындалады).  
10.Өлшеулер нәтижелері мен графиктер.  
11.Тәжірибенің нақты сипаттамасы.  
12.Есептеулер.  
13.Есептеулер нәтижелері мен кестелер және графиктер.  
14.Қорытынды.  
15.Жасалған 
жұмыс 
туралы 
қысқаша 
есеп. 
Лабораториялық журналды мұғалім тексеріп тұрады. 
  
Тапсырманы  орындауға  кірісер  алдында,  берілген 
нұсқаудан өте мұқият жұмыстың сипаттамасын оқып шығу 
және  кесте  дайындау,  өлшеулерді  жазу,  қондырғылар 
сызбанұсқасының  суретін  салу  немесе  аспаптарды  қосу 
реті  туралы  жасалатын  тәжірибенің  қысқаша  жоспарын 
құру  керек.  Сызбанұсқа  сонымен  бірге  тәжірибе  барысы 
туралы  жазуларда  және  есеп  беруде  өте  маңызды. 
Тәжірибені аспапты немесе қондырғыны жинағаннан кейін 
және  барлық  керекті  реактивтерді  дайындағаннан  кейін 
бастау  керек.  Мұнда  берілген  оқу  құралында  суреттелген 
тапсырманы орындау ретін сақтау қажет. Бірақ егер сендер 
тәжірибені  жүргізу  жолын  өзгертуге  қатысты  өздеріңнің 
кейбір  ойларың  болса,  оны  мұғаліммен  ақылдасып, 
кеңесуге  болады.  Сендердің  ұсыныстарыңды  бірігіп 
талқылағаннан  кейін  олар  біртұтас  болып  көрінуі  мүмкін 
және 
мұғалімнің 
рұқсатымен 
сендер 
тәжірибені 
өзгертулеріңе  болады.  Әрбір  тәжірибеде  жасалған 
операцияларды,  болған  құбылыстарды  және  алынған 
сандық нәтижелерді дереу жазып отыру өте маңызды және 
содан  кейін  ғана  нәтижелерді  өңдеуді  жүргізу  керек. 
Сандарды  жазу  ыңғайлы  болу  үшін  өлшем  бірлігінің 
жазылатын мәні 0,1 ден 1000-ға дейінгі аралықта болатын 

 
23 
ондық  көбейткішке  көбейеді.  Мәтіндегі  немесе  кестедегі 
сандарды  ешқашан  түземеңдер.  Дұрыс  емес  санды  сызып 
тастап,  қасына  дұрысын  жазыңдар,  барлық  жазулар  анық 
болу  керек.  Егер  тәжірибе  кезінде  ұқыпсыз  жазылған 
болса,  онда  сол  дәптерге  өңдеу  нәтижелері  үшін  кесте 
түрінде  қосымша  бағанаға    барлық  берілгендерді  жазу 
керек.  Байқаулар  нәтижелерін  бөлек  параққа  жазуға 
болмайды,  себебі  оны  көшіріп  отыру  көп  уақыт  алады. 
Көшіргенде қате жіберулерің мүмкін.  
 
1.2.3.Реактивтер және оларды қолдана білу 
Реактивтер  мен  олармен  жұмыс  істеу  туралы 
мыналарды есте сақтаған жөн: 
1.Реактивтерді ластанудан сақтау керек.  
2.Реактивтерді үнемдеп жұмсау керек. 
3.Реактивтер мен барлық ыдыстарда реактивтің және оның 
тазалық дәрежесі көрсетілген этикеткасы болуы керек.  
4.Жарық  әсерінен  өзгеретін  реактивтерді  тек  қана  сары 
немесе қоңыр ыдыста сақтау керек.  
5.Улы,  отқа  қауіпті  немесе  зиянды  заттармен,  концентрлі 
қышқылдар  мен  сілтілермен  жұмыс  істегенде  ерекше  сақ 
болу керек.  
6.Отқа  қауіпті  реактивтермен  оттан  және  қосылып  тұрған 
қыздырғыш аспаптардан алыс жұмыс істеу керек. 
 
1.3. Химиялық ыдыстар және басқа құрал-жабдықтар 
   Қазіргі  жағдайда  лаборатория  тәжірибесінде  химиялық 
ыдыстардың  және  лабораториялық  құрал-жабдықтардың 
көп  түрі  қолданылады.  Олардың  барлығын  суреттеу 
мүмкін  емес  және  ол  осы  оқулықтың  басты  мақсаты  да 
емес.  Сондықтан  біз  тек  бейорганикалық  химия 
лабораториясында  дәстүрлі,  кеңінен  қолданылатындарына 
ғана  тоқталамыз.  Олардың  сипаттамасы  мен  сызықтық 

 
24 
өлшемдері  көптеген  арнайы  басылымдарда  келтірілген 
(25(. 
 
 
1.3.1. Химиялық ыдыстар.  
 
1.3.1.1. Шыныдан жасалған химиялық ыдыстар 
Химиялық  лабораторияда  көбінесе  шыныдан 
жасалған  ыдыстар  қолданылады.  Өзінің  коррозияға 
тұрақтылығы, 
төзімділігі, 
мөлдірлігі 
және 
жылу 
кеңейткішінің  сызықты  коэффицентінің  салыстырмалы  аз 
болуына  байланысты  шыны  лабораториялық  ыдыстар, 
аспаптар  және  аппараттар  дайындау  үшін,  сонымен  бірге 
олардың  арасын  байланыстыратын  элементтер  ретінде 
бағалы  конструкциялық  материалдар  пайдаланылады. 
Шынының мөлдірлігі реакциялық ыдыстағы жүріп жатқан 
процестерді  үздіксіз  көруге  мүмкіндік  береді,  ал  шыны 
бетінің тегістігі ыдысты жууды жеңілдетеді. 
Шынының 
кемшілігі-оның 
сынғыштығы,  
температураның  кенет  ауытқуына  және  кейбір  агрессивті 
ортада  (сілтілердің  концентрлі  ерітінділері,  фосфор, 
фторсутек 
қышқылдары 
және 
кейбір 
басқалары) 
тұрақтылығының аздығы. 
  
Сынауықтарды  реактивтердің  аз  мөлшерімен 
жұмыс  істеу  үшін  қолданады.  Сынауықтардың  формасы 
мен  диаметрі  әртүрлі  пішінде  болады:  қарапайым 
цилиндрлі,  конус  тәрізді,  өлшемді  центрифугалы  және 
бүйіріне  иілген.  Жұмыс  істегенде  сынауықты  1/8-1/4 
көлемге дейін толтыру керек. Сынауықтағы реактив көлемі 
оның  жартысынан  аспауы  керек.  Сынауықты  спирт 
шамының үстінде қыздырғанда ұстағышпен немесе арнайы 
қысқышпен ұстап, жаймен ғана біркелкі температурада газ 
көпіршіктері  пайда  болғанша  қыздырады.  Одан  кейін 
сынауықты  спирт  шамы  жалынында  емес,  оның  жанында 
немесе  үстінде  ұстау  керек.  Мұнда  сынауықтың  ашық 

 
25 
жағы  тәжірибе  жасаушыдан  басқа  жаққа  қаратылып 
ұсталуы тиіс. 
 
Стақандар  қарапайым  химиялық  операцияларды 
жасауға  және  қосымша  ыдыстар  ретінде  қолданылады. 
Оларды  ішіндегісімен  ашық  жалында  немесе  электр 
плитасында  ашық  қыздыруға  болмайды.  Қыздыруды  тек 
қана  талшықтас  торы  арқылы  немесе  жылутасушы 
жылытқышта  (мысалы,  су  жылытқышында)  қыздыру 
керек.  Шыны  стакандарды  ерітінділерді  буландыру  үшін 
қолдануға  болмайды.  Сыртқы  ортаның  жағдайларынан 
қорғау  үшін  заттарды  өлшеуге  қолданылатын  қырналған 
стакандарды  шынышақша деп атайды.  
 
Лабораториялық  тәжірибеде  әртүрлі  өлшем  мен 
пішіндегі  құтылар  кеңінен  қолданылады.  Жазық  түпті, 
конус  тәрізді  (Эрленмейер  құтысы)  және  дөңгелек  түпті 
құтылар 
аналитикалық 
жұмыстарға, 
атмосфералық 
қысымда  қарапайым  операцияларға,  сұйықтарды  сақтауға 
және  т.с.с.  арналады.  Оларды  қабылдағыш  ретінде  айдау 
жұмыстарында  ғана  қолданады.    Конус  тәрізді  құтылар 
өзінің  формасына  байланысты  аз  булануды  қамтамасыз 
етеді,  сондықтан  да  оларды  заттарды  кристалдау  үшін 
қолданады. Жазық түпті құтыларды жоғары температурада 
және  төменгі  қысымда  жүргізілетін  жұмыстар  үшін 
қолдануға болмайды.  
 
Тубусты құтыларды әдетте (Бунзен құтысы) төменгі 
қысымда  сүзгенде  қабылдағыш  ретінде  қолданады. 
Оларды  қалың  қабатты  етіп  жасайды,  себебі  вакуум 
астында 
сүзгенде 
олар 
атмосфералық 
қысыммен 
жаншылуы мүмкін.  
 
Лабораториялық жұмыстар үшін қолданылатын 
құйғылар.  Жалпылама  қолданылатын  шыны  құйғылар 
лабораториялық, бөлектеп құятын, тамшылап құятын және 
сүзу үшін қолданылатын болады.  

 
26 
 
Конус тәрізді (конус бұрышы 60
0
) түрдегі кесілген 
ұзын  ұшы  бар  лабораториялық  құйғылар  бір  ыдыстан 
екінші  ыдысқа  сұйықтарды  құю  үшін  немесе  құтыға 
ұнтақтарды  салу  үшін  қолданылады.  Сұйықты  құтыға 
немесе  шөлмекке  құйғанда  құйғыны  шетіне  дейін 
толтыруға болмайды. Егер құйғы ыдыстың тығыз жанасып 
тұратын  болса,  құю  қиындатылады.  Мұндай  жағдайда 
құйғы мен ыдыстың  арасына қағаз тілімін салған дұрыс.   
 
Бөлектеп  құятын  құйғылар  (2  сурет)  экстракция 
кезінде 
араласпайтын 
сұйықтарды 
бөлу 
үшін 
қолданылады.  
 
Олар  цилиндрлі,  конус 
тәрізді,  алмұрт  тәрізді, 
шар  тәрізді  өлшеуір  және 
қысымды  теңестіру  үшін 
бүйір 
түтікті 
болады. 
Олардың  барлығы  төмен 
қаратылған 
қырналған 
шыны 
шүмектермен 
қамтамасыз етілген.  
2-сурет. 
Бөлектеп 
және 
тамшылатып 
құятын 
құйғылар 
Жұмысты 
бастардың 
алдында 
құйғыға 
су 
немесе  эфир      құйып,     
оның 
герметикалығын тексеру керек. Герметикалығы жеткіліксіз 
болса,  онда  шүмекті  қысады.  Бөлектеп  құятын  құйғыны 
толтырғанда 
бөлінетін 
сұйықтың 
көлемі 
жалпы 
сыйымдылықтың  2/3  көлемінен  аспау  керек.  Қырналған 
тығынмен  немесе  жіңішке  сабағымен  цилиндр  түріндегі 
тамшылап  құятын  құйғылар  (2  сурет) реакциялық  ыдысқа 
сұйықтарды аз мөлшерде ғана немесе 

 
27 
 
тамшылатып құюға арналған. 
Тамшылатқыштар(3-сурет). 
Сұйықтарды,  мысалы  индикатор 
ерітінділерін 
тамшылатып 
құю 
үшін 
тамшылатқыштар 
қолданылады. 
Хлоркальцийлі түтіктер (4 сурет). 
Бұл 
3-сурет.  
Тамшылатқыштар 
заттар  газ  ағындарынан    жеке 
газдарды 
және 
ылғалдарды 
селективті  қатты      жұтқыштардың     
көмегімен 
жұтуға  арналған.  Олар  U-тәрізді  бүйіріне  иілген  және 
иілмеген,  резеңке  тығынға  және  қырналған  тығынға 
арналып  және  т.б.  шығарылады.  Қатты  жұтқышты 
(мысалы, сусыз кальций хлориді) түйіршіктер түрінде иілу 
түтігінен  1-1,5  см  төмен  (немесе  түтіктің  соңына  дейін)  
салады. 
 
 
Газ  шығатын  және  кіретін 
жерлерде  жұтқыш  қабатын 
орнату  және  газ  ағынымен 
бөлшектердің  кетіп  қалуын 
болдырмау үшін шыны 
4-сурет.  
Хлоркальцийлі түтіктер 
мақтадан  кішкене  тампон 
салады. 
 
Тоңазытқыштар.  Зертханалық  шыны  тоңазытқыштар  (5 
сурет)  газдар  мен  буларды  суыту  және  конденсациялау 
үшін 

 
28 
 
қолданылады.  Қайнау  температурасы 
160

С-дан жоғары заттарды айдағанда 
ауа  тоңазытқышы  қолданылады.  Бұл 
жұқа  қабырғалы  шыныдан  тұратын 
диаметрі  10-20  мм  ұзын  түтік.  Түтікті 
ағаш  тығын  көмегімен  құтыға  бекітіп 
қоюға  болады.  Қайнау  температурасы 
160
0
  С-ға  дейінгі  заттарды  айдағанда 
әдетте  тіке  түтікті  төмен  түсетін  сулы 
тоңазытқыштарды  (Либих  сияқты) 
қолданады,   су    құбырынан   келетін  
5-сурет. а-тура 
түтікті, б-шар 
тәрізді 
тоңазытқыштар 
суытатын  су  суытқыштың  төменгі 
жағынан 
келеді 
және 
жоғарғы 
жағынан 
шығады.Мұнда 
жұмыс 
жасағанда 
суытқыштың 
сумен 
толтырылғанын 
және 
су 
ағыны 
тоқтамауын қадағалау  
керек.  Тоңазытқышты  таңдағанда  айдалатын  сұйықтың 
қайнау  температурасы  неғұрлым  төмен  болса,  соғұрлым 
тоңазытқыш ұзын болу керек екендігін ескерген жөн. 
 
Қайнау  температурасы  120
0
  С-ге  дейінгі  заттарды 
қайта  айдағанда  суытқыш  агент  су  болады,  ал  120  -  дан 
160
0
  С-ға  дейін  суытқыш  агент  ағын  су  емес.  Төмен 
температурада  қайнайтын  сұйықтарды  қайта  айдағанда 
суытқыш  қоспасы  ретінде  суытқыш  сұйық  қоспаны 
қолдануға болады (тұзды ерітінділер+мұз және басқалары) 
Ұшқыш  сұйықтарды  қыздырғанда  ішінен  және 
сыртынан  суытқыш  кері  тоңазытқыштардың  әртүрлі 
түрлерін  қолданады.  Тіке  түтікті  тоңазытқыштар  көбінесе 
төменге бағытталған болады.  
Шар тәрізді тоңазытқыштар сыртқы суытқышымен 4, 5, 
6 және 8 шармен сұйықты қыздыруда және қайнатуда кері 
тоңазытқыш  ретінде  қолданылады.  Суыту  бетінің 
үлкендігіне  байланысты  тиімділігі  бірдей  болғанмен  олар 

 
29 
ішкі  түтігінің    сфералық  дөңес  болуының  әсерінен  тіке 
тоңазытқыштан біршама қысқа.  
 
Сыртынан  суытылатын  спираль 
тәрізді  тоңазытқыштар  (6  а  сурет) 
көбінесе  тіке  тоңазытқыштар  сияқты, 
әсіресе жоғарыдан төменге түсетін тез 
ұшатын 
сұйықтардың 
буларын 
конденсациялау 
қажет 
болғанда 
қолданылады.  Ішінен  суытылатын 
спираль  тәрізді  тоңазытқыштарда                  
(6  б  сурет)  суытылатын  су  иректеме 
арқылы  ағады.  Тоңазытқыштардың 
бұл түрі кері  
6-сурет.  
Спираль  тәрізді 
тоңазытқыштар 
тоңазытқыш  ретінде  шар  тәріздіге 
қарағанда  тиімділігі  жоғары.Ішінен 
суытылатын  кері  тоңазытқыштар 
(6 в сурет)   төмен   бағытталған  және 
кері  
тоңазытқыштар ретінде қолданылады. 
Ылғалсорғыштар  (7-сурет)  ауадан  ылғалды  тез  тартып 
алатын 
заттарды  сақтау  және  кептіру  үшін 
қолданылады. 
Ылғалсорғыштарды 
қарапайым (шүмексіз) және вакуумды 
(шүмекпен) 
деп 
екіге 
бөледі. 
Ылғалсорғыштың  ішіне,  кептірілетін 
зат 
салынған 
ыдысты 
қоятын 
қораптың  тарылған  бөлігінің  үстіне 
тесігі  бар  кәрлен  ендірме  қояды. 
Кептірілетін зат кептіргіштің үстіндегі 
осы  ендірмеге  қойылады.  Кептіруді 
бөлме  
 
 
температурасында  жүзеге  асырады. 
Вакуум-ылғалсорғыштарда  су сорғыш 
7-сурет. 
Ылғалсорғыш 

 
30 
зат 
ретінде 
күкірт 
қышқылын 
қолдануға 
тиым  салынады.  Ылғалсорғыштардың  қырналған  бөлігіне 
вазелин  жағу  керек.  Оның  ішіндегі  ыстық  зат  суығанда 
аздаған  сиреу  пайда  болады  да,  қақпақ  қорапқа  тығыз 
жабысады. Сондықтан ылғалсорғышты ашу үшін алдымен 
қақпақты  бір  жағына  қарай  жылжыту  керек,  сонда  ол 
жеңіл ашылады.  
 
 
 
 
1.3.1.2. Өлшеуіш лабораториялық ыдыстар 
Сұйықтардың  көлемін  өлшеу  үшін  сыртында 
сыйымдылығы  көрсетілген  белгісі  бар  өлшеуіш  ыдыстар 
қолданылады.  Өлшеуіш  ыдыстарға  өлшеуірлер,  өлшеуіш 
құтылар,  тамшуырлар,  өлшеуіш  цилиндрлер,  өлшектер 
және  бөлікке  бөлінген  құтылар    жатады.  Өндірісте 
жасалынып  шығарылатын  өлшеуіш  ыдыстардың  дәл 
белгілері 
көрсетіледі 
және 
оның 
сыйымдылығы 
мемлекеттік стандартқа сәйкес келу керек.  
 
Өлшеуірлер  титрлеген  кезде  сұйықтардың  дәл 
көлеміін  өлшеуге  және  басқа  да  операциялар  жасауға  
қолданылады. Өлшеуірді жіңішке түтігі бар кішкене құйғы 
арқылы өлшеуірден ауаның еркін шығуына мүмкіндік бере 
отырып  сұйықпен  үстінен  толтырады.  Өлшеуірді  тұрғыға 
тігінен  орнатады.  Шүмегін  бір  қолмен  ашады  немесе 
жабады,  ал  екінші  қолмен  титрленетін  ерітіндіні 
араластыру үшін конус тәрізді құтыны шайқайды. 
 
Сұйықты  өлшеуді  әрқашан  нөлдік  бөліктен 
бастайды.  Есептеуді  жиектің  төменгі  шеті  бойынша 
жасайды,  ал  боялған  сұйықтар  үшін  есептеуді  дәлдігі 
төмен  болса  да  жиектің  жоғарғы  шеті  бойынша  жасайды. 
Жиекті анықтаған кезде көз өлшеуірдегі сұйықтың бетінің 
деңгейінде болу керек.  

 
31 
 
Жазық 
түпті 
өлшеуіш 
құтылар 
белгілі 
концентрациядағы  ерітінділерді  дайындауға,  ерітінділерді 
сұйылтуға, заттарды ерітуге және т.с.с арналған. Сұйықпен 
толтырылатын көлем құтының мойнында арнайы дөңгелек 
белгімен  шектелген.  20
0
С  кезіндегі  сыйымдылығы  оның 
бүйір  бетіне  жазылған.  Берілген  концентрациядағы 
ерітінділерді  дайындағанда  қатты  немесе  сұйық  күйдегі 
заттың  немесе  концентрлі  ерітінді  түрінде  құйғы  арқылы 
дистилденген  сумен  шайқалған  (немесе  сулы  емес 
ерітінділер  жағдайында  сәйкес  келетін  ерітіндімен) 
өлшеуіш  құтыға  құяды  да,  жартысынан  асыра  сумен 
(еріткішпен) толтырады да, шайқап мұқият араластырады.   
 
Құтыдағы  зат  толық  еріген  соң  сол  ерітіндінің 
температурасы  20
0
С-ға  жеткеннен  кейін  сақина  тәріздес 
белгіге дейін дәл толтырылады. 
 
Егер  еріту  кезінде  жылу  бөлінетін  болса,  онда 
құтыны  ерітіндісімен  бөлме  температурасына  дейін 
суытады. 
 
Құтыны  толтырғанда  оның  мойнындағы  иілген 
жиек дөңгелек белгіге тиіп тұруын қадағалау керек. 
 
Өлшеуіш 
құтыларда 
ерітінділерді 
сақтауға 
болмайды.  Өлшеуіш  құтыда  сұйытқаннан  кейін,  әсіресе 
сілті  ерітінділерін  дереу  шыны  ыдыстарға  құю  керек  те, 
өлшеуіш құтыларды жуып қою керек.  
Өлшегіш  тамшуырлар.  Тамшуырлар  сұйықтың 
белгілі көлемін дәл өлшеуге арналған. 
Тамшуырлар-тура  немесе  алмұрт,  шар,  цилиндр 
тәрізді  ортасы  кеңейтілген  әртүрлі  диаметрдегі  шыны 
түтіктер. 
Тамшуырлардың төменгі жағы созылыңқы болып келеді.  
Тамшуырлар сыйымдылығы 5, 10, 25, 50, 100 және 
200 
мл 
түрінде 
шығарылады. 
Сонымен 
бірге 
сыйымдылығы 0,1 және 0,2 мл, бөлу құны 0,001 және 0,002 
мл болатын микротамшуырлар бар. 

 
32 
Тамшуырларды  сұйықпен  толтыру  үшін,  оның  
ұшын  сұйыққа  салып,  резеңке  сорғышпен  немесе 
шприцпен  жоғарғы  белгісінен  асып  кеткенше  сорады. 
Одан  соң  тамшуырлардың  жоғарғы  жағын  тез  саусақпен 
жауып,  оның  саңылауын  менискінің  төменгі  белгісіне 
жеткенше саусақпен басуды жаймен бәсеңдетеді. 
Мұнда  тамшуырлардың  белгісін  көз  деңгейінде 
ұстау  керек.  Саусақпен  қаттырақ  басып,  тамшуырлардан 
сұйықтың  ағуын  тежейді.  Тамшуырлардың  ұшымен 
сұйықтық  алынатын  ыдыс  қабырғасына  жанасып,  дереу 
тамшуырларды  сұйықтық  құйылатын  ыдысқа  салады. 
Тамшуырларды ыдыстың үстіне тігінен ұстап тұрып, оның 
ұшын  ыдыс  қабырғасына  тигізіп,  сұйық  деңгейі  жаймен 
азаятындай  етіп,  ол  төменгі  белгіге  дейін  түскенше 
тамшуырдың 
жоғарғы 
ұшын 
саусақпен 
басуды 
бәсеңдетеді,  одан  соң  тамшуырдың  тесігіне  басуды 
күшейтіп, 15-25 сек  күтеді де,  соңғы тамшыны сілкілемей 
тамшуырды ыдыс қабырғасынан шығарады. 
Тамшуырлардың  тартылған  ұшындағы  сұйықты 
үрлеуге  болмайды  және  сұйықты  тез  құю  керек,  мұнда 
кейбір бөлігі тамшуыр қабырғасында қалып қояды. 
Өлшемді  өлшеуіш  цилиндрлер  сұйық  көлемін 
өлшеуге  арналған.  Олар  шүмекті  және  қырналған 
тығынмен,  пластмассалы  немесе  көлемді  шыны  түрінде 
болып шығарылады.  
Өлшектерді  сұйықтардың  көлемін  өлшеуге  және 
лай  сұйықтарды  тұндырып  қоюға  (тұнба  тарылған 
бөлігінде жиналады) қолданады. 
Өлшемді  өлшегіш  құтылар  аздаған  мөлшерде 
көлемді өлшеуге және химиялық операцияларды жүргізуге 
арналған.  Оларды  өлшеуіш  цилиндрлермен  бірдей 
қолдануға болады.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет